Дәрістін қЫСҚаша мазмұНЫ



бет36/43
Дата16.02.2023
өлшемі95.22 Kb.
#469628
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   43
1500411089690 ҚР Отбасы құқығы дәрістер жинағы

Неке қиюды мем-ік тіркеу кезінде ерлі-зайыптылардың тектерін жазу тәртібі
Бұл кезде некеге дейінгі тегін екінші жұбайының тегіне өзгертуге тілек білдірген жұбайға неке қию туралы акт жазбасныда ортақ тек ретінде таңдап алынған тегі көрсетіледі. Неке қию туралы акт жазбасын жасаған кезде бұрынғы тектерінде қалуға тілек білдірген ерлі-зайыптылардың тектері өзгертілмейді.
Өзінінң некеге дейінгі тегіне екінші жұбайының тегін қосып жазуға тілек білдірген жұбайға неке қию туралы акт жазбасында қосылатын тегі некеге дейінгі тегінен кейін сызықша арқылы жазылады.Ерлі-зайыптылардың тектерін таңдауы некеге отыру туралы бірлескен жазбаша өтініште көрсетіледі.
Неке қиюды мы мемлекеттік тіркеу тәртібі
Егере некеге отыратын адамдар(адамдардың біреуі) ауыр науқастануы салдарынан немесе басқа да дәлелді себеп бойынша тіркеуші органға келе алмайтын жағдайда, неке қиюды мем-ік тіркеу оның үйінде, мед-ық немесе өзге де ұйымда некеге отыратын адамдардың қатысуымен жүргізіледі.
Тіркеуші органның лауазымды адамы:
- некеге отыруға тілек білдіргені туралы берілген өтініштерді жария етеді;
- некеге отыратын адамдарға болашақ жұбайлардың құқықтары мен міндеттері түсіндіреді;
- некеге отыруға келісімді және жұбайлардың таңдаған тегі туралы шешімді анықтайды;
- неке қиюға кедергінің жоқ екендігін анықтайды;
- мемлекет атынан неке қию туралы белгіленген үлгідегі куәлікті тапсырады;
Неке қиюға кедергі болмаған кезде АХА жазу кітабына некеге отыратын адамдардың қолы қойылған және тіркеуші орган бастығының қолтаңбасымен және ілтаңбалы мөрімен бекітілген неке туралы жазба енгізіледі. Егер неке қиюға кедергі келтірілетін мән-жайлардың бар екенін растайтын айғақтары болса, тіркеуші орган неке қиюды мем-ік тіркеуден бас тартады. Тіркеуші органның неке қиюды мем-ік тіркеуден бас тартуына сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.
Неке қиюды салтанатты жағдайда мем-ік тіркеу некеге отыратындардың тілегі бойынша тіркеуші органдардың арнайы жабдықталынған үй-жайларында не арнайы осыған арналған мем-ік неке сарайларында жүргізіледі.
ҚР азаматтарының шетелдіктермен немесе азаматтығы жоқ адамдармен неке қиюын мем-ік тіркеу. ҚР тіркеуші органдарында ҚР қаңнамасына сәйкес жалпы негізде не некеге отыруға тілек білдірген адам азаматы болып табылатын шет мемлекеттің дипломатиялық өкілдігінде, консулдық мекемесінде жүргізіледі.
Шетелдікпен некеге отыру туралы өтініш берумен бір мезгілде шетелдік өзі азаматы болып табылатын мемлекеттің құзыретті органынан некеге отыруға рұқсатты, егер мұндай рұқсат алу шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес талап етілсе, ұсынуға тиіс.
Мұндай рұқсат болмаған кезде, тіркеуші орган өтінішіті қабылдау кезінде некеге отырушыларға және бірінші кезекте ҚР азаматына олардың некесі ол некеге отыратын адам азаматы болып табылатын елде жарамсыз болып танылуы мүмкін екендігін түсіндіруге тиіс.
Егер мұндай түсіндірілуге қарамастан, өтініш берушілер неке қиюды мем-ік тіркеуді талап етіп сұраса, бұл неке тіркеледі. ҚР азаматтарының оралмандармен некесін қиюды мем-ік тіркеу ҚР заңына сәйкес жалпы негізде жүргізіледі.
ҚР аумағында азаматтығы жоқ адаммен неке қию шарттары, егер ол адамның ҚР аумағында тұрақты тұрғылықты жері болса, ҚР заңнамасымен айқындалады.
ҚР шетелдік мекемесінде, дипломатиялық өкілдігінде және шет мемлекеттің шетелдік мекемесінде неке қиюды мемлекеттік тіркеу. ҚР аумағынан тыс жерлерде тұратын ҚР азаматтары арасындағы неке ҚР шетелдік мекемесінде қиылады. Егер ҚР заңына қайшы келмесе, ҚР аумағында шет мемлекеттің дипломатиялық өкілдігінде немесе консулдық мекемесінде шетелдіктер арасында қиылған неке ҚР жарамды деп танылады.
ҚР тыс жерлерде қиылған некені тану
ҚР тыс жерлерде ҚР азаматтарының арасында және ҚР азаматтары мен шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың арасында қиылған неке ол аумағында неке қиылған мемлекеттің заңнамасын сақтай отырып жасалса, Кодекстің 10 және 11-баптарында көзделген жағдайлардан басқа, ҚР жарамды деп танылады. ҚР тыс жерлерде шетелдіктер арасында қиылған неке ол аумағында жасаған мемлекеттің заңнамасын сақтай отырып қиылса, егер ол ҚР заңнамасына қайшы келмесе, ҚР жарамды деп танылады.
ҚР немесе ҚР тыс жерлерде қиылған некенің жарамсыздығы неке қию кезінде қолданылған ҚР заңнамасымен айқындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет