Дәрістін қЫСҚаша мазмұНЫ



бет39/43
Дата16.02.2023
өлшемі95.22 Kb.
#469628
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43
1500411089690 ҚР Отбасы құқығы дәрістер жинағы

Шетелдіктермен немесе азаматтығы жоқ адамдармен некені бұзуды мемлекеттік тіркеу
ҚР азаматтары мен шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар арасындағы некені, сондай-ақ ҚР аумағында шетелдіктер арасындағы некені бұзу ҚР заңына сәйкес жүргізіледі.
ҚР аумағынан тыс жерде тұратын ҚР азаматы ҚР тыс жерде тұратын жұбайымен некені оның азаматтығына қарамастан ҚР сотында бұзуға құқылы. Егер ҚР заңына сәйкес некені тіркеуші органда бұзуға жол берілген жағдайда, неке ҚР шетелдегі мекемесінде бұзылуы мүмкін.
ҚР азаматтары мен шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар арасында ҚР аумағынан тыс жерлерде тиісті шет мемлекеттің заңын сақтай отырып, жасалған некені бұзу ҚР жарамды деп танылады. Шетелдіктер арасында ҚР тыс жерлерде тиісті шет мемлекеттің заңнамасын сақтай отырып, жасалған некені бұзу ҚР жарамды деп танылады.
Некені бұзу туралы акт жазбасының маз мұны
Некені бұзу туралы акт жазбасына мынадай мәліметтер:
- бұрынғы ерлі-зайыптылардың әрқайсысының тегі бұзылғанға дейінгі және одан кейінгі, аты, әкесінің аты, туған күні, айы, жылы мен туған жері, жасы, азаматтығы, егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе, ұлты, тұрғылықты жері және заңды мекенжайы, білімі, табыс көзі немесе жұмыс орны, некенің саны туралы мәліметтер;
- неке қию туралы акт жазбасының жасалған күні, нөмірі және неке қиюды мем-ік тіркеу жүргізілген тіркеуші органның атауы;
- некені бұзуға негіз болып табылатын құжат;
- некенің тоқтатылған күні;
- некені бұзған адамдардың жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері;
- мемлекеттік бажды төлегені туралы мәліметтер;
- өтініш беруші туралы мәліметтер;
- некені бұзу туралы куәліктің сериясы мен нөмірі енгізіледі.
Некені бұзу туралы акт жазбасының негізінде белгіленген үлгідегі некені бұзу туралы куәлікті тіркеуші орган олардың өтініші бойынша некені бұзуды мем-ік тіркеу уақытына қарамастан, некені бұзу мем-ік тіркелген орны бойынша ерлі-зайыптылардың әрқайсысына береді.
Некені бұзу туралы куәлік
Некні бұзу туралы куәлік мынадай мәліметтерді:
- атын, әкесінің атын, тегін бұзылғанға дейінгі және одан кейінгі, туған күні, айы, жылы мен туған жері, азаматтығын, егер ерлі-зайыптылардың әрқайсысының жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса, ұлтын;
- некені бұзуды мем-ік тіркеуге негіз болып табылатын құжат туралы мәліметтерді;
- некенің тоқтатылған күнін;
- некені бұзу туралы актінің жасалған күні мен нөмірін;
- некені бұзу туралы куәлік берілген адамның атын, әкесінің атын, тегін;
- құжаттың берілген күнін және оны берген тіркеуші органның атауын;
- некені бұзу туралы куәліктің сериясы мен нөмірін қамтиды.
Егер неке сот тәртібімен бұзылса, некені бұзу туралы куәлікте некені бұзу туралы сот шешімінің заңды күшіне енетін күні көрсетілуге тиіс.
Бала асырап алуды тіркеу
Бала асырап алу соттың заңды күшіне енген бала асырап алу туралы шешімі негізінде бала асырап алу АХА жазу органдарында тіркеледі. Бала асырап алуды тіркеу бала асырап алу туралы сот шешімі шығарылған жерде жүргізіледі.
Бала алу туралы жазба бала асырап алудың күшін жою туралы немесе бала асырап алуды жарамсыз деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімі негізінде жойылады. Егер бала асырап алудың күші олардың өтініші бойынша жойылса, бала асырап алуды жою туралы өтінішті баланың ата-анасы, егер оның талап етуі бойынша бала асырап алудың күшін жою жасалса, қорғаншы немесе қамқоршы орган береді.
Бала асырап алуды мемлекеттік тіркеудің негізі
Бала асырап алу баланы асырап алу туралы заңды күшіне енген сот шешімі және баланың заңды өкілдерінің өтініші негізінде тіркеуші органда тіркеледі. Бала асырап алу баланың тууын тіркегеннен немесе оның туу туралы жоғалған акт жазбасын қалпына келтіргеннен кейін ғана жүргізілуі мүмкін. Бала асырап алу туралы акт жазбасына бала және бала асырап алушылар туралы мәліметтер соттың шешімінде көрсетілген мәліметтерге сәйкес енгізіледі.
Бала асырап алуды мем-ік тіркеу бала асырап алу туралы сот шешім шығарған, баланың туған немесе тұрған жері бойынша тіркеуші органда жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет