Дәрістін қЫСҚаша мазмұНЫ



бет41/43
Дата16.02.2023
өлшемі95.22 Kb.
#469628
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43
1500411089690 ҚР Отбасы құқығы дәрістер жинағы

Тіркеуші органдардың бала асырап алудың құпиясын қамтамасыз етуі
Тіркеуші органдардың қызметкерлері бала асырап алушының келісімінсіз бала асырап алу туралы қандай да бір мәліметті хабарлауға және бала асырап алушылар асырап алынған баланың ата-анасы емес екені олардың мазмұнынан көрініп тұратын құжатты беруге құқылы емес. Асырап алынған бала туралы мәлімет ҚР заңында белгіленген өз құзыреті шегінде мем-ік органдардың сұрау салуы бойынша ғана беріледі.
Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеу
16 жасқа толған және атын немесе әкесінің атын, тегін ауыстыруға тілек білдірген адамның жеке өтініші бойынша тіркеуші органдар жүргізеді. Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру мынадай дәлелді себептер:
1) атының, әкесінің атының, тегінің оғаш естілуі;
2) атының, әкесінің атының, тегінің айтуға қиындық келтіруі;
3) егер некені мем-ік тіркеу кезінде некеге дейінігі тектерінде қалса, жұбайымен ортақ текте болғысы келген жұбайдың тілегі;
4) егер неке бұзылған кезде бұл туралы мәлімдемесе, некеге дейінгі тегін алғысы келуі;
5) бұрынғы некеден туған балаларымен ортақ текте болғысы келуі;
6) жұбайы қайтыс болған жағдайда некеге дейінгі тегін алғысы келуі;
7) жұбайы қайтыс болған жағдайда өтініш беруші некеге дейінгі тегінде болғанда, балаларымен ортақ текте болғысы келуі;
8) өтініш беруші таңдаған ата-аналарының бірінің ұлтына (ата-анасының ұлты әртүрлі болған кезде) сәйкес келетін атты және текті алғысы келуі;
9) құжаттардағы атынан өзгеше, өмірде нақты қалыптасқан атын алғысы келуі;
10) егер некеге отырған кезде жұбайының тегі қабылданса, некеге дейінгі тегін алғысы келуі;
11) ұлттық дәстүрлерге байланысты әкесінің немесе атасының аты бойынша текте болғысы келуі;
12) өтініш берушіні іс жүзінде тәрбиелеген адамның тегі мен аты бойынша текті және әкесінің атын алғысы келуі;
13) жынысын хирургиялық жолмен өзгерткен кезде таңдаған жынысқа сәйкес келетін атты, әкесінің атын, текті алғысы келуі кезінде жүргізіледі.
Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мем-ік тіркеу орны
Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы өтініш тіркеуші органға өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша беріледі. Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы өтініш қанағаттандырылған жағдайда мем-ік тіркеу азаматтың тұрғылықты жері бойынша жүргізіледі.
Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы өтініш
Бұл өтініште мынадай мәліметтер:
- өтініш берушінің аты, әкесінің аты, тегі;
- таңдаған аты, әкесінің аты, тегі;
- атын, әкесінің атын, тегін ауыстырудың себептері көрсетілуге тиіс.
Атын, әкесінің атын,тегін ауыстыру туралы өтінішті қарауды тіркеуші орган ҚР жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы заңында белгіленген тәртіппен жүргізеді.
Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы өтінішке қоса берілетін құжаттардың тізбесі
Атын, әкесінің атын,тегін ауыстыру туралы өтінішке өтініш берушінің атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды өтінуіне байланысты себептерді растайтын мынадай құжаттар:
1) өтініш берушінің туу туралы куәлігі;
2) егер өтініш беруші некеде тұрса, неке қию туралы куәлік;
3) егер өтініш берушінің кәмелетке толмаған балалары болса, баланыі туу туралы куәліктері;
4) егер оларды тіркеуші органдар тіркеген болса, бала асырап алу туралы куәлік не әке болуды анықтау туралы куәлік;
5) егер өтініш беруші некені бұзуға байланысты өзіне некеге дейінгі тегін беру туралы өтініш жасаса, некені бұзу туралы куәлік;
6) өтініш берушінің екі фотосуреті қоса беріледі;
Қажет болған жағдайда, өтініш берушінің атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды өтінуіне байланысты себептерді растайтын қосымша құжаттар талап етіледі.
Тіркеуші органның атын, әкесінің атын, тегін ауыстырудан бас тартуына сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.
Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы акт жазбасының мазмұны
Бұндай акт жазбасына мынадай мәліметтер:
1) адамның мем-ік тіркеуге дейінгі және одан кейінгі аты, әкесінің аты, тегі;
2) туған күні, айы, жылы, туған жері;
3) азаматтығы, егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса, ұлты;
4) тіркелген жері, туу туралы акт жазбасның жасалған күні және нөмірі;
5) атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы жазбаның негізі;
6) жеке басын куәландыратын құжаттардың деректемелері;
7) мем-ік баждың төленгені туралы мәліметтер;
8) құжаттың берілген күні және оны берген тіркеуші органның атауы;
9) атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы куәліктің сериясы мен нөмірі енгізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет