Дәрістін қЫСҚаша мазмұНЫ



бет18/43
Дата16.02.2023
өлшемі95.22 Kb.
#469628
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   43
1500411089690 ҚР Отбасы құқығы дәрістер жинағы

Баланың ұлты
Баланың ұлты оның ата-аналарының ұлтымен айқындалады. Егер ата-аналарының ұлты әртүрлі болса, ұлты балаға жеке куәлік немесе паспорт берілген кезде оның қалауы бойынша әкесінің немесе шешесінің қай ұлқа жататынына сәйкес айқындалады. Одан әрі баланың ұлты оның өтініші бойынша тек қана ата-аналарының екіншісінің ұлтына өзгертілуі мүмкін.
Баланың мүліктік құқықтары
Баланың өзі ата-аналарынан және отбасының басқа да мүшелерінен осы Кодекстің 5-бөлімінде белгіленген тәртіппен және мөлшерде күтіп-бағу қаражатын алуға құқығы бар.
Жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар ұйымдарының басшыларын қоспағанда, балаға алимент, жәрдемақы ретінде тиесілі сомалар баланың ата-аналарының немесе басқа да заңды өкілдерінің билік етуіне түседі және олар осы сомаларды баланы күтіп-бағуға, білім беруге және тәрбиелеуге жұмсайды.
Баланың өзі алған табыстарға, өзі сыйға немесе мұрагерлік тәртіппен алған мүлікке, сондай-ақ оның өз қаражатына алынған басқа да кез келген мүлікке меншік құқығы бар.
Өз еңбегінен табыс алатын балаға, егер ол ата-аналарымен бірге тұрса, отбасын күтіп-бағу жөніндегі шығыстарға қатысуға құқылы. Баланың өзіне меншік құқығымен тиесілі мүлікке билік ету құқығы ҚР АК айқындалады.
Ата-аналар баланың мүлкін басқару жөніндегі құқықтылықты жүзеге асыру кезінде оларға осы Кодекстің 128-бабында белгіленген қағидалар қолданылады.
Бірге тұратын бала мен ата-аналар бір-бірінің мүлкін өзара келісім бойынша иеленіп, пайдалана алады. Ата-аналар мен баланың ортақ меншік құқығы туындаған жағдайда олардың ортақ мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы ҚР АК айқындалады.
Баланың өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау құқығы
Баланың өз құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуына құқығы бар.
Баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды ата-аналары немесе баланың басқа да заңды өкілдері, ал ҚР заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган, прокурор және сот, сондай-ақ ііо және өз құзыреті шегінде өзге де мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
Кәмелетке толғанға дейін ҚР заңына сәйкес әрекетке толық қабілетті деп танылған кәмелетке толмаған баланың өз құқықтары мен міндеттерін, оның ішінде қорғалу құқығын өз бетінше жүзеге асыруға құқығы бар.
Баланың ата-аналар және басқа да заңды өкілдер тарапынан жасалатын қиянаттан қорғалуға құқығы бар.
Баланың құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған кезде, оның ішінде ата-аналар немесе басқа да заңды өкілдер баланы күтіп-бағу, тәрбиелеу, оған білім беру жөніндегі міндеттерін орындамаған кезде не ата-ана (қорғаншылық, қамқоршылық) құқықтарын теріс пайдаланған кезде бала – қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға, ал 14 жасқа толғанда сотқа өз құқықтарын қорғау үшін өз бетінше жүгінуге құқылы.
Баланың өміріне немесе денсаулығына қауіп төнгендігі туралы, оның құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылғандығы туралы өздеріне белгілі болған мемлекеттік органдар мен ұйымдардың лауазымды адамдары және өзге де азаматтар бұл туралы баланың нақты тұратын жері бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға хабарлауға міндетті. Мұндай мәліметтер алынған кезде қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі қажетті шаралар қолдануға міндетті.
Баланың ата-анасымен және басқа да туыстарымен қарым-қатынас жасау құқығы
Баланың ата-анасының екеуімен де, аталарымен, әжелерімен, ағаінілерімен, апа-сіңлілерімен (қарындастарымен) және басқа да туыстарымен қарым-қатынас жасауға құқығы бар. Ата-анасы некесінің бұзылуы, оның жарамсыз деп танылуы немесе ата-анасының бөлек тұруы баланың құқығына әсер етпеуге тиіс. Ата-анасы бөлек тұрған жағдайда баланың олардың әрқайсысымен қарымқатынас жасауға құқығы бар. Ата-анасы әртүрлі мемлекеттерде тұрған жағдайда да баланың өз ата-анасымен қарым-қатынас жасауға құқығы бар. Өмірлік қиын жағдайға (ұсталу, тұтқындалу, қамауға алыну, емдеу мекемесінде болу және т.с.с) ұшыраған баланың заңда белгіленген тәртіппен өзінің ата-анасымен және басқа да туыстарымен қарым-қатынас жасауға құқығы бар.
Ата-аналардың құқықтары мен міндеттері
Ата-аналардың өз балаларына қатысты құқықтары тең және міндеттері (ата-ана құқықтары) тең болады. Осы тарауда көзделген ата-ана құқықтары балалары он сегіз жасқа (кәмелетке) толғанда, сондай-ақ кәмелетке толмаған балалар некеге тұрған кезде тоқтатылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет