Дәрістін қЫСҚаша мазмұНЫ



бет19/43
Дата16.02.2023
өлшемі95.22 Kb.
#469628
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   43
1500411089690 ҚР Отбасы құқығы дәрістер жинағы

Кәмелетке толмаған ата-аналардың құқықтары
Кәмелетке толмаған ата-аналардың баламен бірге тұруға және оның тәрбиесіне қатысуға құқығы бар.
Некеде тұрмаған, кәмелетке толмаған ата-аналар өздерінде бала туған жағдайда және өздерінің ана және әке болуы анықталған кезде олар 16 жасқа толған соң ата-ана құқықтарын өз бетінше жүзеге асыруға құқылы.
Кәмелетке толмаған ата-аналар 16 жасқа толғанға дейін қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган балаға қорғаншы тағайындайды, ол баланың кәмелетке толмаған ата-аналарымен бірге оны тәрбиелеуді жүзеге асырады. Баланың қорғаншысы мен кәмелетке толмаған ата-аналары арасында туындаған келіспеушіліктерді кәмелетке толмаған баланың және ата-аналарының мүдделері мен құқықтарын ескере отырып, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган шешеді.
Кәмелетке толмаған ата-аналардың жалпы негіздерде өздерінің әке және болуын тануға және оған дау айтуға құқығы бар, сондай-ақ өздері 14 жасқа толғаннан кейін сот тәртібімен өз балаларына қатысты әке болуды анықтауды талап етуге құқығы бар.
Ата-аналардың баланы тәрбиелеу және оған білім беру жөніндегі құқықтары мен міндеттері
Ата-аналар өз баласының денсаулығына қамқорлық жасауға міндетті. Ата-анлардың өз баласын тәрбиелеуге құқығы бар және осыған міндетті. Ата – аналардың барлық өзге адамдар алдында баласын тәрбиелеуге басым құқығы бар. Бала тәрбиелеуші ата-аналар оның дене бітімі, психикалық, адамгершілік жағынан және рухани дамуына қажетті өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін жауаптылықта болады.
Ата-аналар баласының міндетті орта білім алуын қамтамасыз етуге міндетті. Ата-аналардың бала жалпы орта білім алғанға дейін оның пікірін ескере отырып, білім беру ұйымын және баланың оқу нысанын таңдауға құқығы бар.
Баланың тәрбиесі мен білім алуына қатысты барлық мәселелерді баланың мүдделерін негізге алып және оның пікірін ескере отырып, өзара келісу арқылы ата-аналар шешеді. Ата-аналардың арасында келіспеушіліктер болған кезде, бұл келіспеушіліктерді шешу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға немесе сотқа жүгінуге құқылы.
Ата-аналардың баланың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі құқықтары мен міндеттері
Ата-аналар өз баласының заңды өкілдері болып табылады және арнайы өкілеттіктерсіз кез келген жеке және заңды тұлғаларға қатысты, оның ішінде соттарда оның құқықтары мен мүдделерін қорғайды.
Егер қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган ата-аналар мен баланың мүдделері арасында қайшылықтар барын анықтаса, ата-аналар өз баласының мүдделерін білдіруге құқылы емес. Ата-аналар мен баланың арасында келіспеушіліктер болған жағдайда, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган баланың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін өкіл тағайындауға міндетті. Егер ата-аналар балаға қатысты ата-ана құқықтарынан айрылған не олар шектелген жағдайда, баланың мүдделерін білдіруге құқылы емес.
Ата-ана құқықтарын баланың мүддесінде жүзеге асыру
Ата-ана құқықтары баланың мүдделеріне қайшы жүзеге асырылмауға тиіс. Баланың мүдделерін қамтамасыз ету оның ата-аналары жасайтын негізгі қамқорлықтың нысанасы болып табылады. Ата-ана құқықтарын жүзеге асыру кезінде ата-аналар баланың дене бітімі мен психикалық денсаулығына, оның адамгершілік жағынан дамуына зиян келтіруге құқылы емес. Баланы тәрбиелеу тәсілдері адамның қадір-қасиетін кемсітетін немқұрайлылықты, қатыгездікті, дөрекілікті, баланы қорлауды немесе қанауды болғызбауға тиіс.
Баласынан бөлек тұратын ата-ананың ата-ана құқықтарын жүзеге асыруы
Баласынан бөлек тұратын ата-ананың баласымен қарым-қатынас жасауға, оны тәрбиелеуге және баланың білім алуы мәселелерін шешуге қатысуға құқығы бар. Бала бірге тұратын ата-ана, егер мұндай қарым-қатынас жасау баланың дене және психикалық денсаулығына, оның адамгершілік дамуына зиян келтірмесе, баланың екінші ата-анасымен қарым-қатынас жасауына кедергі болмауға тиіс.
Ата-аналары бөлек тұрып жатқан жағдайда балалардың тұратын жері ата-аналарының келісімімен белгіленеді. Келісім болмаған жағдайда ата-аналардың арасындағы дауды балалардың мүдделерін негізге алып және балалардың пікірін ескере отырып сот шешеді. Бұл орайда сот баланың ата-аналардың әрқайсысына, аға-інілері мен апасіңлілеріне (қарындастарына) үйірлігін, баланың жасын, ата-аналардың адамгершілік және өзге де жеке қасиеттерін, ата-аналардың әрқайсысы мен баланың арасында орын алған қатынастарды, олардың дамыту және тәрбиелеу үшін балаға жағдай жасау мүмкіндігін (ата-аналар қызметінің түрі, жұмыс режимі, материалдық және отбасылық жағдайы және т.с) ескереді.
Ата-аналар баладан бөлек тұратын ата-ананың ата-ана құқығын жүзеге асыру тәртібі туралы жазбаша түрде келісім жасасуға құқылы. Егер ата-аналар келісімге келе алмаса, ата-аналардың (олардың біреуінің) талап етуі бойынша дауды қорғаншы және қамқоршы органның қатысуымен сот шешеді. Баласынан бөлек тұратын ата-ананың білім деру ұйымдарынан, медициналық және басқа да ұйымдардан өз баласы туралы ақпарат алуға құқығы бар. Ата-ана тарапынан баланың өмірі мен денсаулығына қатер болған жағдайда ғана ақпарат беруден бас тартылуы мүмкін. Ақпарат беруден бас тартуға сот тәртібімен дау айтылуы мүмкін.
Ата-аналардың басқа адамдардан балаларын талап етуге құқығы
Ата-аналар заң немесе сот шешімі негізінсіз баланы өз қолында ұстап отырған кез келген адамнан оны қайтаруды талап етуге құқылы. Дау туындаған жағдайда ата-аналар өз құқықтарын қорғау үшін сотқа шағымдануға құқылы. Бұл тараптарды қарау кезінде сот баланы ата-анасына беру баланың мүдделеріне сай келмейді деген қорытындыға келсе, баланың пікірін ескере отырып, ата-анасының талап-арызын қанағаттандырудан бас тартуға құқылы.
Егер сот ата-анасының да, бала қолындағы адамның да оның дұрыс тәрбие алуы мен дамуын қамтамасыз етуге жағдайы жоқ екендігін анықтаса, сот баланы қорғаншы және қамқоршы органның қамқорлығына береді.


10 апта дәріс - Ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеу нысаны. Қорғаншылық және қамқоршылық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет