Дәрістін қЫСҚаша мазмұНЫ



бет16/43
Дата16.02.2023
өлшемі95.22 Kb.
#469628
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   43
1500411089690 ҚР Отбасы құқығы дәрістер жинағы

Ата-ана құқықтарын шектеудің салдары
Сот ата-ана құқықтарын шектеген ата-аналар баланы жеке өзі тәрбиелеу құқығынан айырылады, ал осы Кодекстің 79-бабы 2 – тармағының 2)тармақшасында көзделген жағдайларда, балалары бар азаматтар үшін белгіленген жеңілдіктер мем мемлекеттік жәрдемақы алу құқығынан да айырылады.
Ата-ана құқықтарын шектеу ата-аналарды баланы күтіп-бағу жөніндегі міндеттерден босатпайды.
Өзіне қатысты ата-аналарының ата-ана құқықтары шектелген бала тұрғын-жайға меншік құқығын немесе тұрғын-жайды пайдалану құқығын сақтайды, сондай-ақ ата-аналарымен және басқа да туыстарымен туыстық фактісіне негізделген мүліктік құқықтарын, оның ішінде мұра алу құқығын сақтайды.
Ата-аналарының екеуінің де ата-ана құқықтары шектелген жағдайда бала қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның қамқорлығына беріледі.
Егер бұл балаға теріс әсер етпесе, сот ата-ана құқықтарын шектеген ата-аналарға баламен қатынасуға рұқсат етеді. Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның не қорғаншысының немесе қамқоршысының, баланың патронат тәрбиешілерінің немесе бала тұрып жатқан ұйым әкімшілігінің келісімімен ата-аналардың баламен қатынасуына жол беріледі.
Ата-ана құқықтарын шектеу салдарының күшін жою
Егер ата-аналардың құқытары шектелген негіздер жойылса, сот ата-аналардың талабы бойынша баланы ата-аналарына қайтарып беру туралы және осы Кодекстің 80-бабында көзделген шектеулер салдарының күшін жою туралы шешім шығарады. Егер баланы ата-аналарына қайтарып беру оның мүдделеріне қайшы келсе, сот баланың пікірін ескере отырып, талапты қанағаттандырудан бас тартуға құқылы.
Баланың өміріне немесе оның денсаулығына тікелеі қатер төнген жағдайда баланы айрып алу
Баланың өміріне немесе оның денсаулығына тікелей қатер төнген кезде қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган баланы ата-аналардан немесе оны қамқоршылыққа алған басқа да адамдардан дереу айырып алуға құқылы.
Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган сот шешімі қабылданғанға дейін республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының актісі негізінде баланы дереу айырп алады.
Баланы айырып алу кезінде қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган кешіктірмей прокурорға хабарлауға, баланы уақытша орналастыруды қамтамасыз етуге және республикалық маңызы бар бар қалалардың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы баланы айырып алу туралы актіні шығарғаннан кейін 7 күн ішінде ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру немесе шектеу туралы сотқа талап арызбен жүгінуге міндетті.
Баланы айырып алуға байланысты істер бойынша сот шешімдерін орындау
Баланы ата-аналарынан айырып алуға және оны басқа адамға беруге байланысты сот шешімдері қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган өкілінің және бала берілетін адамның міндетті түрде қатысуымен, ал қажет болған жағдайда ііо өкілінің қатысуымен мәжбүрлі түрде орындалатын болады.
Баланы оның мүдделеріне нұқсан келтірмей ата-анларынан айырып алу және оны басқа адамға беру туралы сот шешімін орындау мүмкін болмаған кезде, бала соттың ұйғарымы бойынша баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдарда уақытша орналастырылуы мүмкін.


9 апта дәріс - Баланың және ата-аналардың құқықтары мен міндеттері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет