5. қамқоршысына – қорғаншы және т.б. Отбасы құқығындағы құқықтық қабілеттілік пен әрекет қабілеттілік «Неке және отбасы туралы» ҚР жаңа заңы құқықтық қабілеттілік пен әрекет қабілеттілігі туралы заңды анықтама бермейді. Отбасы құқығында құқықтық қабілеттілік пен әрекет қабілеттілігі Азаматтық кодекстегі мағанада қолданылады. Азаматтық әрекет қабілеттілігінің өзгеруі отбасылық қатынасқа да тікелей әсер етеді. Азаматтық әрекет қабілеттілігінің шектелуі немес жойылуы отбасылық құқықтық қабілеттіліктің шектелуіне немесе жойылуына әкеледі. Осылайша, отбасылық құқықтық әрекет қабілеттілігі дегеніміз мүліктік және мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді иелену тәсілі. ҚР АК 13 бабының 2 бөліміне сәйкес азаматтық құқықтық қабілеттілік туған кезден бастап пайда болады. Отбасы құқықтық қатынасына қатысты құқықтық қабілеттілік туғанынан басталып, белгілі бір жасқа жеткенде кеңейе түседі. Отбасы құқығында құқықтық қабілеттілік құрамына кіретін құқықтық мүмкіндіктер көп түрлі. Мысалы некеге отыру, бала асырап алу, қамқоршы немесе қорғаншы болып тағайындалу қабілеттіліктері. Бұл қабілеттіліктердің барлығы белгілі бір жасқа жеткенге дейін құқық субъектісінің өзінің әрекетімен де, оның заңдық өкілімен де жүзеге асырылмайды. Отбасы құқығында құқықтық қабілеттілікті шектеуге бағытталған актілерді жүзеге асыруға тиім салатын жалпы заң жоқ. Тек Неке(ерлі-зайыптылық) және Отбасы туралы Кодексінің 41 бабының 3 бөлімінде неке шарты құқықтық қабілеттілік пен әрекет қабілеттілігін шектеуге жол берілмейтіндігі туралы айтылған. Жаңа Азаматтық Кодекс пен «Неке және отбасы туралы» ҚР Заңы қабылданғанға дейін отбасы құқығының пәні «неке, туыстық, асырап алу, баланы отбасына тәрбиелеуге алудан адамдар арасында пайда болатын жеке және мүліктік қатынастар» ретінде немесе отбасына қатысы және некедегі адамдар арасында пайда болатын мүліктік және оған байланысты туындайтын қатынастар ретінде анықталды. Жоғарыда аталған нормативтік актілерді қабылдағанан кейін отбасы құқығының пәнінің анықтамасында өзіндік өзгерістер болды.
Достарыңызбен бөлісу: |