Дәрістін қЫСҚаша мазмұНЫ


а) ата-аналар мен балалар (бірінші дәрежедегі туыстар)



бет5/43
Дата16.02.2023
өлшемі95.22 Kb.
#469628
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
1500411089690 ҚР Отбасы құқығы дәрістер жинағы

а) ата-аналар мен балалар (бірінші дәрежедегі туыстар);

ә) апалар, аталар мен немерелер, ағалар мен апайлар (екінші дәрежелі туыстар).

Туыстық фактісі азаматтық хал актілерінің жазбаларымен және оның негізінде берілетін куәлікпен бекітілуі керек. Туыстық заңдық тұрғыдан бекітілуі керек.

Отбасы заңына талдау жасай отырып туыстықтың екі қарама-қайшы мағанасын атауға болады:

Бірінішіден, ол отбасылық құқықтар мен міндеттердің пайда болуына негіз болады;

Екіншіден, туыстық отбасылық құқықтық қатынастардың пайда болуына кедергі болады, мысалы жақын туыстардың арасындағы некеге тиім салады.

Отбасы құқықтарын жүзеге асыру және міндеттерді орындау


Отбасы құқығы мен міндеттерді жүзеге асыруда өкілеттілік тек кей жағдайларда ғана мүмкін, олар:
- ата-ана кәмелетке толмаған баласының заңды өкілі болып табылады және кез келген жеке және заңды тұлғаға қатысты, соның ішінде арнайы өкілсіз сотта олардың құқықтары мен мүдделерін қорғай алады. Мұндай құқықтар бала асырап алушы тұлғаларға, қамқоршыларға, бала тәрбиеленетін ұйымның әкімшілігіне беріледі;
- сотта некені бұзғанда, жиналған ортақ мүлікті бөлгенде, некені жарамсыз деп танығанда әрекет қабілеттілігі шектелген зайыбының атынан оның қамқоршысы өкілдік етеді;
- ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу туралы дау туындаған жағдайда адвокаттың немесе басқа өкілдің өкілеттілігіне рұқсат етіледі;
- әрекетке қабілетсіз тұлғаға алимент төлеу немесе алимент алу туралы келісім жасалған кезде олардың атынан заңдық өкілдері: қамқоршылары немесе әрекетке қабілетсіз адам орналасқан ұйымның әкімшілігі сөйлей алады;
- ата-ана мен баланың арасында қайшылықтар туындаған кезде қамқоршы және қорғаншы орган баланың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін өкіл тағайындауға міндетті.
Отбасы құқықтарын қорғау соттық және әкімшілік тәртіпте жүзеге асырылады. Сот қарастырады:
1. сот бұйрығын беру туралы істер;
2. егер ерлі-зайптылардың арасында балалар туралы дау болмаса некені бұзу туралы істер;
3. ортақ жинаған мүлікті ерлі-зайыптылар арасында бөлу туралы істер;
4. отбасы құқықтық қатынастарынан туындайтын басқа істерді.
Он төрт жасқа толған кәмелетке толмаған балалар мен отбасы құқығының басқа да субъектілері отбасы құқығын сот арқылы қорғай алады. Кәмелетке толмаған және әрекетке қабілетсіз отбасы мүшелерінің отбасылық құқықтарын қорғауды олардың заңдық өкілдері, ал қажет жағдайда – қамқоршы және қорғаншы органдар жүзеге асырады.


3 апта дәріс - Некенің (ерлі-зайыптылықтың) құқықтық жағдайы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет