Жалған неке де жарамсыз деп танылады. Жалған неке – отбасын құру ниетінсіз заңда белгіленген тәртіппен жасалған және ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттерін туғызбайтын неке. Жалған неке егер екі жақ бірдей немес бір жақ қана отбасын құру ниетінсіз тіркелсе де жарамсыз деп танылады. Кез-келген адам сотқа некені жарамсыз деп тану туралы арыз бере алмайды. Бұл талапты қандай негізде неке жарамсыз деп танылса сол адам береді.
4 апта дәріс - Ерлі-зайыптылар арасындағы жеке мүліктік емес қатынастар.
ДӘРІСТІН ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ:
Ерлі-зайыптылардың жеке қарым-қатынастары алуан түрлі. Олар махаббат, достық, өзара құрмет, балаларды тәрбиелеуге қатысты қатынастар. Ерлі-зайыптылардың арасындағы қатынастар жеке сипатта болғандықтан, отбасылық қатынастардың барлығы құқық нормаларымен реттелмейді. Бірақ некеге қатысты жеке қатынастардың белгілі бір бөлігі мемлекеттің реттеуін қажет етеді. Ерлі-зайыптылардың арасындағы жеке қатынастардың маңызды бөлігі құқық нормасымен емес, моральдық қағидалар мен жалпы ережелер арқылы реттеледі. Отбасылық құқықтық қатынастарда құқық пен моральдың арасында тығыз байланыс болады. Бұны ерлі-зайыптылардың жеке қатынастарын реттеудегі отбасы заңының нормаларын қолдану процессінде ескеру маңызды. Жеке құқытық қатынастар – бұл ерлі-зайыптылардың тегін таңдау кезінде, некеге некеге тұру мен оны бұзу кезінде, отбасы өмірінің барлық сұрақтарын бірге шешу кезінде, тұрғылықты жерді, кәсібін еркін таңдау кезінде, бала асырауға келісім беру кезінде пайда болатын құқықтық қатынастар. Мүліктік қатынастарға ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкі, сондай-ақ олардың бір-бірін асырауға байланысты туындайтын құқықтық қатынастары. Ерлі-зайыптыларға ортақ мүліктер жеке және ортақ деп бөлінеді.
Ерлі-зайыптылардың отбасындағы теңдігі
Ерлі-зайыптылар тең құқықтар пайдаланады және тең міндеттер атқарады. Ерлі-зайыптылардың әрқайсысы қызмет түрін, кәсібін және діни сенімін таңдауға ерікті. Ерлі-зайыптылар ана болу, әке болу, балаларды тәрбиелеу, оларға білім беру, ерлі-зайыптылардың тұрғылықты, болатын жерлері мәселелерін және отбасы өмірінің басқа да мәселелерін бірлесіп шешеді. Ерлі-зайыптылар отбасындағы өз қатынастарын өзара сыйластық пен өзара көмек негізінде құруға, отбасының игілігі мен нығаюына жәрдемдесуге, өз балаларының денсаулығына, өсіп-жетілуіне және олардың әл-ауқат жағдайына қамқорлық жасауға міндетті.
Ерлі-зайыптылардың тектерді таңдау құқығы
Неке қию (ерлі-зайыпты болу) кезiнде ерлi-зайыптылар өз тiлектерi бойынша ортақ тегі ретiнде өздерiнiң бiреуiнiң тегiн таңдайды не ерлi-зайыптылардың әрқайсысы өзiнiң некеге дейiнгi тегiн сақтап қалады, не біреуі (екеуі де) өз тегiне екiншi жұбайдың тегiн қосып алады. Егер ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң болса да некеге тұрғанға дейiнгi тегi қосарлас болса, олардың тектерін қосуға жол берiлмейдi. Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу кезінде тегі өзгерген жағдайда, азамат бір ай мерзімде жеке басын куәландыратын құжаттарды ауыстыруға міндетті. Ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң тегiн өзгертуi екiншiсінің тегiн міндетті түрде өзгертуiне әкеп соқпайды. Неке (ерлі-зайыптылық) бұзылған жағдайда ерлi-зайыптылар неке қию (ерлі-зайыпты болу) кезінде таңдаған тектерін сақтауға немесе өздерiнiң некеге дейiнгi тектерін қалпына келтiруге құқылы.
5 апта дәріс - Ерлі-зайыптылардың мүліктік-құқықтық қатынастары.
Достарыңызбен бөлісу: |