Азаматтық хал актілерін тіркеу дің мемлекеттік органдарына некеге отыруды қалайтын тұлғалар арыз жазғанан кейін бір айдан кейін неке тіркеледі. Жекелеген жағдайлар үшін заң бұл мерзімді азайту немесе көбейтуді қарастырған. ҚР Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы кодексінің 10 бабының 2 бөліміне сәйкес дәлелді себептер болған жағдайда неке қиюды мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазу органы бір ай өткенге дейін неке қиюға, сондай-ақ осы мерзімді ұзартуға, бір ақ айдан аспайтын мерзімге ұзартуға рұқсат етуі мүмкін. Бір айлық мерзімді азайтуға келесі себептер болуы мүмкін: - әскери қызметке шақыру, әскери қызметтегі болашақ зайыбының жол жүруі немесе некені тіркеу үшін қысқа мерзімге келуі; - жедел іссапарға аттануы және т.б. Аталған жағдайлардың барлығы қажетті сәйкес құжаттармен растануы керек: еңбек демалысының куәлігімен, аяғының ауырлығы, баланың тууы туралы анықтамамен және т.б. Некеге(ерлі-зайыпты болуға) отыру шарты Кодексте некеге отыру шарты мен оған қарсы жағдайлар бекітілген (ҚР Неке(ерлі-зайыптылық) туралы кодексте). Некеге отыру шартын орындау некенің құқықтық күшке ие болуы үшін қажет. Егер қандай да бір қайшылықтар болса, неке құқыққа сай емес деп саналады. Некеге тұру үшін некеге тұрушы еркек пен әйелдің өзара ерікті келісімі және олардың неке жасына жетуі қажет. Некеге тұрушы тұлғалардың өзара келісімі, еркек пен әйелдің ерікті одағы болып табылатын некенің мәнімен анықталады. 2) НЕКЕ ЖАСЫ Неке жасы 18 жас болып белгіленеді (ҚР Неке(ерлі-зайыптылық) және Отбасы туралы Кодексі 10 бабы). Осы уақытта адам физикалық, интеллектуальдық, психологиялық тұрғыдан өсіп жетіледі. Осы кезеңде әлеуметтік тұрғыдан да өсіп жетіледі деп ұйғарады. Бірақ ол үнемі кәмелеттік жасқа жетумен сай келмейді. Бұған мектепте міндетті оқудың мерзімінің өсуі, мамандық алу және т.б. жағдайларға байланысты баланың ата-анасынан тәуелді болу мерзімін ұзартылуы дәлел бола алады. Күнделікті өмірде өзін-өзі қамтамасыз етуге мүмкіндігі болмағандықтан үлкен балалар ұзақ уақыт ата-анасының асырауында болады.
Достарыңызбен бөлісу: |