Дәрістін қЫСҚаша мазмұНЫ



бет37/43
Дата16.02.2023
өлшемі95.22 Kb.
#469628
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   43
1500411089690 ҚР Отбасы құқығы дәрістер жинағы

Некеге құқық қабілеттілігі туралы анықтамалар беру тәртібі
ҚР Әділет Министрлігі белгілеген нысан бойынша некеге құқық қабілеттілігі туралы анықтама ҚР тыс жерлерде неке қиюды мем-ік тіркеу үшін ҚР аумағында тұрақты тұратын не бұрын тұрған азаматтарға беріледі. Некеге құқық қабілеттілігі туралы анықтаманы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тіркеуші органы аудандардың тіркеуші органдарының мұрағаты бойынша тексерулер негізінде өтініш жасалған күні береді.
Егер адам ҚР тыс жерге кеткенге дейін бір әкімшілік-аумақтық бірлікте тұрақты тұрған болса, юды неке қиюды мем-ік тіркеу туралы акт жазбасының бар екендігін тексеру 16 жастан бастап жүргізіледі, өзге жағдайда анықтама осы аумақта тұрған кезден бастап беріледі.
Анықтамалар алу үшін өтініш беруші мынадай құжаттарды:
- жеке басын куәландыратын құжатты;
- некні бұзу туралы куәлікті немесе егер өтініш беруші некеде тұрса, жұбайының қайтыс болуы туралы куәлікті ұсынады
Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінде қамауда отырған, сотталған, жазасын өтеп жүрген адаммен неке қиюды мемлекеттік тіркеу. Бұл адамдармен неке қиюды мем-ік тіркеуді тіркеуші органдар Кодексте көзделген неке қию шарттарын сақтай отырып, тиісті мекеменің үй-жайында жүргізеді. Сотталған адаммен неке қиюды мем-ік тіркеу некеге отыратын адамдардың қатысуымен қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің әкімшілігі белгілеген үй-жайда тіркеуші органмен келісім бойынша жүргізеді.
Сотқа дейін бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу таңдалған адамдармен неке қиюды мем-ік тіркеуді тіркеуші орган адамды немесе осы іс жүргізуінде жатқан органды хабардар еткеннен кейін тергеу изоляторларында жүргізеді.
Мүдделі адамның өтініші бойынша неке қию туралы жазбаны тоқтата тұру
Неке қию туралы жазба жасалғанға дейін мүдделі адамман неке қиюды мем-ік тіркеу үшін кедергілердің бар екендігі туралы өтініш түскен жағдайда, тіркеуші органның бастығы жазбаны тоқтата тұруға және өтініш берушіден белгіленген мерзімде тиісті деректі айғақтар беруді талап етуге міндетті. Жазбаны тоқтата тұру мерзімі 1 айдан аспауға тиіс.
Неке қию туралы акт жазбасының мазмұны
Неке қию туралы акт жазбасына мынадай мәліметтер:
- некеге отыратындардың әрқайсысының тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, айы, жылы мен туған жері, жасы, азаматтығы, егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса ұлты, табыс көзі немесе жұмыс орны, тұрғылықты жері және заңды мекенжайы, білімі, отбасылық жағдайы;
- ортақ балалары туралы мәліметтер;
- некеге отыратындардың жеке басын куландыратын құжаттардың деректемелері;
- акт жазбасының жасалған күні және нөмірі;
- неке қию туралы берілген куәліктің нөмірі енгізіледі.
Неке бұзылған немесе жарамсыз дап танылған жағдайда неке қию туралы акт жазбасына қажетті мәліметтер енгізіледі. Мұндай мәліметтерді енгізу некені бұзу немесе жарамсыз деп тану туралы сот шешімінің не ерлі-зайыптылардың бірлескен өтініші бойынша тіркеуші органдарда некені бұзу туралы жазбаның негізінде жүргізіледі.
Неке қию туралы куәлік ерлі-зайыптыларға неке қиылған жер бойынша неке мем-ік тіркелген күні беріледі. Қажет болған кезде некеге отыратын адамдардың әрқайсысына неке қию туралы куәлік берілуі мүмкін.
Неке қию туралы куәлік
Неке қию туралы куәлік мынадай мәліметтерді:
- некеге отыратындардың әрқайсысының тегін (неке қиылғанға(ерлі-зайыпты болғанға) дейінгі, атын, әкесінің атын, туған күні, айы, жылы мен туған жерін, азаматтығын, егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса ұлтын;
- некенің қиылған күнін;
- актінің жасалған күнін және нөмірін;
- ерлі-зайыптылардың тегін таңдау туралы мәліметтерді;
- неке қиюды мем-ік тіркеу орнын, тіркеуші органның атауын;
- неке қию туралы куәліктің берілген күнін;
- неке қию туралы берілген куәліктің сериясы мен нөмірін қамтиды.
Некені бұзуды мемлекеттік тіркеу
Некені бұзу туралы ерлі-зайыптылардың бірлескен өтініші, белгіленген тәртіппен некені бұзуға құқығы бар ерлі-зайыптылардың біреуінің өтініші, сондай-ақ некені бұзу туралы соттың заңды күшіне енген шешімі некені бұзуды мем-ік тіркеуге негіз болып табылады. Некені бұзуды тіркеуші органдарда мем-ік тіркеу кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ және бір-біріне мүліктік және өзге де талаптар қоймайтын ерлі-зайыптылардың некені бұзуға өзара келісімі кезінде жүргізіледі. Ерлі зайыптылардың кәмелетке толмаған балалары болған кезде некені бұзуды мем-ік тіркеу некені бұзу туралы сот шешімінің негізінде жүргізіледі.
Ерлі-зайыптылардың ортақ кәмелетке толмаған балалардың болуына қарамастан, некені бұзу ерлі-зайыптылардың біреуінің өтініші бойынша:
- жұбайын хабар-ошарсыз кеткен деп тану туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің;
- жұбайын әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп тану туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің;
- жұбайының қылмыс жасағаны үшін кемінде 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталғандығы туралы сот үкімінің негізінде тіркеуші органда бұзылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет