Некені бұзуды мемлекеттік тіркеу орны
Ерлі-зайыптылардың бірлескен өтініші негізінде ерлі-зайыптылардың немесе олардың біреуінің тұрғылықты жері бойынша тіркеуші органда жүргізіледі. Некені бұзуды 238-баптың 4-тармағы негізінде мем-ік тіркеген жағдайда, өтініш осы өтінішті берген жұбайдың тұрғылықты жері бойынша тіркеуші органға беріледі.
Некені бұзу туралы сот шешімінің негізінде некені бұзуды мем-ік тіркеу кезінде мем-ік тіркеуді некені бұзу туралы сот шешімі шығарылған жер бойынша тіркеуші орган жүргізеді. ҚР азаматының некесін бұзуды мем-ік тіркеу шет мемлекеттің некені бұзу туралы күшіне енген сот шешімінің негізінде азаматтың тұрғылықты жері бойынша тіркеуші органда жүргізіледі.
Ерлі-зайыптылардың некені бұзу туралы бірлескен өтініші бойынша некені бұзуды мемлекеттік тіркеу мерзімдері. Некені бұзуды мем-ік тіркеуді тіркеуші орган некені бұзу туралы бірлескен өтініші берілген күннен бастап 1 ай мерзім өткеннен кейін некені бұзушылардың өздері қатысқан кезде жүргізеді. Мерзімнің өтуі өтініш берілгеннен кейінгі келесі күннен басталады және келесі айдың тиісті күнінде бітеді. Егер бұл күн жұмыс күніне тура келмесе, онда одан кейінгі жұмыс күні мерзімнің аяқталған күні болып есептеледі. Айлық мерзімнің қысқартылуы мүмкін емес.
Егер ерлі-зайыптылар некені бұзуды мем-ік тіркеу үшін өздеріне белгіленген күн тіркеуші органға келе алмаса, олар тіркеуші органға некені бұзу туралы өтінішпен қайтадан жүгіне алады, ол некені бұзуды мем-ік тіркеу үшін қайтадан айлық мерзімді тағайындайды.
Некені бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш . Кәмелетке томаған ортақ балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша некені бұзу, некені бұзу туралы сот шешімінің негізінде некені бұзуды мем-ік тіркеу туралы, жұбайын хабар-ошарсыз кеткен деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімінің; жұбайын әрекетке қабілетсіз деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімінің; жұбайының қылмыс жасағаны үшін кемінде 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталғандығы туралы сот үкімінің негізінде некені бұзуды мем-ік тіркеу туралы өтініштердің нысанын ҚР Әділет министрлігі бекітеді.
Кодекстің 238-бабының 2 және 4 тармағында көзделген негіздер бойынша некені бұзу туралы өтінішке неке қию туралы куәлік қоса берілуге тиіс. Егер ерлі-зайыптыларда осы куәлік жоқ болса және неке қию туралы акт жазбасы тіркеуші органда сақталмаса, неке туралы актінің жазбасын қалпына келтіру талап етіледі.
Өтініш беруші мынадай құжаттарды:
- некені бұзатын адамдардың жеке басын куәландыратын құжаттарды;
- некені бұзуды мем-ік тіркеу үшін Кодекстің 238-бабының 4-тармағында көзделген негіздерді;
- қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияны жүзеге асыратын органның әрекетке қабілетсіз немесе хабар-ошарсыз кеткен деп танылған жұбайдың мүлкіне қораншы тағайындай туралы қорытындысын;
- мемлекеттік бажды төлегені туралы құжатты ұсынуға тиіс.
Бұрынғы ерлі-зайыптылар немесе әрекетке қабілетсіз жұбайдың қорғаншысы басқа адамдардың некені бұзуды мем-ік тіркеу туралы мәлімдеме жасауына нотариатта куәландырылған сенімхат негізінде уәкілеттік бере алады. Егер ерлі-зайыптылардың біреуі некені бұзуды мем-ік тіркеу үшін органға келе алмаған жағдайда, ҚР АК сәйкес оларға, оның мүдделерін білдіру үшін сенімхат беріледі.
Хабар-ошарсыз кеткен деп танылған, әрекетке қабілетсіз немесе ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адаммен некені бұзуды мемлекеттік тіркеу. Хабар-ошарсыз кеткен деп танылған, әрекетке қабілетсіз немесе қылмыс жасағаны үшін кемінде 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адаммен некені бұзуды мем-ік тіркеген жағдайда, тіркеуші орган өтініш түскен күннен бастап бір апта мерзімде ол туралы қамауда жатқан жұбайға не әрекетке қабілетсіз жұбайдың қорғаншысына немесе хабар-ошарсыз кеткен деп танылған жұбайдың мүлкіне қорғаншыға хабарламаны алған күннен бастап 45 күн мерзім белгілей отырып хабарлауға міндетті, осы мерзім ішінде олар некені бұзу туралы өтініш бойынша өздерінің арасында дау бар екені туралы жазбаша хабарлауға құқылы.
Некеге отыру кезінде өз тегін басқа текке өзгерткен жұбай, некені бұзуды мем-ік тіркеу кезінде ортақ тегін сақтау немесе осы тегін некеге дейінгі өзгерту туралы некені бұзу туралы өтініште көрсетуге тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |