Дәрістін қЫСҚаша мазмұНЫ



бет35/43
Дата16.02.2023
өлшемі95.22 Kb.
#469628
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   43
1500411089690 ҚР Отбасы құқығы дәрістер жинағы

Некеге отыру туралы өтініш беру мерзімі және неке қиюды мем-ік тіркеу мерзімі
Бұл өтініш тіркеуші органға некені мем-ік тіркегенге дейін 1 ай бұрын беріледі. Некені мем-ік тіркеуді некеге отыру туралы бірлескен өтініш берілген күннен бастап 1 ай мерзім өткен соң тіркеуші орган жүргізеді. Мерзімнің өтуі өтініш берілгеннен кейінгі келесі күннен басталады және келесі айдың тиісті күні бітеді. Егер осы күн жұмыс күні болмаса, онда одан кейінгі жұмыс күні мерзімнің аяқталған күні болып есептеледі.
Неке қиюды мем-ік тіркеу уақытын тіркеуші орган некег отыруға тілек білдірген адамдардың келісімі бойынша тағайындайды. Мем-ік тіркеу уақыты сол үй-жайда қайтыс болуды және некені бұзуды мем-ік тіркеген уақытпен сәйкес келмейтіндей есеппен тағайындалуға тиіс.
Егер тіркеуші органға неке қию туралы өтініш берген кезде некеге отыратын адамның екеуі бірдей қатысуы мүмкін болмаса немесе қатысуы өте қиын болса(бір-бірінен алыс тұруы, ауыр науқастануы, әскери қызмет өткеруі және т.б.) белгіленген нысан бойынша толтырылған және некеге отыратын адамның екеуі бірдей қол қойған неке қию туралы өтінішті олардың біреуі бере алады.
Жоқ адамның қолтаңбасын тіркеуші органның бастығы куәландыруы және азаматтың тұрған жері бойынша тіркеуші органның, нотариустың немесе ҚР заңнамамлық актілеріне сәйкес нотариаттық іс-әрекеттер жасауға құқық берілген өзге де лауазымды адамның мөрімен бекітілуі мүмкін, сондай-ақ мынадай тәртіппен:
- әскери қызметшілерді – тиісті әскери бқлімнің командирі;
- жүзу уақытында ҚР Мем-ік туымен жүретін теңіз кемелерінде немесе ішкі жүзу кемелерінде болатын ҚР азаматтарын – осы кемелердің капитандары;
- экспедицияларда болатын адамдарды – осы эксепдицияның бастығы;
- стационарлық мед.ұйымда болатын адамдарды-сол ұйымдардың бас дәрігері;
- қамауға алу, бас бостандағын шектеу, бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны орындайтын мекемелерде отырған адамдарды- тиісті мекемелердің бастықтары куәландыруы мүмкін.
Неке қиюды мем-ік тіркеу мерзімдерін қысқарту және ұзарту
Некеге отыратын адамдардың бірлескен өтініші бойынша тиісті құжаттармен расталған(дәрігерлік-біліктілік комиссиясының жүктілік туралы анықтамасы, денсаулық жағдайы туралы анықтама, басқа да ерекше мән-жайды растайтын анықтама) дәлелді себептер (жүктілік, баланың тууы, тараптардың бірінің өміріне тікелей қатер төнуі және т.б.) болған кезде тіркеуші органның бастығы неке қиюды мем-ік тіркеу орны бойынша 1 ай өткенге дейін некені қиюға рұқсат етеді не бұл мерзімді ұзартады, бірақ ол 1 айдан аспауға тиіс. Мерзімді қысқарту уақыты әрбір жеке жағдайда нақты мән-жайға байланысты айқындалады.
Жекелеген жағдайда неке қиюды мем-ік тіркеуді күту мерзімі неке қиюды мем-ік тіркеуге кедергі келтіретін мән-жайлар болған кезде ғана тіркеуші органның бастамасы бойынша ұзартылуы мүмкін. Неке қию туралы жазба жасалғанға дейін лауазымды адам жазбаны тоқтата тұруға және өтініш берушіден 1 айдан асыруға болмайтын белгіленген мерзімде тиісті деректі айғақтар беруді талап етуге міндетті.
Тіркеуші орган мүдделі адамдардың өтініші бойынша немесе өз бастамасымен қажетті тексеруді жүргізеді. Неке қиюды мем-ік тіркеуді кейінге қалдыру туралы некеге отыру туралы өтініш берген адамдар хабардар етіледі. Неке қиюға заңды кедергілер болған кезде тіркеуші орган оны мем-ік тіркеуден бас тартады. Егер мұндай кедергілер туралы мәліметтер расталмаған болса, некені мем-ік тіркеу жалпы негізде жүргізіледі. Аталған мән-жайларды тексеру 1 ай мерзімде аяқталуға тиіс.
Айлық мерзімді қысқарту немесе ұзарту туралы рұқсатты тіркеуші органның бастығы, ал ол болмаған кезде оның міндетін атқарушы адам некеге отыру туралы өтінішке қарар түрінде береді. Егер некеге отыруға тілек білдірушілер дәлелді себептер бойынша белгіленген күні тіркеуші органға келе алмайтын болса, неке қиюды мем-ік тіркеу мерзімі олардың өтініші бойынша басқа уақытқа ауыстырылады.
Некеге отыру туралы өтініш
Некеге отыру туралы өтініш жазбаша түрде жасалуға тиіс. Белгіленген үлгідегі өтініш нысаны болмаған жағдайда, өтініштің мәтінінде көзделген мәліметтердің бәрі еркін түрде қамтылуға тиіс. Өтініш нысанында қамтылған барлық сұрақтарға толық әрі дәл жауаптар берілуге тиіс. Некеге отыру туралы өтініш беру кезінде:
- ҚР тұрақты тұратын немесе шетелде уақытша болатын ҚР азаматы жеке куәлігін не паспортын; шетелде тұрақты тұратын ҚР азаматы-оның шетелде тұрақты тұратын ҚР азаматы ретінде есепке алынғаны туралы шетелдегі консулдық мекеменің белгісі бар ҚР азаматының паспортын ұсынады; ҚР тұрақты тұратын шетелдік, шетелдіктің ҚР тұруға арналған ықтиярхатын ұсынады. ҚР уақытша болатын шетелдік ҚР ІІО берген ҚР уақытша тұруға рұқсат ететін құжатын ұсынады; ҚР тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адам тұрғылықты жері бойынша тіркелгендігі туралы ҚР ІІО белгісі бар азаматтығы жоқ адамның куәлігін ұсынады. ҚР уақытша болатын азаматтығы жоқ адам оның жеке басын куәландыратын, өзі тұратын елдің құзыретті органдары берген және ҚР ІІО белгіленген тәртіппен тіркелген құжатын ұсынады.
Шетелдік паспортын ұсынумен қатар оның мәтінің нотариатта куәландырылған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасын беруге тиіс. Шетелдіктің, азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжаттардың мәтіні аудармасының дұрыстығы шетелдік азаматы болып табылатын мемлекеттің немесе азаматтығы жоқ адам тұрақты тұратын мемлекеттің дипломатиялық өкілдігінде немесе консулдық мекемесінде не сыртқы саясат ведомствосында куәландырылуы мүмкін;
- Кодекстің 10-бабында көрсетілген белгіленген неке жасын азайту қажеттігін растайтын құжаттарды
- бұрынғы некелері туралы мәліметтерді;
- балалары бар екендігі туралы мәліметтерді;
- бір-бірінің денсаулық жағдайы және материалдық жағдайы туралы, сондай-ақ некеге отыруға кедергінің жоқтығы туралы хабардар екендігі туралы қолхатты ұсыну қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет