294
Сүлеймен қарақшы
атаман — сенсiң. Қарап тұрсақ, мына қазақтардың iшiнде де
сенен мықты жоқ сияқты. Ендi сен не айтсаң да, бiз үшiн — заң.
— Сонда қалай? — дедi ананың әңгiмесiнiң астарын толық
ұқпаған Сүлеймен, — атамансыз-ақ
бәрiмiз тату-тәттi қарым-
қатынас жасап, жететiн жерiмiзге дейiн тыныш барсақ болмай
ма?
— Атыңды кiм дедiң жаңа? Сулейман дедiң бе? Вот, Сулейман,
слушай ендi менi...
— Қазақшаға судай ағып тұрып, менi Сулейман дегенiң не?
Сүлеймен десейшi.
— Ә, Сүлеймен дейсiң бе? Онда тыңда, Сүлеймен. Бiздi
Сiбiрдiң қай жерiне апаратыны белгiсiз. Жолда қанша жүремiз,
еще неизвестно. Осы
отырған бәрiмiздi бiр қалаға, не бiр
зонаға апармасы анық. Бiразiмiздi жол-жолдағы түрмелерге
тастап кетуi де мүмкiн. Ал олардың орнына жолай басқа
сотталғандарды мiнгiзедi. Ондайлардың арасында да настоящий
головорездер болады. Олар вагонға кiре сала, бәрiмiздi бiрден
билеп, нанымызды, киiмдерiмiздi тартып алмаққа әрекеттенедi.
Сондайда оларға қарсы тұра алатын достойный мужик керек.
Әйтпесе ол бұзақылар бiзге күн бермейдi.
— Ондай бұзықтарға бәрiмiз бiрдей қарсы тұрсақ ше? — дедi
Төрекелдi.
— Баланың сөзiн айтпа. Сүлеймен
болмағанда, Аркашаға
бiреуiң қарсы тұра алмайтын едiңдер ғой. Ал Аркаша сияқты
қанша атамандар бар. Зонада, то есть лагерьде оңдайлардың әлi
талайын көресiңдер. Тiптi лагерьге дейiн де көрулерiң мүмкiн.
Естуiмiзше, Шамалғанда Осман конокрад сотын күтiп жатыр
екен. Егер
оны осы вагонға тығатын болса, ай, бiлмеймiн,
бәрiмiзге конец болатын шығар. Аркаша, жоқ, бiз бәрiмiз де сол
Османмен бiр вагон, бiр зонаға түспесек екен деп тiлеп едiк.
Осман конокрадты есiтiп пе едiңдер?
— Конокрад дегенi не екен? — дедi Сүлеймен жанындағы бiр
қазаққа бұрылып.
— Атақты ұры мен барымташыны бұлар солай атайды, — дедi
ол. Сосын орысқа қарады: — Ай, мұжық, Осман дегенiң тiптi
мықты адам ба?