287
Сүлеймен қарақшы
— Болған нәрсенi айтсайшы, оттай бермей! — деп бақырып
кеп бердi Сүлеймен. — Өтiрiгiңмен мезi қып жiбердiң ғой
адамды!
Сүлейменнiң бақырғанынан
татар тергеушi шошып кетiп,
үстелiнен құлап қала жаздады. Бiрақ есiн тез жиды.
— Қарауыл! Қарауыл! — деп айқайлады сосын. Иықтарына
мылтық асынған екi мiлиса жетiп келдi. — Әкетiңдер мынаны
камераға! Мұны тергеусiз, сотсыз ату жазасына кесе саламыз!
Содан Сүлеймендi қайта жауапқа апармады. Ол көршi
камерадағы достарынан да хабарсыз күйде бiр айдай жатты. Бiр
айдан кейiн сотқа шақырылды.
Сот дегенi үш-ақ адам. Ортада былшиған беттi, қарынды
келген бiр орыс отыр. Қазақшаға судай.
Алдымен кiмдер
екендiктерi және не iстегендерi туралы Сүлейменнен сұрады. Ол
ашыққан халыққа болысқанын айтты. Бiрақ сот: “Сен халықшыл
емес, нағыз баскесердiң өзiсiң”, — дедi. Бұл тағы бiрдеңе айтуға
ұмтылғанда сот сөйлетпей тастады.
Ол басқаларды да солай қаралады. Қаралап болғасын, өздерi
де, бұларды да орындарынан тұрғызып қойып, үкiм оқыды.
Үкiм бойынша төрт қарақшының әрқайсысы жиырма бес жылға
кесiлiп, өтеу жазасы Сiбiр қалаларының бiрiндегi түрмеде
өткiзiлсiн деп шешiлдi. Сүлейменмен бiр камерада отырған екi
кiсi колхоз қоймасынан бiр килә бидай ұрлағандары үшiн он
жылға кесiлдi.
288
Сүлеймен қарақшы
III
Соттан кейiн сол жерде тағы екi күн жатты. Үшiншi күнi
қарулы мiлисалар бәрiн айдап тысқа шығарды. Далада қалың қар
жауып қалыпты. Үскiрiк жел соғып тұр. Мiлисалар алтауын есiк
алдындағы төрт ат жегiлген биiк шарабалы шанаға отырғызды.
Бәрiнiң қолдарын бiр-бiрiне қосақтап байлады. Шана алдына жәй
киiмдi кiсi жайғасып, божыны қолына алды. Ат шана орнынан
қозғалған кезде екi жақ қапталдан екi, арт жақтан үш мiлиса ердi.
Олар атта, әрi қарулы.
— Бiздi қайда апара жатырсыңдар? — деп сұрады жолай
Сүлеймен олардан.
— Қайда апара жатқанымызда шаруаң қанша? Барған соң
көресiң де, — деп шаңқ еттi аттыдағылардың бiрi.
Екi сағаттай өткенде атшана Шымкентке келдi.
Аздан соң
қала шетiндегi вокзалға жеттi. Вокзалда бұларды басқа мiлисалар
күтiп алды. Бәрiн шанадан түсiрiп, қолдарының байлауын
шешiп, бiр биiк мұнаралы тамға қамады. Там iшiнде адам тола.
Бәрi сотталғандарға ұқсайды. Шана үстiнде әбден жаурап келген
Сүлеймендер мұнда да жылу таппай әбден тоңды.
— Бiздi мұнда неге қамап қойды екен? — дедi Аязбек
жанындағы бұрыннан отырған бiреуге бұрылып.
— Түрмеге әкететiн пойызды жасақтап жатқанға ұқсайды ғой
мiлисалар. Сол дайын болғанша, осында отырсақ керек.
Қамалғандар сол жерде үш күн отырды. Үш күнде үш-ақ
мәрте бiр-бiр желiм кесемен жылы су, екi-екi үзiмнен нан бердi.
Төртiншi күнi таң ата там есiгi айқара ашылды. Ар жақтан
топырлаған қарулы сарбаздар көрiндi. Сырт киiмiнiң тiп-тiк екi
қатырма жағасында бiр-бiр жұлдыз
қадалған бiреуi қолындағы
қағазға қарап, отырғандардың барлығының аты-жөндерiн
айқайлап атай бастады. Бәрiнiң түгел екенiне көзi жеткен соң:
— Бiр-бiрлеп шығып, анау тұрған вагонға мiнiңдер.
Қарсыласатын болсаңдар,
қашуға әрекет етсеңдер, ешбiр
ескертусiз ата саламыз. Айда, шығыңдар кезекпен! — деп
айқайлады.
Мына жерде отырып, әбден мезi болған тұтқын байғұстар
вагонға кiрсе, тура бiр жұмаққа
тап болатындай сыртқа лап