298
Сүлеймен қарақшы
— Менi Микай деп атай берiңдер.
— Өзiң бұрын сотталған екенсiң, Микай. Айтшы, бiздi дiттеген
жерлерiне апарған соң не iстетедi?
— Кеше айтып едiм ғой. Азаннан кешке дейiн қара жұмыс
iстетедi. Сiбiрге барсақ, ағаш кесемiз. Темiр жол саламыз. Әр он
сотталушыға бiр қарулы солдаттан қарауыл болады. Командирдiң
айтқанын орындамасаң, табанда атыласың. Болмаса, орындығы
мен кереуетi жоқ сыз жертөлеге қамап қояды. Жалпы, ол жерде
сотталғандар көп қырылады. Бiреуi — аштықтан, бiреуi — аурудан,
— деп Микай лагерь жайын ұзақ әңгiмеледi. Сотталушылардың
арасындағы тәртiп туралы да ұзақ айтты. Айыпты болғандарды
паханның шешiмiмен өлтiрiп тастайтынын да сөз еттi.
—
Кiмде-кiм қорқақ болса, оған күн жоқ. Күштi жiгiттер
жанына өз жерлестерiн жиып алып, екiншi бiр топтан қорғанады.
Жеке-жеке жүргендер ол жерде күн көре алмайды, — деп аяқтады
ол сөзiн.
— Жекпе-жек төбелес көп бола ма?
— Бiр мықты бiр мықтыны мойындамаса, төбелеске шығады.
Жеңген адамның абыройы көтерiлiп, жеңiлгенi соның айтқанын
iстеуге тиiс. Жеңiлген мықты көпшiлiктiң көзiнше жеңгенге
қол берiп, оны мойындауы керек.
Егер мойындағанын бұзып,
қалтарыс сәтте, болмаса қапелiмде оған опасыздық жасап,
зиянын тигiзсе, ол кешiрiлмейтiн күнә болып саналады.
Кейде
мықтылар төбелес үстiнде бiрiн-бiрi өлтiрiп те қоюы мүмкiн.
Ондайда өлтiрген борыштар емес...
Микайға қазақтар әр түрлi сұрақтар жаудырып жатты.
Сұрақтардың бәрi сол лагерь төңiрегiнде. Микай да бiлгiш екен.
Барлық сұраққа жауап бередi.
Азанда Шамалғанға тоқтаған пойыз жүрмей көп тұрды.
Қанша тұрғанын қамалғандар дәл бiлмедi. Ешкiмде сағат
жоқ. Уақытты күнге
қарап бағдарлайын десе, аспан бұлтты.
Қамалушылар кешегiдей тұнжыраулы емес. Бәрi басқа сал-ғанға
көнген сыңайлы. Сол сыңаймен кеуделерiндегi уайым мен күдiктi
ұмытып, Микайдың әңгiмесiн қызыға тыңдап отырды. Әрi өзара
қауқылдаса сөйлесiп, әңгiме көрiгiн қыздыра түстi.