Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет40/259
Дата18.05.2022
өлшемі3 Mb.
#457080
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   259
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы
Күрес қайта басталды. Бұл жолы екi балуан бiрiншi 
айқастағыдай аңдысып, ұзақ жүрмедi. Қазы белгi берiсiмен-ақ, 
алыса кеттi. Орыс тағы да жылдамдық танытып, Сүлейменнiң аш 
белiне тап берген. Ал Сүлеймен оның жауырынының сыртынан 
құшақтай қапсырып алған. Екеуi осылайша, бiр-бiрiн жыға 
алмай, жұлқыласып көп тұрды. Әлден уақытта Некелай мұны 
шалқалай iшiмен көтерiп алды да, кiлемге топ еткiзбек болып 
серпи бергенде, өзi шалқасынан түстi. Шалқасымен түскенiмен 
кiлемге жауырынмен құламады. Қырынан түстi. Ендi екеуi 
жатқан күйлерi алыса бастады. Дегенмен орыс кiлем үстiн бұрын 
талай көрген кәззәп емес пе, алысып жатып, Сүлейменнiң үстiне 
шығып үлгердi. Абырой болғанда, Сүлеймен бiр қырынан жатыр 
едi. Анау үстiне шығып алып, қанша тартқыласа да, берiспей 
қойды. Ендi Некелай басқа әдiске көшiп, мұның бiр аяғын қос 
қолымен ұстап, қайыруға кiрiстi. Сүлеймен екiншi аяғымен 
оның қолдарын итерiп, кеудесiн сәл көтердi де екi қолымен 
ананың бiлектерiне шап бердi. Ол босанбақ болып тартыншақтай 
бергенде, оны бар күшпен еңкейте тартып, аяқтарын оның iшiне 
тiрей қойып, өзiнен асырып, лақтырып жiбердi. Некелай сорлы 
кiлем шетiне баспен барып қадалды. Мыңдаған адам тағы шу еттi. 
Бiрақ Некелай орнынан атып тұрды да, жайлап көтерiле берген 
Сүлейменге бассалды. Сәтiн салғанда, орыс мұның иығына тура 
қарын тұсымен келiп жабысқан едi. Сiрә, екпiнiмен мұны құлатып 
салам деп ойласа керек. Ендi Сүлеймен шапшаңдық қылып, оны 
көтере орнынан тұрып кеттi. Содан қаһарланған ол, бар күшiн 
жиып тұрып, иығында жатқан орысты кiлемге алып ұрды. Әрi 
өзi де бар салмағымен оның үстiне шаншыла құлады. Шаншыла 
құлағанда, оны майып қылайын деген ойы жоқ-ты. Бағанағыдай 
аунап үлгертпей, орыстың екi жауырынын кiлемге бiрден тигiзу 
едi. Орыс осы жолы онсыз да кiлемге қос жауырынымен қадалған-
тын. Сүлеймен үстiне құлағанда, “Ой, мама” деп шыңғырып 
жiбердi. Одан соң тырп етуге шамасы келмей, бiр қолымен иек 
астын, бiр қолымен көкiрек тұсын ұстап, ырс-ырс етiп, серейдi 
де қалды. 
— Тағы да Сүлеймен жеңдi! — деп айқайлады қазы қос қолын 
жоғары көтерiп. — Жеңiс — қазақтiкi!


86
Сүлеймен қарақшы
Сол-ақ екен, айнала қым-қуыт айқай-шуға толды да кеттi. 
Сүлеймендi көтермелеп айқайлаған мыңдаған адамның шулы 
дауысынан құладын дүз — Билiкөл даласы толқып, кәрi 
Қаратаудың көк шыңдары мен жалтыр құздары дiр-дiр еткендей 
едi. Тiптi айғыр кiсiнеп, тұлпар жер тартып, бура ақырғандай 
болды.
— Уа, жаса, Сүлеймен!
— Уа, қыраным! Анаң сенi мұзбалық етiп туған екен!
— Арыстан екенсiң, айналайын!
— Қайратың мен бабың бiрдей екен, батырым! — деп айқай 
салған жұрттың қуанышында шек болмады.
Бiрақ жұрттың өзiн бұлайша қошеметтеп, құрметке бөлеп
айқайлап жатқаны Сүлейменге титтей де әсер етпедi. Қайта 
өзiнен жеңiлiп, жерде тұруға шамасы келмей, ыңырсып жатқан 
Некелайды айналшықтап, “Осы жазғанға бiрдеңе болып қалды 
ма?” деп оның қасынан ұзап кетпей тұр. “Не болды?” — деп 
сұрайын десе, орысша тiл бiлмейдi. Орыс болса “ананы шақыршы” 
дегендей, қазыны қолымен нұсқап-нұсқап қояды. Күреске 
қазылық еткен кiсi Некелайды “жеңiлгенiне намыстанып, тұрмай 
жатыр” деп ойлады ма, оған назар да аудармай, төбе шетiнде 
болыстар мен ұлық отырған жаққа қарап тұр.
— Мына орысқа бiрдеңе болып қалды-ау деймiн. Барып 
көрiңiзшi.
— Бұл неге тұрмай жатыр өзi? — деп қазы оның қасына барды.
Онымен бiрге тiлмәш та жеттi оған. Тiлмәш орыспен аз-маз 
сөйлестi де:
— Бiраз қабырғалары мен бұғанасы сынып кеткенге ұқсайды. 
Өзi тұра алмайды. Кiлемге салып көтерiп кетпесек болмас, — 
дедi ол қазыға қарап.
Осы кезде төбе басына жүгiрiп Көбек пен Құлажан келдi. 
Екеуi келе сала Сүлеймендi құшақтай алды.
— Неғып тұрсың бұл жерде? Сен жеңдiң! Болды, жүр! Ендi 
түсейiк пәске. Болыстар жаққа барайық.
— Тұра тұрыңызшы. Мына орыстың бiр жерi сынып кеткенге 
ұқсайды.


87


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет