Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет42/259
Дата18.05.2022
өлшемі3 Mb.
#457080
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   259
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы
қауқарсыз қалды. Бай-болыстардың барлығын құртамыз деген 
сол өкiметтiң заң-зәкүнi қырдағы елге, таудағы жұртқа әзiрше 
тiзесiн батыра алмаған-ды. Сондықтан би-болыстар облыс пен 
уездной ұлықтардан айырылғанымен, өздерiне қарасты ру мен 
ауылдарды билеу құқығынан әлi де ажырамаған. Қазығұрт пен 
Сайрамсу, Арыстың жоғарғы сағасы мен Түлкiбас елiнiң билiгi 
әлi солардың қолында. Би-болыстар әзiрше жаңа өкiметтен 
шошымай отыр. Олардың шошынғаны — мына жұт. Ата-бабадан 
келе жатқан үлгi бойынша ел тiзгiнiн ұстаған игi-жақсылар 
халқын жұттан да, жаудан аман алып қалуы тиiс. Осыны ойлаған 
Досалы би бiр күнi Көбек бастаған барымташы жiгiттерiн жиып 
алды: 
— Ал, Көбек, “бұрын тойып секiрушi едiк, ендi тоңып 
секiретiн” күн туды басымызға. Мына жұттан ашыққандарды 
аман алып қаламыз деп қамбада астық, қорада мал таусылды. 
Жаңағы “тоңып секiретiн” деп айтып отырғанымның мәнiсi 
— аш бөрiдей қыр кезiп, бөгде малға құрық салу керек болып 
тұр дегенiм. Ұрының кейде бiр елге зияны болғанымен, бiр 
елге пайдасы тиедi. Мына таудың аржағындағы қырғыз елiнiң 
нәпақасын Құдай аспаннан да, жерден де тарықтырмай, 
ауыздарын аққа бөктiрiп отыр. Ендi сол жаққа аттанып, Күреңтi 
мен Бозғыл шат-қал төңiрегiндегi қырғыз би-манаптарының 
сай-салада жайылып жүрген жылқыларын берi қуып қайтыңдар. 
Қанша жылқы айдап әкелсеңдер де, олардың барлығын мына 
аштан сiлесi қатып отырған жұртқа таратып беремiз. Ырзығымыз 
елмен бiрге болсын. Аттаныңдар! Құдай жолдарыңды оңдасын!
Досалының бұларды ұрлыққа жұмсағаны бiр бұл емес. 
Сондықтан да барымташы жiгiттер биге ешқандай сауал бермей, 
орындарынан тұрды. Бұрындары ұрлықты ермек үшiн iстейтiн 
бұлар, ендi өз елiнiң азығы мен нәпақасы үшiн ерлiкке бара 
жатқан сарбаздардай сапарға тас-түйiн дайын. Сонау Билiкөлдегi 
болыстың тойынан “түйе палуан” атанып келген Сүлеймен бұл 
күндерi жанындағы серiктерiне ұқсап, әбден кәнiгi барымташы 
болған. Мына шетi Сарысу, мына шетi Талас таулары мен қырғыз 
Алатауының тек қарақшылар ғана жортатын сайлы жолдары мен 
құзды шатқалдарын теп-тегiс бiлiп алған. Басқа серiктерiнен гөрi 


90
Сүлеймен қарақшы
күш пен айласы мол бұл, алпысқа таяса да кәрi арландай саптан 
таймай жүрген Көбектiң орнын басуға лайық-ақ едi. 
Алайда әзiрше селкеуi шықпаған Досалы барымташыларының 
топ басшысы Көбек “дала кезiп, түн жортудан қажыдым” 
деп айта қойған жоқ-ты. Әрi тек барымтамен таң атырып, күн 
батырып жүрген Әрiпбай мен Тастан да, Кендiр мен Әмiр де, 
жалпы, барлығы да жорық үстiнде дию күш, қабылан жүректi 
Сүлейменнiң бетiн қағып жүретiн Көбектi қатардан қалдыруға 
ынтық емес-тi. Былайша айтқанда, олар Сүлейменнен қатты 
қорқатын. Әрине, ол өзiнше ешкiмге тиiспейтiн. Бiрақ әзiл мен 
қалжыңды онша суқаны сүйе бермейтiн Сүлеймен, бiреудiң 
ойнақы сөзiн шын көрiп, оған ашулы бұқадай тарпа бас 
салатын. Ондайда оның тегеурiндi күшiне екiнiң бiрi қарсы 
тұра алмайды. Былтыр-ғы жылы қыр мен шаһардың арасына 
ары-берi базаршылап қатынаған қазақтардың ат-көлiгiн тонап, 
болмаса ұрып-соғып тыныштық бермей жүретiн мықтысынған 
сайрамдықтардың көздерiне көк шыбын үймелетiп, жуасытып 
қойған да осы Сүлеймен-тiн. Қазақтардың шағымын естiген 
Досалы би Сайрам хәкiмiне “тентегiңдi тый” деп қанша ескерту 
жасаса да, бозаға тойып елiрген Сайрамның ылғи жас жiгiттерi 
қазақтарды басынуын қоя қоймайды. Былтыр жазда Сүлеймен 
Төрехан мен Байтұр деген iнiлерiн ертiп Шымқалаға барған. 
Содан екi iнiсiне бiрсыпыра киiм әперiп, өз ауылдарына емес, 
Досалы ауылына келе жатқан. Бидiң ауылына апаратын жол 
Сайрам маңынан өтедi. Сүлеймен атта, анау екеуi бiр есекке 
мiнгескен. Үшеуi Сайрам тұсынан өте бергенде, су жағасындағы 
қамысты паналап отырған бiр топ сайрамдық жiгiттер бұларды 
қоршап алды. Әрқайсысының қолында бiр-бiр сойылдай таяқ. 
Сол таяқтарын ербеңдетiп: 
— Уа, мал баққан қазақтар, аттарың мен есектерiңдi, 
қоржындарыңды тастап, таяқ жемей тұрғандарыңда тайып 
тұрыңдар! — деп доқ көрсеттi. 
— Мына екi бала кiшкентай, төбелесуге жарамайды. Ал 
менiмен қайсың жекпе-жекке шығасыңдар? Егер мен жеңсем, бiз 
сендерге ештеңе бермей, кете беремiз. Ал сендердiң мықтыларың 


91


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет