Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет41/259
Дата18.05.2022
өлшемі3 Mb.
#457080
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   259
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы
— Құрысын, кәпiрiң. Бiр жерi сынбаса, қирап қалсын. Әйтеуiр 
өзiң амансың. Осыған шүкiр де. Кеттiк, бол! Ана жақта ұлық пен 
Керiмбай болыс сенi күтiп отыр. Саған разылығын бiлдiрмек.
Етекке түскен соң Құлажан қолындағы шапанын Сүлейменнiң 
иығына жапты. Ол шапанды желбегей жамылған күйi Көбекке 
ерiп, игi жақсылар отырған шатырға келдi. Қатарласа жайғасқан 
би-болыстардың қақ ортасында кешегi өзi амандасқан ұлық 
отыр. Сүлеймендi көрген ол орнынан жайлап тұрды. Оған iлесе 
би-болыстар да өре түрегелдi.
Ұлық Сүлейменнiң қолын алмады. “Кешегiдей қолымды 
қысып ауыртып жiберер” деп ойлады-ау, сiрә. Тек:
— Молодец, Сулайман. Ты хорош! Ты сильный! — дедi езу 
тартып.
— Жеңiсiң құтты болсын, балам! Бұдан да мықты балуан бола 
бер, — дедi Керiмбай болыс.
Ұлық пен Керiмбай болыстың мадағын естiген соң бұлар өз 
үйлерiне келдi. Сүлеймендi көруге құмартып, құттықтауға келген 
адамдардар да есеп жоқ. Бiрақ оларды Көбек iшке кiргiзбедi…
Ертесiне үш жүз ат сап түзеп, отыз бес шақырымдық аламан 
бәйге басталды. Аламан бәйгеде сиқым Мақұлбектiң қарагерiне 
жетер ат болмады. Ордабектiң атбегiсi баптаған ақжал ат екiншi 
болып келiп, бес жылқы, елу сомды қанжығасына байлады. Ал 
мыңнан аса ат қатысып, үлкен Қаратаудың арғы жағы бiр бөлек, 
бергi жағы бiр бөлек болып шабысқан шабандоздар сайысы — 
көкпарда атышулы шегiр Сыдыққа тең келер ешкiм болмай, бас 
салым бәйгесiн сол алды.
Бiр күннен кейiн күрес пен көкпардан ешкiмге дес бермеген 
жiгiттерiне разы болып, көңiлi масаттанған Ордабек байбатша 
Билiкөл жерiмен қош айтысып, би-болыстарын, шабандоз-
атбегiлерiн, атқосшы-қызметшiлерiн, жалпы, өзiмен бiрге тойға 
келген үш жүздей қалың нөкерiн ертiп, елге, Қазығұртқа қарай 
бет түзедi.


88
Сүлеймен қарақшы
ЕКIНШI БӨЛIМ
I
Сол тойдан кейiн төрт жыл өттi. Қазығұрт пен Қаратау алабын 
алапат жұт пен қуаңшылықтың жайлап тұрғанына екiншi жыл. Бұл 
жұт бiр ғана бұл өлкелерде емес, сонау Бернойдан бастап, Талас 
пен Шудың күллi өңiрiн, күнгейi Сарысу, батысы Сырдарияның 
бойындағы ен даланы қамтып тұр. Былтырғы 1917-шi, жылан 
жылынан берi қыста бiр түйiр мұздақ қар, көктемде бiр тамшы 
жаңбыр жаумай, қыр үстi, дала төсi қурап кеттi. Қаратаудың 
екi жақ қапталындағы, Қазығұртың тiрескейi мен батысындағы 
шөлейттi даланы мекен еткен қазақтардың тiгерге тұяғы қалмай, 
үйiр-үйiр жылқылары мен отар-отар қойлары жерден бiр тiстем 
шөп таппай, қырылып қалды. Ол жақтың елi тозып, бетi ауған 
жаққа лақты. Әлi келгендер тышқан, бақа-шаянға дейiн ұстап 
жедi. Әлi келмегендер жолда өлiп, көмусiз қалды. Бұл жұтты 
жергiлiктi жұрт “жылантақыр” деп атады. Осы жұтта тау паналап, 
өзен жағалаған ел онша көп қырғынға ұшырамады. Су бар жерде 
ел өз нәпәқасын тауып жейдi емес пе. 
Досалы би былтырдан берi Сайрамсудың екi жағындағы 
тегiске тары мен бидайды көптеп ектiрiп, өз елiн тарықтыра 
қоймады. Керегетас пен Қырыққыздың үстiндегi биiк шатқалды 
тау қорғандарының iшiнде тығулы жылқыларды ашыққан жұртқа 
таратып берiп, әзiрше өз құзырына қарасты елдi бағып отырған. 
Бiрақ Билiкөл мен Сарысу атырабынан лек-лек келiп жатқан 
аш адамдардың құрсағын тойдыруға бидiң шамасы келмедi. 
Қай жерде нан бар десе, солай қарай ағылған оларды бiр-екi 
жылқының етiмен, екi-үш қап ұнмен тойдыра алмасы анық. 
Осыны сезген Досалы ауғынды жұрт көп өтетiн жол бойынан өз 
жұртын тауға қарай көшiрiп әкеттi. Дегенмен көп уақыт өтпей 
жатып-ақ былтырғы жиған азығы таусыла бастаған бұл ауылдың 
да халқы тарыға бастады. Жұттың екiншi жылының бас шенiне 
қарай Шымқаладағы да, оған таяу Сайрам мен Арыс кенттерiнiң 
де жұртының тоз-тозы шығып, ашаршылыққа ұшырады. 
Бұрынғы ұлықтардың бәрiн орнынан тайдырып, кедей-кепшiктi 
зор етемiз деп келген жаңа өкiмет жұтқа қарсы түк iстей алмай, 


89


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет