318
Сүлеймен қарақшы
— Құдай сақтай көр. Мына қарды кiм үйдiрген сонша? Төбеге
қарай қалай лақтырған өзi? — дедi Төрекелдi таңқала.
— Осындағы жатқандардың бiразына қар күретедi. Бiразына
ағаш қырыққызады. Одан басқа не жұмыс бар дейсiң мұнда.
— Қары бар болсын, Микай. Ал мен тура таудағы тар шатқалда
келе жатқан сияқтымын.
Күрелген қар iшiндегi ойма жол солға бұрылғандарында
алдарынан ағаштан соғылған ұзын үй шықты. Үйдiң екi
шетiнде биiк ағаш мұнара тұрғызылыпты. Олардың бастарында
мылтықтарын көлденең ұстаған солдаттар тұр. Үй алдында да
бiрнеше қарулы әскерилер бар екен.
— Уһ, жеттiк-ау әйтеуiр. Бiздi ар жаққа жiбермей мына баракта
бiраз ұстайды. Осында он шақты күн “адаптироваться” етуiмiз
керек.
— Түсiнбедiм, не етуiмiз керек дейсiң, Микай? Одан соң мына
үйдi барақ дедiң бе? — деп сұрады Аязбек.
— Барақ емес — барак. Сотталушылар жататын үйледi
мұнда барак деп атайды.
Осында бiраз жатқызып, келгендердi
түрме өмiрiне үйретедi. Содан соң арғы жақтағы барактарға
орналастырады. Нағыз лагерьге кiргенiмiз жоқ әлi. Ол
анау
шарбақтың арғы жағында.
Қазақтар ендi байқады. Алдарындағы ұзын казарманың
екi шетi жаңағы өздерi кiрген қақпаның жанындағы торлы
шарбақ сияқты тағы қоршалған екен.
—
Өкiмет те қызық, шарбақ iшiне шарбақ жасап...
— Қызықты әлi көрген жоқсың. Бұл шарбақтың iшiнде тағы
шарбақ бар. Жалпы, бұл лагерь үш-төрт айналма шарбақтан
тұрады.
— Қашатын адам мына казарманың ағаш дуалдарын бұзып-ақ
қаша бермей ме?
— Қашып бопты. Дуалдардың арасының бәрi темiрмен
торланған.
Осы кезде барак маңындағы солдаттар
бiр-бiрiнен бес-алты
қадамдай алшақтап, қаруларын оңтайлай ұстап,
тiзiлiп тұра
бастады.