312
Сүлеймен қарақшы
шығып қалды. Ал мұнда күн әлi суық. Түрмедегi казармаларға
жеткенше бiразыңның мұрын, құлақтарың үсiп кетпесе болғаны.
Аздан соң адам құлағына жайсыз тиетiн дыбыспен шиқылдап,
вагон есiгi ашылды. Бұрын стансаларда тоқтап,
мiлисалар нан
таратқанда, қарауыл солдаттар онша көп болмайтын. Ал мына
жерде олар өте көп. Елушақты бар-ау. Оған оншақты офицерлердi
қосыңыз. Вагон есiгiнiң тура алдында тұрған офицер бiр
қолындағы
қағазға қарап, сотталушылардың аты-жөнiн атай
бастады. Аты аталғандардың бәрiнiң түгел екенiне көзi жеткен
соң ол бiрдеңе деп айқайлады. Сүлеймендер оның орысшасын
түсiнбегендiктен Микайға қарады. Микай бұлардың көзқарасын
бiрден түсiндi:
— Бiр-бiрлеп түсiңдер деп жатыр.
Вагондағылар түсе бастады. Түскенiн түскендей солдаттар
қолдарын
артына қарата байлап, шанаға мiнгiздi. Сүлеймен
түскенде, қолында қағазы бар жаңағы айқайлаған әскери адам бiр
сәт аңтарылды. Сосын басын бiр шайқады да, жанындағыларға
күбiр еттi. Бойлары Сүлейменнiң иығынан ғана келетiн екеуi
Сүлейменнiң қолын байлап, шанаға отырғызды. Сүлеймен ендi
байқады. Айнала қоршап тұрған қарулы солдаттардан басқа атты
солдаттар да көп екен. Олар анадай жерде қаз-қатар тiзiлiп тұр.
Бәрiн шанаға мiнгiзiп болғанда, аттылы солдаттар жақындап
келiп, көлiктердi қоршай тұрды. Төр-бес шананың әрқайсының
алдына бiр-бiр қарулы солдаттан отырды. Бағанағы әскери адам
“Марш!” деп бұйрық бергенде,
алдында отырған солдаттар
божыны қақты. Шаналар сырғи жөнелдi. Шаналардың жан-жағы
мен соңынан атты солдаттар iлестi.
Суыт жүрген шаналар лезде қалың орманның iшiне кiрдi.
Жаңа вагоннан шыққанда байқамапты, күн шынында аса аязды,
суық екен. Орман iшiне кiргенде соттаушылар қалтырап, бiр-
бiрiне тығылды. Қолдары артына байлаулы олар бiраздан кейiн
тiптi шыдай алмай, қозғалақтай бастады. Бiрақ қылар айла, iстер
амал жоқ. Микай айтқандай, лагерьдегi
казармаға жеткенше
шыдау керек.