328
Сүлеймен қарақшы
кереуеттiң үстiне гүрс етiп соғылып, бiрден ес-түссiз қалды. Қара
Ибанның төртiншi итаршысы мұның мұнша жылдамдығы мен
күштiлiгiне қайран қалып, көзiн жыпылықтата: “Кончай, кончай”
деуге мұршасы әрең жеттi.
Оған ақыра ұмтылғанда, ол ары қарай зып еттi. Қанша
жылдамдық қылса да бәрiбiр, оның шапанының артқы етегiнен
шап берiп ұстады. Анаған жан керек екен, етегiн тартып қалғанда,
шапанын сыпыра шешiп тастап, есiкке қашты.
Сосын “Шеттерiңнен қылғындырып өлтiре салайын!” —
деп орнынан тұра алмай жатқан үшеуге ұмтылды. Өзiне шын
қауiптiң ендi төнгенiн сезген бергi жақтағысы жандәрмен
кереуеттiң астына тығыла беріп еді, аяғынан ұстап берi тартты
да, желкесiнен қойып жiбердi.
Бұл кезде анадай жердегi кереует үстiне құлағаны белiн ұстап
орнынан әзер көтерiле берген. Сүлеймен кереуеттердiң үстiмен
аттап-аттап өтiп, оған жетiп барды.
Анау екi қолын жоғары
көтерiп: “Сдаюсь, сдаюсь”, — деп тiзерлей отыра кеттi. Оның
не айтқанын түсiнбесе де, жеңiлгенiн мойындап тұрғанын бiлдi.
Сол үшiн де қаһарынан қайтып, оны ұрмай, берi бұрылды.
— Осы таяқ жегендерi де жетер. Қой ендi, Сүлеймен, — дедi
Қаппар осы кезде.
Жаңағы орыс екi қолын көтергендi көргенде-ақ, есiн жиып
үлгерген. Казарма iшiндегiлердiң барлығы тым-тырыс күйде
бұған қарап қалыпты. Бәрiнiң жүздерiнде үрей.
— Неменеге үндерiң шықпай қалған бәрiңнiң? Қара Ибан
түгiлi, басқасы келсе де, көресiнi көрсетем! Айда,
мыналарды
жабылып далаға сүйреп тастаңдар! Жүре алса, жетер баратын
жерлерiне. Жүре алмаса қалсын, аязға қатып! — деп айқайлап
бердi. — Сөзiн қазақтар түсiнгенiмен, орыстар түсiнбедi.
Сондықтан болар ешкiм селт еткен жоқ. — Микай, қайдасың?
Әй, қайда кеткенсiң? Түсiндiр сөзiмдi бауырларыңа!
Жауап болмағасын Сүлеймен оны iздеп жан-жаққа қарады.
Бекмырза бiр кереует астына еңкейiп алып, бiреуге: “Шықсайшы,
шық-ей”, — деп отыр.
— Ол пәле кереует астына тығылып алған ба?