344
Сүлеймен қарақшы
ешкiмге “үш дәудi жеңгенiм үшiн түрме бастығы ерте босатып
жiбердi” деп айтушы болма. Осы сөз аузыңнан шықса бiрiншi
— өзiң, екiншi — мен құримын. Заман, заң жаман дегендей...
Саған айтарым, өз елiңе барма. Қазақстанда басқа қалалар көп
қой. Соның бiрiне бар. Ә, айтпақшы, Ташкенттi жақсы бiлесiң
бе? Тура сонда тарт. Тағы да ескертемiн. Аузыңнан артық сөз
шықпасын! Сендей қайсар адам сертке де, сырға да берiк болуы
керек. Ал, қош бол ендi. Күштiлiгiңнiң арқасында Сiбiрдiң дәмiн
көп татпадың. Тағдырыңа рахмет айт. Бiрақ бұдан былай өкiметке
қарсы шығушы болма.
Дәл осылай болады деп, үш ұйықтаса да түсiне кiрмеген
Сүлеймен, мына ұсынысқа не айтарын бiлмей абдырады. Тек:
— Шын айтасың ба, бастық? — деген сөз аузынан әрең шықты.
— Ой, Сүлеймен! Бастық, әрине, шын айтады. Уай,
қандай
жолың болды. Мiне, бақыт, азаттық деген осылай аяқ астынан
келе салады. Ух, қандай қуаныш! — деп Микай түрмеден өзi
босанғандай атып тұрып, мұның қолын алды. — Қап, Құдай менi
сендей күштi қып жаратпапты. Әйтпесе, басекеңнiң көңiлiнен
мен де шығар едiм.
— Бұл әңгiме түрме iшiне тарап кетпеуi үшiн Микай, сен
де Сүлейменмен бiрге бостандыққа шығасың. Екеуiң бiрге
қайтасыңдар.
Бiрақ сен де Верныйға, то есть Алматыға емес,
басқа қалаға кет. Содан соң сен де аузыңа ие бол. Ие болмасаң,
осында қайтып келесiң. Сонда күнiңнiң не болатынын бiлерсiң.
Микай да бастықтың сөзiне сенер-сенбесiн бiлмей, аузы
аңқайып бiраз тұрды:
— Садағаң кетейiн, азамат бастық. Құдайдан кейiнгi рақымды
жан сiз екенсiз, — деп аяғына жармасты. Бастық оның еңкейген
басын итерiп жiбердi. Сөйттi де дереу түсiн жылытты:
— Бiзде жүрек жоқ деп ойлайсыңдар-ау сендер. Бiз де адам
баласымыз. Мiне, көрдiңдер ме? Заңды аяққа басып,
сендерге
рақымшылық жасап отырмын. Ей, конвой, жолға дайындаңдар
мынау екеуiн!
Екi солдат келiп, қолындағы кiсендi шештi. Сүлеймен шығуға
ыңғайланды.
— Рахмет сiзге, бастық. Аман тұрыңыз.
— Өздерiң де аман болыңдар.