326
Сүлеймен қарақшы
байқамайсың да. Әйтпесе дәл қазiр сен туралы әңгiме түрме
iшiнде
гулеп тұр, — дедi Қаппар.
— Қалай ойлайсыңдар? Қара Ибан менi бiрден төбелеске
шақырар ма екен?
— Олай ете қоймас. Саған өзi тиiсуден бұрын, итаршыларының
бiрiн жұмсауы да мүмкiн. Қалай болғанда да, қорықпауың керек.
Әйтпесе итше қорлап, пәле болады.
— Менi итше қорлаймын деп көрсiншi. Қолында өлермiн.
— Жә, сабыр сақта, Сүлеймен. Оның әлi не дейтiнi де белгiсiз
ғой.
Сол күнi кешке Бекмырза айтқандай-ақ,
Қара Ибаннан
шақыртушы келдi. Құлақшындарын баса киген ұзын-ұзын екеу
баракта отырған бұлардың жанына жақындап:
— Сүлеймен деген кiм? — дедi шылымдарын бұрқыратып
тұрып.
— Сенi сұрайды, — дедi Микай реңi қашып.
— Не бiлгiлерi келедi екен? Сұрашы.
Микай Сүлейменнiң сөзiн аударып бердi.
— “Сенi Қара Ибан шақырып жатыр” дейдi.
— Түсiндiр бұл екеуiне. Қара Ибаның керек болса, өзi келсiн.
Мен оны танымаймын да.
— Ойбай, Сүлеймен, тура осылай айтайын ба? Менi де қоса
өлтiрiп қояды ғой, — деп Микайдың жаны қалмады. — Құрысын,
айтпаймын бұлай.
—
Сен айтпасаң, мен-ақ айтайын, — дедi анадай жерде
отырған Қаппар.
Сөйттi де
аналарға бұрылып, Сүлейменнiң сөзiн түсiндiрiп
бердi. Оны естiген анау екеуiнiң көздерi атыздай болды. Содан
соң қолдарын бiресе Сүлейменге, бiресе Қаппарға қарата сiлтей,
тез-тез сөйледi де, бұрылып жүре бердi.
— Не дедi мыналар?
— Не деушi едi. “Қара Иванға тура осы сөзiңдi жеткiзiп
барамыз. Бүгiн түнде басыңды алып кетедi ол” деп кеттi. Ойбай,
шынымен қазiр Қара Иванның өзi келiп қалса не iстеймiз? О,
Құдайым, сақтай көр, — деп Микай алақ-жұлақ еттi.