336
Сүлеймен қарақшы
үнi шықпай, босанбақ ниетпен ананың қолына жармасты. Бiрақ
қарсыласқанын шопақ құрлы көрмеген дәу,
оны көтерiп алды
да, бұған қарай лақтырып жiбердi. Қаңбақша лақтырылған
сорлы Сүлейменге бар денесiмен сарт еттi. Бұл екi қолын
тосып үлгерген. Қағып алуға мұршасы келмедi. Ол сылқ етiп,
қазандағы ыстық сорпаға түсiп кеттi. Артынша жандаусы шығып,
қазаннан секiрiп шығып, қарға аунай бақырып жатты. “Екi түйе
сүйкенсе, ортасында шыбын өледi” дегендей, байғұс бекерден-
бекер сорпаға түсiп, күйiп қалды. Нақақтан-нақақ жазым болған
оны
аяп кетiп, орнынан көтере бергенде, анау бұған таяп келiп,
ошақтың басында жатқан ұзын ожауды ала салды да, Сүлеймендi
қойып жiбердi. Бұл бiр шетке қарай жалтарып үлгердi. Ауа
құшқан ұзын ожау жанына күйiгi батып, жерде бақырып жатқан
әлгi жазғанның иегiне тидi. Оның заматта үнi өштi.
Бостан-босқа ажал құшқан оған қарап, жүрегi езiлiп кеткендей
болды. Оны өлтiрген ананы ендi тiрi қоймастай қаһарланып,
ақырып барып қолындағы ұзын ожауға шап бергенде, дәу кейiн
шегiндi. Алайда қолындағысын ұстап тұруға амалы болмады ма,
әлде Сүлейменнiң жұлқа тартқан ерен күшiне шыдас бермедi ме,
әйтеуiр ожаудан оп-оңай айырылды. Сүлеймен ақырып тұрып,
оның басынан ожаумен салып қалды. Анау мандайына шоқпар
тиген бұқадай екi көзiн жұма, басын шайқап-шайқап тұрды.
Сосын дәу денесiн
екi аяғы ұстап тұра алмай, тiзесi бүгiлiп,
шөге бердi. Сүлеймен ожаумен бастан тағы бiр соқты. Осының
бәрi көздi ашып-жұмғанша уақытта болды. Сүлеймен екiншi рет
ұрғанда, ожаудың жуан сабы сынып түстi. Дәу ақырын шөккен
бурадай, дыбыс шығаруға әлi келмей, әбден аяққа тапталып, мұз
қатқаққа айналған қарға тұмсығымен етпеттей құлады.
Қаумалай тұрғандар осы сәт гу етiстi. Өз серiгiнiң серейгенiн
көрген Қара Иван орнынан ұшып тұрып, үстелдi жұдырығымен
төбелеп, ақырып бердi. Үстел үстiндегi тағамдар жерге
шашылып, тақтай сынып кеттi. Жанында тұрған тағы бiр дәу
оны иығынан ұстай алып, бiрдеңелердi айтты. Сiрә, жұбатқан
болуы керек. Қара Иван оған қарап тұрып, Сүлеймендi нұсқай
дiк-дiк еттi. Жанындағысы
сыртқы киiмiн сыпырып тастап,
ортаға атып шықты. Онысы да әлгiден кем емес. Одан жуандау