Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет163/259
Дата18.05.2022
өлшемі3 Mb.
#457080
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   259
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы
Ең жақын екi серiгiнiң жарамсыз күйде қалғанын көрген Қара 
Иван осы кезде атып тұрды. Тонын шешiп лақтырып жiбердi де, 
қорбаңдап ортаға таяды. 
Тебе конец, чурбан! — деп айқайлап, бiрден шабуылға 
шықты. 
Сүлеймен таудай боп үйiлген қардың жанында тұрған. Қара 
Иван өзiн құлаштай соққанда, еңкейiп қалды. Қара Иванның қолы 
үйiлген қарға қазықтай боп, кiрш қадалды. Осы сәт Сүлеймен 
оның бүйрек тұсынан бiр қойды. Қара Иван екi бүктетiлдi. 
Заматта оны тартып жерге жықты да, ой, соққылады-ай кеп. 
Қара Иван түк қарсылық көрсете алмады. Денесi iрi болғанымен 
қопал екен. Аяқ-қолдарын құры бекерге ербеңдеткеннен басқаға 
қауқары жетпедi. Аздан соң қимылсыз жатты. Ашудан өз-өзiнен 
шығып кеткен Сүлеймен оның талып қалғанын да елемей 
желкесiнен тартып, анадай жердегi дәу ошаққа қарай сүйредi. 
Сол сүйрегеннен сүйреп барып, қара Иванның басын ошақ 
астындағы отқа бiр-ақ апарып тықты. 
Осы кезде жан-жақтағылар бұрынғыдан бетер гуiлдестi. 
Оған елең еткен Сүлеймен болмады. Қара Иванды өлтiрмей 
тынбайтындай оның басын ғана емес, күллi денесiн отқа 
қақтайын дегендей, бiр қолымен ананың белiне жармасып, оны 
отқа итере түстi. 
Жаңа ғана талып қалған Қара Иванның басы ошаққа тығылған 
соң жаны қайта кiрдi ме, жер жара өкiрiп, аяқтарымен жер 
тепкiлей, қазан астынан шығуға талпынды. Жан беру — кiмге 
болса да қиын. Сүлеймен оның басын шоқ үстiнде ұзақ ұстап 
тұрам деп қанша әрекеттенсе де, ол ары-берi тепсiнiп, ақыры 
ошақтан басын суырып алды. Сақалы жанып, бет-аузы аршылған 
шиқандай, қып-қызыл болып күйiп кетiптi. Оның осы адам 
көргiсiздей жүзiн көргенде айналадағылар гу етiстi. Бiрақ бiрде-
бiрi көмекке ұмтылмады. Өкiрiп жатқан Қара Иван қолдарымен 
күйген бетiн жаба бердi де одан бетер ақырып, қолдарын тартып 
алды. Шоққа күйген беттi ұстауға келушi ме едi... Сосын өзiнiң 
осындай күйге түскенiне намыстан жарылардай болды ма, 
әлде, соққы әбден жанына батқанда, соңғы күшiн көрсететiн 
қайсар баһадүрлердей күй кештi ме, әйтеуiр айқайлай көтерiлiп, 


340
Сүлеймен қарақшы
Сүлеймендi бiр ұрып, құлатып түсiрдi. Бұл одан мұншалықты 
жылдамдықты күткен жоқ-ты. 
Қара Иван қалай жылдам ұрса, сондай шапшаңдықпен мұның 
үстiнен басып, төмпештей бастады. Бұл басын қорғалап, бiр 
қолымен оның иегiне жармасты. Күйген иегi шоқтай ыстық екен. 
Жаралы иегiн ұстай алғанда, жарақаты жанына бұрынғыдан да 
бетер батқан Қара Иван “а-а” деп тағы жандаусы шықты. Сөйтiп 
тұрып, қаррсыласын құлақшекеден салып қалды. Сүлеймен 
бағанағыдай тағы ессiз қала жаздады. Бiрақ басын тез-тез 
сiлкiп жiбердi. Қара Иван ошақтан шыққанда кеудесiнде оған 
деген бiр аяныш сезiм оянғандай болған едi, ендi ол жоғалып, 
қаһарына қайта мiндi. Тiстенген күйi құбыжық бейнеге түскен 
Қара Иванның бетiнен аямай соққылады. Күйiктiң әсерiнен 
терiсiне әзер жабысып тұрған оның бетiнiң еттерi мыжғыланып, 
салбырап-салбырап қалды. Тiптi бiр-екi үзiм ет үзiлiп-үзiлiп түстi. 
Алайда оған қарамады. Дереу орнынан көтерiлiп, бiр қолымен 
Қара Иванның желке шашынан, бiр қолымен белiнен ұстады 
да, тағы да ошаққа сүйреледi. Анау сорлы қанша тырбаңдаса 
да, қарсыласуға әлi келмедi. Сүйреленген қабандай мұның 
ырқына көне бердi. Сол сүйрелеген бойда қазан iшiндегi ыстық 
сорпаға тықты. Басы қазанда, белi ошақ жиегiнде қалған Қара 
Иван сорлының мықынын қозғалақтатқаннан басқаға хайласы 
қалмады.
Өлу оңай ма. Екi қолымен өз желкесiн ұстаған Сүлейменнiң 
қолына жармасты. Сонда да түк қыла алмады. Бұл болса, 
екiншi қолымен оның бүйрек, өкпе тұсынан өлгенше ұрды. 
Қатты ашуланғанда жалаң қолының өзi сойылдай болып тиетiн 
Сүлейменнiң соққысына төтеп бере алмаған, әрi сорпа iшiнде 
тұншыққан қара Иван ұзақ шыдамады. Әлден соң ошақ жиегiне 
бүктетiлiп жатқан күйi жантәсiлiм еттi..
Кеудесiн ашу буған Сүлеймен ол өлiп қалды деп, бiрден 
тынышталмады. Қара Иванның басын қазаннан суырып алып, 
өзiн шетке лақтырып тастады да, төр жақта топтанған оның 
жақтастарына шапты. Бiр емес, үш басшысының жеңiлгенiн 
көрген жандайшап тобыр қатары сетiней, жарыла қашты. 
Бiр-бiрiне соғысып, кейбiрi сол жерде-ақ құлап түстi. Құлап 
түскендердiң екеуiн шап берiп, бiр-бiрiне соғып, сылқ еткiздi. 
Одан соң тағы бiреулерiне ұмтылды.


341


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет