Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет167/259
Дата18.05.2022
өлшемі3 Mb.
#457080
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   259
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы
бередi” деп едi өзi. Оларды табуын таптым-ау. Бiрақ әне бiр 
Сыбанқұл дегенi қисайып, жөнiн айтқысы келмейдi.
— Сұрап жүргенiң қайсы Құрақ? Оразкелдi Құрақ емес пе? 
Нақ сол болса, естуiмiзше, оны жөйiт Бекабаның бандылары 
ұрып, мүгедек етiп тастапты. Соққыдан жұлыны зақымданып
саржамбас боп жатып қалғанға ұқсайды.
— Анығы солай ғой, — дедi ортадағы мұртты кiсi. — Денi сау 
болса, жүрер едi күнде осы базарда.
— Бандылар не үшiн ұрыпты?
— Кiм бiледi. Қит етiп, бас көтерген қазақты қоймайды олар.
Сүлейменнiң есiне Құрақтың Қоқанда айтқан әңгiмесi түстi. 
“Сенi өлтiрмесем, Бекаба менi бала-шағаммен қосып қырып 
тастайды. Өзiңдi өлтiрудiң орнына қан iшiсiп, дос болдық. Ендi 
Тәшкенге барған соң өзiм мен бала-шағамды Бекабадан қорғауға 
тырысармын. Жүдә болмаса, бiр өтiрiк айтып, ақталармын 
оның алдында” деген едi. “Жазған, бәрiбiр Бекабаның қаһарына 
ұшыраған екен ғой”.
— Бекаба Құрақтың бала-шағаларына зияндық iстемеп пе 
әйтеуiр? — Отырғандар сұрақтың мәнiсiне түсiнбей, бұған 
сұраулы жүзбен қарасты. Бiрақ бұл Құрақ екеуiнiң арасында 
болған оқиғаны айтпай, әңгiме арнасын басқа жаққа бұрды: 
— Мен Бекаба дегендi көп естiгенмiн. Ол қандай адам өзi? 
Көргендерiң бар ма?
— Оны кiм көрiптi дейсiң. Ұзынқұлақтан бiлуiмiзше, 
Тәшкендегi бандылардың құдайы екен. Ертең көресiң, базар 
қызған кезде оның жандайшаптары осы жерде өрiп кетедi. 
Момын, жуас қазақтардың пұлдарын тартып алып, әлiмжеттiк 
жасайды. Қараман мен Парманқұл сотталып кеткелi берi олар 
тым құтырынып кеттi.
— Қараман, Парманқұл дегендер кiмдер?
— Ә, Тәшкенде осындай қарақшы қазақтар бар едi. Екеуi 
құтырынған сарттар пен таулықтардың сазайын әбден-ақ 
тарттыратын. Жақында мiлисалар екеуiн де ұстап, абақтыға 
қамап қойды. Әттең, ендi солардың орнын басатын бiр батыр 
шықпай жүр.
Егде кiсi осыны айтып, бiр күрсiндi. Осы кезде базар шетiнен 
бiр шу шықты. Отырғандар сол жаққа мойын бұрды. Базардың 
кiре берiсiнде арба жегiлген қос өгiздi жетектеген бiр қазақты 


349
Сүлеймен қарақшы
екi қашғарлық жабылып ұрып жатыр. Арба үстiндегi киiз, киiм-
кешек, арқан секiлдi бұйымдарды басқа бiр қашғарлықтар талап, 
екiншi арбаға тиеп алуда. Базар дарбазасының арғы шетiнен 
шыға келген әлдеқандай жас жiгiт таяқ жеп жатқан қазаққа 
болыспақ едi, анау екеуi жабылып, оны да ұрып тастады. Ол 
екеуiне арба үстiнде тұрған сарттар секiрiп түсiп, қосыла кеттi. 
Қайдан келгенi белгiсiз, қазақтың бiр жас қатыны бажылдап 
келiп, оларды жұла бердi. Бiрақ аналар оны әйел деп аяған жоқ. 
Қосыла сабап, сiлейтiп тастады.
— Мiне, Бекабаның адамдары, — деп қалды отырғандардың 
бiрi.
Таяқ жеген қазақтар үшiн Сүлейменнiң қаны қызып отырған. 
Жiгiттен кейiн сұлап түскен әйелдi көргенде тiстенiп, атып 
тұрды. Нардан секiрiп түстi де, соларға қарай жүгiрдi. Бұл арба 
маңына жеткенде, екi жiгiт әйелдi тепкiлеп жатқан. Ай-шайға 
қарамады. Жетiп барған күйi бiреуiнiң желкесiнен ұстап алып, 
басын арба дөңгелегiне бiр соқты. Екiншiсiн құлаштай соғып 
топырақ құштырды. Жердегi қазақты екiлене тепкiлеп жатқаны 
да, қалай жер қапқанын өзi бiлмей қалды. Тағы бiрiнiң “аһ” деуге 
үнi келмей, бiр серiгiнiң үстiне құлады. Бесiншiсi де солардың 
кебiн кидi.
Осылайша, әп-сәтте бесеуiн жайғап, алтыншысына ұмтылды. 
Онысы сақалы белiне түскен, ұзын бойлы, тарамыс кiсi екен. 
Демнiң арасында жер құшқан өз адамдарына бiр қарап, арбаны 
айнала қашты. Өзі жылдамдау екен. Қос арбаны айнала, зырылдай 
қашып жеткiзбедi. Арбаларды тағы бiр айналып қашты да, 
оның бiреуiнен ұзын бесақаны суырып алды. Бесақаның сабын 
бiр қолтығына қысып, айырын алға қарата қарсы шапты. Сол 
екпiнмен келiп, бесақаны Сүлейменге сұғып алар ма едi, егер бұл 
жылдамдық қылып, қарнына таяп қалған айырға шап бермегенде.
Шап бердi де, айырды шетке тартып жiбердi. Айырдың 
сабынан қатып ұстаған анау екпiнмен Сүлейменнiң кеудесiне 
сақ етiп соғылды. Бұл оның жауырынынан қапсыра құшақтап
мытып-мытып, жерге бiр-ақ ұрды. Өстiп, алтыншы зорлықшыны 
жер құштырып, таяқ жеген қазақтарға бұрылғанда, дарбаза 
жақтан бiреу атпен шауып келдi. Қолындағы ұзын қамшысын ары-


350


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет