360
Сүлеймен қарақшы
— “Парманқұл, Қараман деген қарақшылар бар” деп бағана
базарда да естiген едiм. Олар жайында көбiрек сұрастырып, бiлуге
мүмкiндiк болмады. Бiлсеңдер, олар жайында айтыңдаршы.
— Қараман — мынау Келестегi шанышқылы. Оның iшiндегi
— дархан. Өзi сидиған арық болғанымен қабыландай шапшаң,
жаужүрек кiсi. Титтей қорқуды бiлмейдi. Көздерi — от. Адам
тiктеп қарап болмайды. Естуiмше, жақында ғана оны бүкiл
әулетiмен Арал дей ме, Қарал дей ме, сондағы Барсакелмес деген
жаққа жер аударыпты. Өзi — бидiң баласы. Арғы атасы Тәшкеннiң
үш қақпасын билеген атақты Қошық деген датқа. Қошық
датқалығымен бiрге молдалық iлiмдi де терең игерген кiсi екен.
Соған қарап жұрт оны молда Қошық деп атапты. Ал Парманқұл
— Сырдағы қоңыраттардың құлшығаш руынан. Шiркiн,
нағыз
ер дерсiң оны. Қыры сынбайтын жайпақ төбелi киiз қалпағын
тiкiрейте киiп, қос ауыз мылтығы мен қылышын асынып, кердиiп
базарға кiрiп келгенде, бүкiл сарт қоғадай жапырылып қалатын.
Бiраз болды, оны да өкiмет абақтыға жапқалы. Бiрақ Мамажан
дөкей тұрғанда ол онда ұзақ жата қоймас.
— Мамажан деген де қарақшы ма?
— Жоқ. Ол қарақшылар арасында да,
НКВД адамдары
арасында да аса абыройлы, қадiр-қасиет қонған адам...
— Тоқтай тұршы. Осылардың бәрi жабылып, әлгi не едi, НКБД
болып, Бекабаның бандысын жоя алмай жүргенi несi?
— Бекаба өкiмет пен әлгiндей абыройлы кiсiлерге тиiсе
бермейдi де.. Дегенмен Тәшкендегi
Бекаба мен оған ұқсаған
iрiлi-ұсақты бандылық топты ауыздықтауға өкiметтiң әзiрше әлi
келер емес.
Құрақ пен Андақұл Тәшкендегi тiршiлiк жөнiнде ұзақ айтты.
Тiптi ол әңгiме Андақұл пiсiрген палауды жеп болғанша да
жалғасты. Палауға тойған балалар бөстектердi жайып жiберiп,
қисая-қисая кеттi. Андақұл қайтуға жиналды.
— Ертең сәске мезгiлiнде менi базарда күт.
— Барма десем де, базарға бәрiбiр барасың. Абай болып кел,
Сүлеймен.
Азанда базарға қалай жетудiң
жолын Құрақтан сұрап алған
Сүлеймен, қиқы-жиқы көшелердi кесiп өтiп, “Алай” базарға