366
Сүлеймен қарақшы
— Қане, қолыңды алшы. Үзеңгi тиген жерге мына орамалды
басайын.
Сүлеймен қан аққан басынан қолын алды. Жұрт тағы шу
етiстi. Өйткенi үзеңгi шекенiң үстiн айырып жiберiптi. Мана ғана
шашы тап-тақыр етiп алынған құйқаның етi екi жаққа ырсиып
кетiптi. Қаратай сол жерге орамалды басып тұрып, тағы өкiнiшiн
бiлдiрдi:
— Әттеген-ай, байқай алмағанымызды қарашы.
Сүлейменде үн жоқ. Басы зырқ-зырқ етiп ауырып, көздерi
қайта-қайта тұманданды.
Бiрақ жанына батқан ауруына
қарамастан, iшiн алай-дүлей ашу кернеп, тiстерiн шықырлата
тiстенiп, ары-берi қозғалақтай бердi. Дастархан үстiндегi кесенi
алақанымен жаба ұстап, мытып жiбергенде, ол сынып кеттi.
— Абайла,
қолыңды тiлiп аларсың, — дедi Қаратай оны
жұбататын басқа сөз таппай.
— Бекабаны... Қайсың бiлесiң, Бекабаның қай жерде
отырғанын? Бүкiл жандайшаптарымен қосып, дәл қазiр бауыздап
тастайын.
Шайханадағы жұрт тым-тырыс. Бет-аузын қан жапқан
мынадай дию секiлдi адамнан зәрелерi қалмағандай. Бiреулер
ақырын-ақырын басып, тысқа беттедi.
Қаратай бiр қолындағы
орамалымен Сүлейменнiң жарасын басып тұрып, екiншi
қолымен қалтасынан өз орамалын шығарып, мұның бетiндегi
қанды сүрттi.
— Қаратай, апар деймiн менi Бекабаның ұясына.
— Сабыр ет, бауырым, сабыр ет. Алдымен мына жарақатыңды
жазып алайық.
— Құрысын жарақаты. Бiлсең, кеттiк қазiр!
Қаратай жаңа оның жарақатын
орамалымен басқанда қан
бiраз тиылған едi. Сүлеймен орнынан тұрып кеткенде, қан қайта
сау етiп, аға жөнелдi. Соған қарамай, Сүлеймен далаға атып
шықты. Ашудан, әрi таяқ жегендiктен көзiне түк көрiнбей кеттi
ме, шайхана алдында тұрған кiсiлерге тап берiп, олардың кiм
екендiктерiнде жұмысы болмай, шетiнен ұрып жықты. Бiреулерiн
қаптай
лақтырып, шат-шәлекейлерiн шығарды.