Детективті хикаят Алматы, 2021


Иә, Сүлеймен қаласын-қаламасын, оның өмiрiндегi



Pdf көрінісі
бет169/259
Дата18.05.2022
өлшемі3 Mb.
#457080
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   259
Сүлеймен қарақшы Ересек

...Иә, Сүлеймен қаласын-қаламасын, оның өмiрiндегi 
әр қадамы шытырман, әрi қауiптi жайттарға тап болып 
тұратын. Бәлкiм оның ғұмыр жолы әу баста-ақ солай 
жазылып қойылған да шығар. Бәлкiм ол жиырмасыншы 
ғасырдың отызыншы жылдарындағы қиын-қыстау кезеңде 
өмiр сүргендiктен, үнемi қатерлi iстерге тап болып жүрген 
де болар. Әрине, ол да бейбiт күн кешудi, тыныш та жайлы 
өмiрдi аңсағаны кәдiк. Алайда отыз төрт жасынан кейiнгi 
өмiрi бiр мың тоғыз жүз қырқыншы жылдардың басына дейiн 
күллi Өзбекстанды дiрiлдеткен жөйiттермен алысумен өттi. 
Бұлармен қатар сан соқпақты сергелдеңдi де бастан кештi. 
Қалай десек те, ғұмыры алыс-жұлыспен өткен Сүлейменнiң 
тағдыры ешкiмге ұқсамайтын бөлек-тi.
Жалғыз ат жегiлген қоқанарба Сүлеймендi ауырсынып, базар 
қақпасынан шиқылдай шықты. Әудем жер жүрiп, бiр тар көшеге 
түскен соң Андақұл сөйлей бастады:
— Жаңа сен ұрып жыққан жөйiттер Бекабаға барып, болған 
жайдың бәрiн ендiгi айтып та жатқан болар. Сұм жөйiт ертең, 
ертең емес ау, бүгiн-ақ отыз жiгiтiн сенi iздетуге аттандыруы 
кәдiк. Бiраздан соң олар базарға келiп, ылаң салуы мүмкiн. 
Анада, күз айында Шыршық жақтан келген бiр қазақ осылармен 
саған ұқсап ұстасып қалып, бiр-екеуiн ұрып жыққанымен, 
қалғандарына әлi келмедi. Әлi келмедi деппiн, бiрнешеуi 
жабылып кеттi. Содан оны ұрып-соғып талдырып тастады да, 
арбаға салып алып кеттi. Ертесiне сол жiгiттiң кесiлген басын 
базардың кiре берiсiне iлiп қойыпты. Түнде келiп iлiп кеткен 
де. Сәске мезгiлiнде мiлисалар қаптап келiп, әлгi iлiнген басты 
алып кеткенше, базардағы жұрттың зәре-құты қашып, аһ ұрумен 


354
Сүлеймен қарақшы
болды. Жұрт ол басты кiм кесiп, кiм базар алдына iлiп кеткенiн 
бiлсе де, қорыққанынан мiлисаға айтпады. Ай, оны мiлисалардың 
өзi де бiлмей қалған жоқ. Бiрақ Бекабаның бiр де бiр адамдарын 
қамамады. Керек болса, олардан өздерi қорқады. Қорықпаса, 
тыймай ма пәлелердiң сойқандарын? Тал түсте-ақ базар iшiнде 
талайды пышақтап жүргендердi абақтысына тоғытпайды ма? О, 
Құдай, Тәшкен қайта баяғы гүбiрнәтiр кезiнде тәртiптi едi. Кеңес 
орнағалы берi тiптi бұзылып кеттi.
— Жаңағы айтқан Бекабаң қай жерде тұрады? Ол жайлы 
осыдан бес жыл бұрын Жылғаның қамысты сайында кездескен 
адам етiн жейтiн бiреуден есiтiп едiм. Кейiн Қоқанда жүргенде 
де көп есiттiм. Бәрi оның атын айтқандарымен, қай жерде 
тұратынын, қандай адам екенiн анық бiлмейдi. Сен көрiп пе едiң 
оны?
— Көрген емен. Бiреулердiң айтуынша, ол Бозсудың 
орталығындағы сарқыраманың астындағы үңгiрде тұрады екен. 
Ал бiреулер “Шыланзарда”, кейбiреулерi “Мыңөрiкте” тұрады 
дейдi. Ол жақтың бәрi жөйiттердiң қиқы-жиқы үйлерi. Қай үйде 
екенiн кiм бiлсiн? Ә, айтпақшы, бiз бара жатқан Құрақ оны жақсы 
бiледi. Қазiр өзiң сұрарсың.
— Құрақтың төсекке таңылғанына көп болды ма?
— Қыстың басынан берi шығар.
Арба батпақты көшенi бойлап бiршама жүрген соң Андақұл 
оны оңға бұрды. Бiр-бiрiне жағалай салынған майда тамдарды 
артқа қалдырып, тағы бiраз өткенде Андақұл арбаны тоқтатты.
— Мiне, Құрақтың үйiне де келдiк. Түсейiк.
Өзi Сүлейменнен бұрын түсiп, кiшкене қақпаны ашты да:
— Құрақ! — деп айқайлады.
Бiр бала жүгiрiп келдi.
— Көкеңе айт, қонақтар келдi де.
Әлгi бала “мақұл” деп зып еттi. Аула iшi тар. Там да пәс екен. 
Сүлеймен мен Андақұл кiшкене есiктен еңкейiп дәлiзге ендi. 
Осы жерде аяқтарын шешiп, төргi бөлмеге өттi. Бөлменiң сол 
жағындағы қабырға түбiнде күркiлдей жөтелiп Құрақ жатыр. 
Жоқшылық қой, жастық орнына сабан толтырылған қапшық 


355


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет