358
Сүлеймен қарақшы
— Бұрын-соңды қаншама қатыгездiктi көрсем де, бiреудiң
қатынын тартып алған қаныпезерлiктi көрген жоқ едiм. Қап,
осынысы үшiн
астын кесiп, аузына тығар едiм!
— Iшiм қанша қайнаса да, тұруға дәрмен болмай жатқаным
мынау. Өкiнiштен мың өлiп те жатырмын. Амалым қайсы? Саған
оған жету оңай емес. Бекаба менен кейiн Қоқанға сенi өлтiруге
тағы бiреулердi жiберiптi. Күдiк қылатын бiр нәрсем — солар
Пұсырманқұлға, Дилдаға залалдық қылмады ма екен?
— Мен сол жайын ойламаппын-ай. Қазiр елдегi Балдықыздан
хабар алуға мұршам жоқ. Сенi кездестiрiп,
бiраз пұл тапсам,
Қоқанға барып, Дилданы осында алып келемiн деп едiм. Оның
да амандығы беймәлiм десейшi.
— Жә, менiкi тек күдiк қой.
— Ылайым күдiгiң терiске шыққай.
— Тағы бiр ұмытып жатқаным, Бекабаның сапында Тұрлыбай
деген бiреу жүр. Өзiңдi танитынға ұқсайды. Оны бiлгенiм, менi
үйге әкеп қинағандардың iшiнде ол да болды. “Баяғыда тау
арасында менi суға тастап кеткен Сүлейменнiң досы екенсiң
ғой-ә? Онда кегiм кетiп едi. Сол кектi ендi сенен қайтарам”, —
деп ол басқалардан гөрi көбiрек соққы тигiздi. Сондайды танитын
ба едiң?
— Тұрлыбай дей ме? Ол кiм болды екен? Е, ендi есiме түстi.
Осыдан көп жыл бұрын Құрамадан Елсапаны iздеп таба алмай,
Шыршыққа қайтып келе жатқанымда, мылтық кезенген бiреулер
ұстап алып, екi-үш күн мұздай жертөле-зынданға қамап қойған
едi. Кейiн құтылып, Тұрлыбай деген басшысын аязды түнде
өзенге тоғытып кеткенмiн. Ойпырмай, ол қалай тiрi қалды екен?
Аяз бен судан құтылғанымен түн кезiп, өрiп жүрген қасқырлар
қалай түтiп тастамаған?
—
Ұзын бойлы, суық жүздi, қарасұр, мұртты кiсi ме өзi?
— Солай сияқты-тын.
Құрақ Бекаба мен оның адамдары жайында ұзақ әңгiмеледi.
Бiр уақытта сыртқы қақпаны бiреу дүңкiлдете соқты. Құрақтың
үлкен баласы жүгiрiп далаға шықты да, иығына қап арқалаған
Андақұлды ертiп кiрдi.