430
Сүлеймен қарақшы
— Бiз таулықтардың орындарын алдық. Ендi ол сорлылар
қайда жайғасады?
— Туһ, Сүлеймен, оларға жанашырлық сөз айтпай-ақ қойшы.
Кiм бiзге тиiссiн деген. Ендi қайда жайғасса, онда жайғассын. Өз
обалдары өздерiне. Мүмкiн бәрiн жаңа өздерi бiзге айтқан кiре
берiске жатқызып қоярмыз.
— Шынында, Парманқұл, солай зорлық көрсетемiз бе?..
— Бiздiкi — зәбiр емес. Бiздiкi шайқас үстiндегi — таза жеңiс,
— дедi Кәрiмбек.
Бiр кезде бағанағы “шестерка” келдi.
— Сiздерге жақындауға бола ма? —
дедi ол анадай жерде
тұрып.
— Кел. Ахмад пен Паяз жақтан не хабар бар? — дедi Сүлеймен
дауыстап.
— Ойбай, қожайын, жай сөйлеңiз. Менiң сiздерге не
айтатынымды бөтендер естуге тиiс емес.
— Атың кiм сенiң? — деп сұрады Кәрiмбек.
— Рахматолла.
— Айт әңгiмеңдi. Не көрiп, бiлдiң?
— Айтсам былай: Шурхат осы жерден шыққаннан кейiн тура
Ахмад пен Паязға барды. Бiрақ қастарына жақындай алмадым.
Сондықтан не айтқандарын естiмедiм.
Дегенмен Шурхат
болған оқиғаның бәрiн айтты-ау деймiн. Ахмад ашуланып кетiп,
Шурхатты да, жанындағыларын да ұрып тастады. Ұрып-ұрып
алды да: “Сол қазақтарды ендi мен барып төбелеуге тиiспiн бе?
Өздерiң қатырыңдар. Ертең солардың бiрiнiң басы менiң алдымда
жататын болсын”, — деп айқайлады. Шурхаттар бастарын изеп,
тұра бергендерiнде менi көрiп қоймасын деп сыртқа шығып
кеттiм. Бар көрiп, бiлгенiм — осы.
— Оттапты хайуандар. Бiздiң басымызды кесiп үлгергенше,
өздерiнiң бастары кесiлер.
— Әзiрше ашуланба, Парманқұл.
Бар нәрсенi уақытында
көремiз. Шурхаттар бiзге қайтiп тиiсуге беттей қоймас. Бiрақ
Ахмад пен Паяздың айтқанын орындайтын болса,
олар бiздiң
бiреуiмiзге қапыда бiр зияндық жасап қалуы кәмiл. Сондықтан да