Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет206/259
Дата18.05.2022
өлшемі3 Mb.
#457080
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   259
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы
Оның сойылы тура жауырыныма тидi. Ұруы қатты болмады 
ма, әлде бары сол ма, әйтеуiр соққы аса қатты тимедi. Дегенмен 
сойылдың аты сойыл емес пе, ауырсынып қалдым. Бiрақ ашуым 
қатты қозып кеттi. Айқайлап жiбердiм де, таяғымды олай-бұлай 
сермеп, оған ұмтылдым. Ол пәле де жанкештi екен. Сойылымен 
тура басыма ұруға әрекеттенiп, тiкесiнен ұрды. Мен жалт бердiм. 
Жалшының сойылы ауа құшып, жерге сарт еттi. Осы сәтте оны 
таяқпен бiр пердiм. Сорлы жалп еттi. Бұл кезде Парманқұл тастап 
кеткен менiң қылышымды алып алған болыс: “Екеуiң жабылып, 
осыған түк iстей алмадыңдар-ә, нәлетiлер. Қане, тұрыңдар, тез 
орындарыңнан!” деп ақырып, өзiме шапты. Семiз адам қайбiр 
тез қимылдап оңдырсын. Қорбаңдап келе бергенде, таяқты 
лақтыра жiберiп ұрдым. Таяқ бетiне тидi. Болыс қылышты тастай 
сап, бетiн басып, тұрып қалды. Жүгiрiп бардым да қылышыма 
жармастым. Оны алып үлгергенiм сол едi, жалшының бiрi келiп 
килiктi. Килiккенде, сойылымен менi ұрып қалды. Қас қалғанда, 
сойыл қылыш ұстаған оң қолыма сарт еттi. Жаңағыдай емес, 
бұл жолғы соққы күштi болды. Қолымнан қылышым түсiп кеттi. 
Құдайдың қалай маған көмектескенiн, әрi не ойлағанымды 
бiлмеймiн, қолымның ауырғанына қарамай, жандәрмен болысқа 
атылып барып, бетiн басып тұрған оны құшақтай алдым. 
Құшақтай алдым да, жалшының екiншi рет ұрған соққысына 
болысты тоса қойдым. Осының бәрi көз iлеспес жылдамдықпен 
болғаны соншалық, жалшы сiлтеген сойыл болыстың басына тақ 
еттi. Ол заматта құлап түстi. Оны көрген жалшылар не iстерлерiн 
бiлмей, жан-жақтарына алақ-жұлақ қарап, шарасыз хал кештi. 
Мен еңкейiп қылышымды көтердiм. Екi жалшы сойылдарын 
тастай салып, болысқа да қарамай, қаша жөнелдi. Мен жерде 
ес-түссiз жатқан оның басын шауып кетейiн деп тұрдым да 
райымнан қайттым. Себебi ол қорғансыз, қарусыз жатты. Әйтсе 
де “менiң кегiмнiң белгiсi болып жүрсiн” деп бiр аяғының 
тiрсегiн қиып жiбердiм. Талып жатқан ол осы сәт селк етiп, ес 
жиды, да бақырғандай дыбыс шығарды. Мен қылышыма жұққан 
қанды оның үстiне сүртiп-сүртiп, сай жақтағы байлаулы атыма 
беттедiм…


435
Сүлеймен қарақшы
— Аяғының тiрсегiн қиып жiберсең, бай сорлы кейiн ақсақ 
болып қалған шығар. 
— Сөзiмдi бекер бөлдiң. Мейлi, бөлiп қойдың ғой. Сұрағыңа 
жауап бере салайын. Болыс сол құлағаннан қайта тұрмапты. 
“Сол құлағаннан” дегенiм, жатқан жерiнде өлген емес. Басына 
тиген соққыдан он-он бес күн өз-өзiне келе алмай, жүрiп кетiптi. 
Әйтпесе, тiрсегi қиылғаннан адам өлушi ме едi, тәйiрi.
— Өлгенiн сенен көрген жоқ па?
— Әрине, көрдi. Ағайындары Шымқала мен Тәшкеннен 
қайта-қайта жасауыл шығарып, менi әбден iздетiптi. Ал, мен, ол 
оқиғадан кейiн Жызаққа кетiп қалғам.
— Жызақ та осы Тәшкен сияқты шаһар ма?
— Жызақтың өзi кiшi-гiрiм елдi мекен. Ал оның маңындағы құс 
ұшып жетпес, ат айналып өтпес ұланғайыр даланың бәрiн Жызақ 
жерi дей бередi. Ол жақтың түпкiлiктi халқы — қоңыраттар. 
Мен сол ағайындардың арасында көп жүрдiм. Айтпақшы, сенен 
сұраймын деп үнемi ұмытып кетемiн. Сен Төле бидiң нешiншi 
ұрпағысың?
— Төле бидiң бесiншi әйелiнен Қожамжар, Алдамжар деген 
екеу туған. Алдамжардан тұқым жоқ. Ал Қожамжар Төле бидiң 
шаңырағын ұстаған кiсi. Қожамжардан — Дербiсәлi. Мұратәлi, 
Сүгiр, Дауылбай атты төрт бала. Бұлардың Дербiсәлiсiнен 
тарағандардың көпшiлiгi датқалықты ұстаған атақты кiсiлер 
болған. Бiз Дауылбайдан тараймыз. Одан — Олжабай, Құлжабай, 
Кенжебай атты үш бала. Құлжабайдан — Сұлтан. Сұлтаннан — 
Мәмен, одан — мен. Сонда Төле би менiң алтыншы атам болады. 
Бұдан кейiн екеуi түрме жайындағы әңгiмеге ауысты. Ахмад 
пен Паяздың кiмдер екенiн және олар осы Табақсай түрмесiнiң 
қалай басшысы болып жүргендiктерi жайында әңгiме бөлiстi.
— Мен мұнда алғаш рет жиырма екi жасымда келдiм. Онда 
кеңестiң орнағанына төрт-бес жыл болған. Тәшкен маңындағы 
басмашылардың бәрiнiң тоз-тозы шығып, көп бөлiгi тау асып 
кеткен кез. Мен келгенде, мұнда бұрын сол басмашылардың 
қатарында болған баскесерлер жүдә көп едi. Расул деген 
сондайлардың бiрi осы түрмеге билiгiн жүргiзедi екен. Түрме 
басшылары мен қызыл солдаттар онда жатақханалардағы 


436


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет