Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет205/259
Дата18.05.2022
өлшемі3 Mb.
#457080
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   259
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы
олар мақсаттарына жету үшiн кез келген мүмкiндiктi пайдаланып 
бағады.
— Менiң қауiптенетiнiм, Сүлеймен, түн мезгiлi. Сол үшiн де 
бүгiн, бүгiн ғана емес, алдағы түндерде де сергек ұйықтауымыз 
керек.
— Бұлар кәнiгi баскесерлер. Қанша сергек ұйықтасаң да, 
бауыздап кетудiң бiр амалын табары хақ, — дедi Адамбай 
Парманқұлдың сөзiне қосылмайтынын бiлдiрiп. — Одан да әр 
түнi әрқайсымыз кезектесiп қарауылдыққа тұрайық.
— Е, мұның жөн. Бiз бүгiн Сүлеймен екеумiз қарауыл болайық. 
Басшы әрқашанда тобының мiндетiн бiрiншi атқаруға тиiс қой.
Сүлеймен оны қостағандай ишара бiлдiрдi. 
— Мына Парманқұл бiледi, менi бiреу сөзге айналдырып 
отырмаса, ұйықтап қаламын. Ал, бiр ұйықтасам, Құдай 
салмасын, бiр жерiмдi кесiп әкетсе де, түк бiлмей қатамын. Ал, 
ендi, менi дереу оятып жiберетiн бiр тәсiл бар. Соны сендерге 
айтып қояйын. Ұйықтап жатқанымда алқымымнан сәл қысып 
қалсаңдар болды, атып тұрамын.
Кешке жақын Шурхаттар келiп, орты тұстағы бос орынға 
жайғасты. Олардың бәрiнiң жүздерiнде “қайтсек те сендерден 
кек аламыз” дегендi бiлдiрiп тұрған өшпендiлiктiң табы бар. 
Қазақтарға қарап-қарап қойып, өзара күбiрлесiп жатыр.


432
Сүлеймен қарақшы
II
Бiр уақытта казармаға тексерушi солдаттар кiрiп, 
сотталушыларды түгендеп шықты. Жұмыстарын тындырғасын, 
қабырғаларға iлiнген шырақтарды сөндiрiп шығып кеттi.
— Сен ендi менi әңгiмеге айналдырып жат, — дедi Сүлеймен 
Парманқұлға.
Парманқұл не жайында айтсам екен дегендей бiраз уақыт 
үнсiз жатты.
— Не айтарыңды бiлмесең, өзiм аузыңа әңгiме салып берейiн. 
Анада Тәшкенде бiр кiсiлер сендер туралы бiрдеңе айтып едi. 
Сендер дегенiм — Сыр бойында сенен басқа тағы бiр Парманқұл 
бар екен ғой. Айтушылар сенi — “батыр Парманқұл”, ал оны 
“осал Парманқұл” дедi. Соны есiтiп, “анау Парманқұл не сенiң 
құрдасың, не қастасың шығар” деп ойладым. Өйткенi, халық бiр 
нәрсенiң себебiнсiз аттас адамдарды екi бөлек атаумен атамайды.
— Дұрыс пайымдаған екенсiң. Жұрттың сол Парманқұл 
екеумiздi басқа Парманқұлдардан бөле-жара атауында бiр себеп 
бар. Ел iшiнде Парманқұлдар көп қой. Бiрақ Сыр бойының әмбе 
жұртына бiз екеумiз белгiлi Парманқұлдармыз.
Ол Парманқұл шынында да менiң құрдасым. Өзi сен сияқты 
дәу. Алайда сенен жұқалау. Түсi зәрдей. Қолдары күректей. 
Бұрындары жорыққа бiрлесiп шығатынбыз. Бiрде екеумiзге бiр 
бай қатты қысастық жасады. Бай деп отырғаным — оразгелдi, 
жандардың Әкiмбай деген болысы. Парманқұл екеумiз қысастығы 
үшiн Әкiмбайдан кек алуды ойладық. Дегенмен болысқа жету 
оңай емес. Жанынан үнемi жандайшаптары мен шабармандарын 
тастамайды.
Бiр күнi оның үйiн аңдуға кiрiстiк. Үшiншi күнi болыс 
тоқалының үйiнде жалғыз қонып қалды. Тоқалымен жатқан 
жерiнде бассалуға арландық та, далаға шығатын мезгiлiн күттiк. 
Қас қылғанда, қуығы бекiтiлiп қалды ма, сол түнi болыс далаға 
шықпады. Ал, бiз үйiнiң сыртындағы ағаш түбiнде күтiп жата 
бердiк.
Таң атты. Жалшы-малайлар болыстың малын өрiске айдап, 
тiрлiкке кiрiскен уақытта ол үйден шықты. Үстiнде ақ дамбал, ақ 
көйлек. Зәрi қатты қыстап жiбердi ме, болыс аулағырақ бармай, 


433
Сүлеймен қарақшы
үй артына тұра сап, шаптыра бердi. Сәл кешiксек, ол iсiн бiтiрiп 
iшке кiрiп кетуi мүмкiн. Мен қылышымды қынабынан суырып 
алдым да: “Мә, жүгiрiп барып, мына қылышпен болыстың басын 
шауып таста” — дедiм Парманқұлға. Ол қылышты ала сап, тұра 
жүгiрдi. Оның жүгiрiп келе жатқанын болыс байқап қалды да, 
малайларын шақыра бастады. Өзi сиiп болмаса да, асығыс-
үсiгiс дамбалын кие сап, анадай жердегi арбаға жеттi. Арба 
үстiнде бесақа жатыр екен. Ол соны ала сап, Парманқұлға қарсы 
ұмтылды. Ол бiр жақтан ұмтылғанда, қолдарында сойылдары бар 
екi жалшы екiншi жақтан ұмтылды. Сәл шапшаңдық, болмаса 
батылдық көрсеткенде Парманқұл болысты шауып тастар едi. 
Бiрақ ол қылышын тастай салып, керi қашты. Бәлкiм үш жақтан 
қарсы тұрған аналардан қаймыққан шығар. Бәлкiм кiсi өлтiргiсi 
келмеген шығар. Осыдан кейiн мен оны “осал” деп ат қойып 
едiм, аузым дуалы ма, бiлмеймiн, ел де оны солай атап кеттi.
— Ол шынымен “осал” болса, бұрындары сенiмен қалай 
жорыққа шығып жүрдi?
— Ол осал емес, нағыз қаһарманның өзi. Сол жолы неге 
бұндай қылық көрсеткенiн бiлмеймiн.
— Ол байдан қашып кеттi. Сен кейiн не iстедiң?
— Парманқұл маған қарамай қашып кеткесiн, қарусыз қалған 
мен, анадай жерде жатқан ұзын таяқты алып, олар-ға жүгiрдiм. 
Болыс өзiн аңдыған тағы бiреудiң бар екенiн ойламаса керек. 
Парманқұл қашқасын, өзара жайбарақат сөйлескен олар менi 
көргенде, сасып қалды. “Бiр Парманқұл қашып едi, екiншiсi де 
осы жерде екен ғой. Әйдә, жабылайық бұған үшеулеп”, — деп 
айқайлады.
Шынымды айтсам, сонда “қашып кеткен Парманқұл артына 
бiр бұрылып қараса, оларға жүгiрген менi көрiп, көмекке 
келер” деп ойлағанмын. Ол көрiнбедi. Мен сол жүгiргеннен 
қолдарындағы сойылдарын ары-берi сермеген жалшылармен 
айқасқа түсе кеттiм. Бiрiншi кездескен жалшы сойылын маған 
сiлтей бергенде, таяғымды көлденең тосып қалдым. Сойыл 
таяққа тидi. Ол екiншi рет ұрмаққа әрекеттенгенде, таяқтың 
ұшымен iшiне қойып жiбердiм. Жазған iшiн басып, отыра 
кеттi. Арт жағымнан келген екiншi жалшы менi ұрып үлгердi. 


434


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет