477
Сүлеймен қарақшы
— Сен де болмайтын сұрақты бередi екенсiң, Парманқұл.
Мұның кiмнiң үйi екенiн бiлмеушi ме едi, бұлар. Кiм болса да
бұл жердiң тұрғындары қазақтар ғой. Оларды улатып-шулатып
қоямыз ба?
Сүлейменнiң артынан серiктерi iлестi. Бiрақ бұлар үйдiң
бұрышына
жеткенде, аула жақтан үш жылқы шауып шықты.
Жылқылардың артынан екi басмашы көрiндi. Мұрсат мылтығын
жылдам оқтап, екеуiн екi оқпен жайратып салды.
— Ойпырмай, Мұрсат, мерген екенсiң-ау.
— Уа-а, Сүлеймен, құралайдың көзiн ататын мерген ғой бұл.
— Осыларға қашаннан берi қаным қарайып жүр едi.
Көргенде шыдай алмай кеттiм, — дедi Мұрсат аттан ауып
түскен екi басмашыны аяғымен кезек-кезек түртiп. — Оқты тура
шекелерiнен тигiзген екенмiн.
Сүлеймен үйдi айналып, аула жаққа барды. Есiк алдында бiр
еркек, бiр әйел өлiп жатыр.
— Алда, жазғандар-ай! Бұ
байғұстар осы ауылға былтыр
ғана келген кiсiлер едi. Мына кiсiнiң аты — Оңғарбай. “Сарысу
жақтың ыстысымын” деушi едi, бейшара. Нәлетi басмашылар,
өзiн де, әйелiн де атқан екен ғой.
— Қап, Бейiсқожа. Араша түсуге үлгере алмағанымызды
қарашы.
—
Қойыңдар, бұлай тұра беруге болмас. Басмашылардың
ерттеулi аттарын осында әкеп, панаға байлап қояйық та,
қалғандарын ауыздықтауға әрекеттенейiк.
— Менiң де, жоқ, бәрiмiздiң де ойымыз сол ғой, Парманқұл,
— деген Бейiсқожа ауладағы қораны нұсқады:
— Аттардың барлығын анау қораға қамайық. Басмашыларды
бiр жақты қылсақ, бәрiн қайтадан елге таратып беремiз.
— Мына өлiктердi осылай ашық күйлерiнде
тастап кете
беремiз бе?
— Сүлеймен, оларды жерлеуге қазiр мүмкiндiгiмiздiң жоқ
екенiн бiлесiң. Жаңағы айтқанымыздай, басмашыларды бiр
жақты қылайықшы.
Бесеуi жылқыларды қораға айдап кiргiздi.