Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет243/259
Дата18.05.2022
өлшемі3 Mb.
#457080
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   259
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы
— Әлбетте, әлбетте, таза алтындар, — деп шап еттi Жардақ. 
— Сiздердi алдап нем бар...
— Өшiр үнiңдi! Саған айтып тұрғаным жоқ. Бiрақ маған салса, 
осыны берген сенi өлтiргiм келмей тұр.
— Не айтып тұрсың, Пұсырманқұл? — дедi Сүлеймен. — Осы 
бiр боқ дүние үшiн мұны жазасыз қалдырамыз ба?
Жардақ Сүлейменнiң аяғына жығылды.
— Рақым етсейшi, әкә! Рақым етсейшi! Бар дүниемдi бердiм 
қой.
— Адамның өмiрiн ешқандай дүниемен сатып алуға 
болмайтынын сен, хайуан, бiлмейтiн бе едiң? — деп Сүлеймен 
Жардақты бiр қойды. 
Жардақ тоңқалаң асты.
— Ендi шын өлген шығар.
— Өлмейтiндей етiп ұрдым. Бiраздан кейiн есiн жияды. Мен 
бағана “Жақарды қазiрше тiрi қалдыра тұрайық” деп едiм ғой, 
Парманқұл. Оны мынадай оймен айтқам. Осында түн жарымына 
дейiн отыра тұрайық. Одан соң мына сүмелектi Жақардың үйiне 
ертiп барамыз да екеуiн жекпе-жекке шығарамыз. Төбелесiп бiр-
бiрiн өлтiрсiн.
Содан түн ауа, Жардақты ерткен үшеуi Жақардың үйiне 
келдi. Жақардың төргi бөлмесi кең. Жардақты сонда отырғызып, 
Парманқұл Жақарды сүйретiп әкелдi. Екi қашқарлық бiрiн-
бiрi көргенде қатындарға ұқсап, шақылдасып, ұрсыса жөнелдi. 
Сүлеймендердiң алдында әрқайсысы өзiн ақтап алуға тырысып-
ақ жатыр.
— Шуламаңдар! — дедi Пұсырманқұл. — Қайсыңның — ақ, 
қайсыңның — қара екендiктерiңдi қазiр көремiз. Жардақ сен де, 
Жақар сен де бiлесiңдер. Ақ адамның — iсi де ақ. Ал ақ адамды 
әркез Құдай да жақтайды. Қайсыңның ақ екенiңдi көрейiк. Екеуiң 
жекпе-жекке шығып төбелесiңдер. Өзiн ақпын деген адам, қара 
деп есептеген адамын өлтiрiп тастасын.
Парманқұл екеуiн де байлаудан босатты. Екi қашқарлық ортаға 
атып шықты. Тек жеңсе ғана тiрi қалатындықтарын ойлаған 
екеуi құтырған қораздарша бiр-бiрiне атылды. Неше күннен 
берi қамауда байлаулы жатқан Жақардан әл кетiп қалса керек, 


515
Сүлеймен қарақшы
Жардақ бiр соққанда, тура Сүлейменнiң алдына шалқасынан 
түстi. Сүлеймен қанжарын алдына қойып отырған. Шалқасынан 
түскен Жақар сол қанжарды ала салды да, өзiне тағы ұмтылған 
Жардақтың санына сұғып жiбердi. Жардақ бақырып, кейiн 
шегiндi. Ал Жақар орнынан тез көтерiлiп, ананы бiржолата 
тындыра салайын дегендей, пышақ ұстаған қолын алға соза тұра 
ұмтылды. Жардақ әдiсшiл екен. Ананың пышақ ұстаған қолын 
қағып жiбердi де белiнен ұстап, атып ұрды. Құласа да пышағынан 
айырылмаған Жақар, онысын үстiнде жатқан Жардақтың кеуде 
тұсына кiрш еткiздi. Пышақ кеудесiне қатты кiрмедi ме, Жардақ 
әлсiрей қоймады. Қайта Жақардың қолына жармасып, пышағын 
тартып алып, тамағынан орып-орып тастады. Жақардың шамасы 
бiттi. Жардақ пышақ кiрген кеудесiн ұстай тұрмақшы болып 
едi, тұра алмады. Жаңа жанкештiлiк көрсеткен екен. Жауының 
жанына сұлай кеттi. Сұлай кеткенiмен жатып қалмады. Айқайлап, 
дөңбекши түстi.
— Ойбай, әкәләр? Өлдiм, өлдiм. Көмектесе көрiңдер. 
Сүлеймен үн-түнсiз орнынан көтерiлдi. Екi серiгi де тұрды.
— Алтын мен ақшаны алыңдар! Кеттiк! Мына екеуi қалсын 
осылай. Екi харам бiр-бiрiнiң өлiмiне себепкер болды. Жазықсыз 
адамдарды өлтiрген хайуандардың жазасын Құдай осылай берсе 
керек-тi. Ендiгi кезек — Бекаба мен Жайрандiкi.


516
Сүлеймен қарақшы
VI
1937 жылдың қараша айы. Сүлейменнiң Қоқаннан кетiп
Тәшкен түбiндегi Шыршық қалашығына орналасқанына 
төртiншi жыл. Парманқұл былтыр елiне кеткен. Ол содан әлi 
оралмады. Естуiнше, ол Жетiкөлден бiр әйел алып, сол жерден 
там салып алғанға ұқсайды. Сүлеймен де Шыршықтан там алған. 
Баяғы Қоқанда Жардақ берген алтынның бiр тұяғы мен пұлдың 
бiразын Пұсырманқұлға қалдырып, екеуi Тәшкенге қарай сапар 
шеккен. Тәшкенге келген соң Мамажан дөкейге барып, “Осында 
тұра берсек, бола ма?” деп жөн сұраған-ды. “Тағы бiр-екi жыл 
сыртта жүре тұрғандарыңда болатын едi. Мейлi, қайтып келген 
екенсiңдер, сендерге ендi не дейiн. Екеуiң де туған ауылдарыңа 
әзiрше бара алмайсыңдар. Ал Тәшкенде ашық жүре берулерiң 
де қауiптi. Сол үшiн де шаһар орталығынан сәл алыстау жерге 
кетiңдершi. Бiраз уақыт амалдасаңдар, кейiн Тәшкенде еркiн 
жүре берулерiңе болады”, — деген.
Осыдан кейiн Парманқұл екеуi Шыршықта тұрақтады. 
Қоқаннан олжалап келген ақшаның бiразына там сатып алды. Үш 
жылдай екеуi бiрге тұрды. Бiр күнi Парманқұл, “Елдiң жағдайын 
бiлiп келейiн”, — деп атқа қонды. Содан берi Сүлеймен жалғыз 
тұрып жатыр. Дағарадай тамда жалғыз еркектiң күйi келе ме? 
Сүлеймен Тәшкенге жиi қатынап, сондағы тамыр-таныстарының 
үйлерiнде қонып жүрдi. Осы жолы шаһардағы тамыры Тағайдың 
үйiнде қонақтап жатқанына екi күн болған. Үшiншi күнi сәске 
мезгiлiнде Шыршыққа қайтуға жиналды.
— Рахмет, саған, тамыр. Баяғыда Досалы би: “Бiр күнгi қонақ 
— Құдайы қонақ, екiншi күнгi қонақ — арнайы қонақ, үшiншi 
күнгi қонақ — қылғытпа қонақ” деушi едi. Ендi сол қылғытпа 
қонақ болмай тұрғанда қайтайын. Мен базарды бiр аралап
Шыршықтағы үйге жеткенше кеш те батар.
— Ай, Сүлеймен, — дедi Тағай. — Сен үйiмде қанша күн жатсаң 
да қылғытпа қонақ болмайсың. Бүгiн де қал. Ертең Тәшкенде 
үлкен мейрам өтетiнiн өзiң де бiлесiң. Солдаттар, жұмысшылар 
пәрәд қылып жүредi дейдi. Орталықтағы достастық майданында 
түрлi жарыстар өткiзiлiп, қазақ-өзбектiң әншi-бишiлерi консiрт 
бередi дейдi. Осындай думанды көрмей, Шыршықта жатқанда не 
қыласың? Тiлiмдi алсаң, қал. Ертең көшеге бiрге шығамыз.


517


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет