52
Сүлеймен қарақшы
жерде бiр күндерiн өткiзiп, үшiншi күнi
сапарларын әрi қарай
жалғастырды. Төртiншi күнi азанда Қырыққызды айнала өтiп,
Қасқасу басындағы Досалы жайлауының үстiнен түстi. Сүлеймен
кешелi берi Көбекке: “Нағашы, Досалы би бiзге жылқыдан үлес
беретiн болса, маған мына құлынды биенi алып берiңiз”, — деп
айтып келе жатыр едi. Онысын Көбек те құп көрген. Ендi Досалы
жайлауына жеткен кезде:
— Қазiр Досалының ауылында менiң үлесiм туралы ұмытып
кетпегейсiз, — деп тағы да пысықтап қойды.
— Сенiң құлынды биеге әбден есiң кетiп, айтқан әңгiмем
жайында ұмытып тұрсың-ау деймiн.
Досекең осы жерде отыр
деймiсiң. Бұл жер “Досалы жайлауы” деп аталғанымен, ол
кiсi Сайрамсудың жағасындағы ауылында отырады. Бiз қазiр
жылқыларды оның осындағы малшы жiгiттерiне санап өткiземiз
де, өзiмiз Досалыға кейiн барамыз. Досекең сенiң қалауыңа
“жоқ” дей қоймас.
Мына сөзге қуанып кеттi. Керегетастың
батыс жағындағы
қысы-жазы мал қарап отыратын Досалының жiгiттерiне ұрылар
жылқыларды санап өткiзiп жатқан кезде Сүлеймен бие мен
құлынды байлап, әлекке түстi. Құлынның енесi дәу бие. Оған
қарап: “Енең дәу ғой. Бiрақ атаңның кiм екенiн бiлмесем де,
сен маған лайық жарамды айғыр боларсың”, — деп қайта-қайта
құлынның жалынын сипап мәз болды.
Көбек барымта малдарды Досалы жiгiттерiне өткiзiп болған
соң айтты:
— Аттарыңа қоныңдар. Досекеңнiң ауылына барып бiр-ақ
демалайық.
Ұрылар бiраз жүрiстен соң тау етегiне түстi.
— Нағашы, айтыңызшы. Сiз ғой, жаңағы үйiрдi бiреулерге
санап өткiздiңiз де, өзiңiзге бiр жылқы да алмай, кете бардыңыз.
Мен осыны түсiнбей келе жатырмын.
— Сенiң түсiнбейтiн нәрсең әлi көп. Одан да “Азанда
алдымыздан шығып, бiздi қарсы алған кiмдер едi?”— деп сұрасаң
неттi. Бар ойың бiр құлынды биеде болып, жан-жағыңда не болып
жатқанын ұмытып кеттiң. Қазiр Досалы: “Керегетастың басында
не көрдiң, бала?”— деп сұраса не айтпақсың? Бiрақ әзiрше сенi