Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет25/259
Дата18.05.2022
өлшемі3 Mb.
#457080
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   259
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы
кiнәлауға да болмас. “Қыран қанатын жазудан бұрын, аяғымен 
тебудi үйренедi” дегендей, сен алдымен ұрылардың құпиясынан 
гөрi олардың жасырынатын жерiн бiлiп алғаның жөн. Түн 
жортып, бiр жақтан мал айдап келу екiнiң бiрiнiң қолынан келедi. 
Әрине, қорықпайтын жүректi болса. Бiрақ сол малды қайда 
сiңiру керектiгiн кiм едi, әлгi... екiнiң бiрi дедiм бе, әй, бiлмейдi-
ау. Оны мен де бiлмеймiн. Бiздiң Досекеңнiң ақылдылығы мен 
ептiлiгi де осында ғой. Қанша мал айдап келсең де iзiн бiлдiрмей, 
суға батқан тастай етiп жiбередi-ау, сабаз. Сен азанда малшылар 
бiз айдап әкелген жылқыларды бiр шатқалға айдап кiргiзгенiн 
байқаған ба? Дегенмен ол жер шатқалға кiретiн қақпадай болып 
көрiнгенiмен iшкi жағының бәрiн құз қоршаған ен жайлау. Оған 
бiр үйiр емес, бiрнеше үйiр жылқы сиып, қысы-жазы жайылып 
жүре бередi. Одан шығар қақпа да, оған кiрер қақпа да бiреу-
ақ. Бiр онда емес. Құдай өзi қолмен жасап қойғандай тасқамал 
жайлаулар арғы таулардың iшiнде де көп екен. Алайда оларды 
белгiлi бiреулер болмаса, кез-келген адам бiле бермейдi.
— Кешегi бiз барған Шыршық жақта да, анау қырғыз бен 
Әулиеата жақта да сiз секiлдi баукеспелер көп қой. Солар осы 
“тас қамал жайлауларды” бiлмей ме? Бұлай деуiмнiң мәнiсi — 
өздерi жақтан ұрланған малдарды iздеп келiп, тауып алмай ма 
дегенiм ғой. 
— Атақты баукеспелер қай жердiң болса да ой-шұқырын 
жақсы бiледi. Бiрақ оларда ұрланатын мал жоқ. Ал малы ұрланған 
бiр байға ара түсiп, iз кесiп жатса, оның бұл жерден тiрi кетуi 
екiталай. Алда-жалда iс ушығып бара жатса, ондайды Досекең 
өзi реттейдi. Оған бiздiң араластығымыз болмайды. 
Досалының өзi дәу, әрi шешен кiсi ме?
— Оның қандай адам екенiн қазiр көрерсiң. Ол кiсiнi 
дұшпандары “ұры” деп өсектегенiмен, Құдай оған бақ пен 
дәулеттi қатар берген. Сен секiлдi ол да Төле бидiң ұрпағы. 
Пейiлi кең, қолы жомарт кiсi. Жоқ-жетiмге қарасқыш. Көңiлi 
түскен кiсiге астындағы атын бере салатын мәрт. Досекенiң 
жас кезiнде сиқым Қасымбек датқа бас болып, осы өлкедегi 
төрт Дулаттың игi жақсылары жиналып, Жолан балаларына 
бiр би сайламақ болыпты. Соның алдында ғана Шiнәлi би өлiп, 


54
Сүлеймен қарақшы
Жоландар бiраз уақыт басшысыз қалса керек. Сонда жұрттың бәрi 
жабылып, Жәнәдiлдiң немересi Бәйiрбектi “би болуға лайықты” 
деп шулапты. Сол кезде төрде отырған Қасымбек датқа: “Жә, 
шулай бермей қоя тұрыңдаршы. Ата жолымен қарасақ, Бәйiрбек 
би болуға лайықты-ақ. Оған батамызды берiп, қолына бидiң ақ 
таяғын ұстатайық. Бiрақ менiң көңiлiмде бiр күдiк бар. Бәйiрбектi 
бiз би сайлағанымызбен, зәуiмде ол билiкке ие бола алмайды-ау. 
Билiктi мен мынау екi-үш атадан берi ошағының түтiнi дұрыс 
шықпай келе жатқан Досалыдан көрiп отырмын. Келешекте 
жұртты Бәйiрбек емес, осы өзiне иiрiп әкетпесе, қане”,— деген 
екен.
Бұрынғы даналардың айтқаны қиыс кетпеген ғой. Сол Қасекең 
жарықтықтың айтқаны тура келдi. Бәйiрбек билiктiң шылбырын 
ұстап отырса да, тiзгiндi Досалы алып қойды. Зорлықпен емес, 
ақылмен алды. Айтыспен емес, абыроймен алды. Бұл күнде 
Досалымен санаспайтын адам жоқ.
— Осынша атақ-абыройы бар кiсi қолына ұры ұстайтыны 
несi?
— Мұны түсiнуге ақылың жетпейтiн баласың-ау, әлi, жиен. 
Сен алдымен Досалымен бiраз аралас-құралас болшы. Сонан соң 
мұның мәнiсiн өзiң-ақ түсiнерсiң.
— Жаңағы сiз айтқан Қасымбектi жұрт бiресе “датқа” дейдi. 
Бiресе “болыс” дейдi. Осы болыс пен датқаның айырмашылығы 
не? 
— Ертеректе, орыстардан бұрын бiздi қоқандықтар билептi. 
Сол қоқандықтар шалғайдағы өздерiне қарасты жұрт арасынан 
бiр-бiр өкiл тағайындаған ғой. Ондай өкiлдер хандыққа жиналатын 
алым-салықты, ел арасындағы дау-дамайды, тағы басқа сол 
сияқты iстердi реттеп отырған. Қоқандықтар мұндай кiсiлерге 
датқа деген ат берген. Менiң бала кезiмде бiздiң өлкенi орыстар 
басып алды. Әлi есiмде, бiр ауылға мылтық асынған екi-үш орыс 
келсе, қазақтар қайда тығыларын бiлмей, iнiн таппаған тышқан 
секiлдi жорғалап, жандары қалмайтын. Өздерiн көрiп, онсыз да 
үрейi ұшқан жұртты одан беттер жанын алайық дегендей, әлгi 
жездi мұрт, шикiл сары орыстар ауыл үстiнен мылтық атып, елдi 
улатып-шулатып, мазаққа айналдыратын. Тiптi, онша-мұнша 


55


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет