Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет27/259
Дата18.05.2022
өлшемі3 Mb.
#457080
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   259
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы
— Уағалейкумассалам. Әй, Көбекпiсiң? Қалай, ат-көлiк аман 
жеттiңдер ме? — дедi жаңағы түсi суық кiсi бiрiншi жауап қатып.
Екеуi дастархан шетiне отырды. 
Қымыз құй балдарға, — дедi әлгi кiсi әйелге бұрылып. 
Сосын жүзiн Көбекке бұрды: 
— Мынау қай бала? 
— Өз баламыз ғой. Қожамжардың ұрпағы.
— Қожамжардың ұрпағы дейдi. Бiркөлiктiң етегiн ендеген 
Қаракөк жаныстанмын десейшi. Қожамжардың төрт қатынынан 
он екi бала туылған ғой. Қай баласынансың? Датқа әулетiнен 
емеспiсiң?
— Жоқ. Бұлар Дауылбай балдарынан, — дедi Көбек.
— Кiмнiң баласы? Өзi айтсын да.
— Мәменнiң баласымын.
— Қай Мәмен? Сұлтаннан туған Мәмен бе?
— Иә. 
— Ә, жөн. Үш ата өрбiген Дауылбайдың ұрпақтарының iшiнде 
атан түйеге тартып туған ешқайсысы болмаушы едi. Сiрә, сен 
Төле бабаңа тартқансың-ау. Нағашың қай ел?
— Менiң жиеншарым ғой, биеке. Аты — Сүлеймен, — дедi 
Көбек лепiре сөйлеп Досалының бiрден Сүлейменге көңiлi 
толғанына масаттанғандай.
— Ой, қызталақ. Ат үстiнде мықтылығы болмаса, сенiң 
әулетiңнiң қайсысы мұндай дәу едi. Бұл баланың жасы қаншада? 
Түйе балуандай пiшiмi бар екен. Күреске салып көрейiк те. 
Жүрегi бар бала ма, жоқ бала ма? 
— Денесi қандай болса, жүрегi де сондай мықты. “Әулиетаста” 
қабыланды, Аюқұлағанның сайында қабанды жалаң қолмен 
ұрып алды. Ал жасы он жетiде.
— Пәлi дерсiң. Қабылан мен қабанды жеңгенi былай тұрсын, 
он жетi жасында талай бала атқа мiнуге де жарамай жүр емес пе. 
Құдай тiл-көзден сақтаса, болайын-ақ деп тұрған бала екен де 
бұл, — деп төрде отырған шоқша сақалды кiсi сөзге араласты.
— Болса болсыншы, биеке. Талай уақыттан берi арамыздан бiр 
мықты түйе балуан шықпай, той-жиындардың бәрiнде масқара 
болып жүрмiз. Дәл қазiр Құдай бiзге көкпардан бергенiмен, 


58
Сүлеймен қарақшы
балуандық жағын бермей-ақ қойды. Көбек, сен мұны күреске 
дайында. Жақында Билiкөлдегi Керiмбай болыс үш жүзге сауын 
айтып, немересiне үлкен той бергелi жатыр. Мына жағы — 
Сыр мен Шыршық, мына жағы — Арқа мен Жетiсуден ылғи 
игi жақсылардың бәрi жиналады. Ояздың өзi де қатыспақ. Әр 
елдiң бетке ұстар би-болыстары өздерiмен бiрге бәйге аттарын, 
балуан-шабандоздарын, сал-серiлерiн алып келмекшi. Бәйге мен 
көкпарға дайынбыз ғой. “Балуан жағы қалай болар екен, анау 
Құлажан мен Нұржанға айтсам ба” деп ойлап жүр едiм. Олардың 
күреске жүдә ебi жоқ бiрақ. Осы баланы күреске жақсылап 
тәрбиелейiк те. Арамыздан бiр жақсы балуан шықсын. Мұныма 
қалай қарайсыздар, би, болыс пен төре? Ойламаған жерден Көбек 
алдымызға сау еткiзiп ертiп келген мынадан, қараңыздар, мықты 
балуан шығайын деп тұрған жоқ па?
— Дене тұрқына қарасаң, дүлей күштiң иесi екенi көрiнiп тұр. 
Күрес тәсiлiне бiраз үйрету керек, — дедi Елтай төре.
— Анау Арқа мен Жетiсу жақтан той жиынға келген кiсiлердiң 
арасында балуандар да бiрге жүредi ылғи. Олар балуандарын 
күреске жас кезiнен үйрететiн көрiнедi. Бiздiң елде осы жағы 
түк қолға алынбаған. Өзiңiз айтқандай, балуанды жастайынан 
тәрбиелегенiмiз абзал, — дедi Естемес би. 
— Мәменнен қанша бала бар? — деп сұрады Досалы би ендi 
Сүлейменге бұрылып.
— Үшеумiз. Ең үлкенi — мен.
— Ә, шаңырақ иесi өзiм десейшi. Жетi ата Жоланның 
Жанабайынан өрбiген Досмұраттан туғандардың залымы мен 
болсам, Қожамжар — Дауылбайдан елдегi алымы боп сен туған 
екенсiң. Алымы дегенiм — күштiсi дегенiм ғой. Байқаймын, мына 
отырған Естемес би де, Елтай төре де, Сүгiрәлi болыс та “сенен 
балуан шығады” деп отыр. Көңiлдерi түспесе, бұлай сөйлемес-
тi. Ал, Көбек, маған айтатының болса, мына кiсiлер аттанып 
кеткесiн айтарсың. Мына бала бүгiннен бастап осында қалсын. 
Жатар орны, ас-ауқаты, бәрi өзiмнен. Тойға баратын уақытқа 
дейiн ауылда жүрiп, тас көтерiп, асау үйретiп, дайындалсын. Әй, 
кемпiр, сыртқа шығып, қызметшi жiгiттердiң бiрiн шақыр! Сен, 


59


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет