546
Сүлеймен қарақшы
алыстық. Ақырында қан-жоса етiп, таяқтап тастадым. Екi күннен
соң Алпыстың ортағын ұрғаны және қызды зорлап алып кеткенi
үшiн он жылқы айып төлеп, бiзден әзер құтылды.
— Сiздi Қажымұқанмен белдестi дей ме?..
— Қырық алтыншы жылы Қаратауда жүргенiмде Қажымұқан
Шаянға келiп, өнер көрсетедi екен дегендi есiтiп, арнайы iздеп
бардым. Жарықтық, жетпiс беске келсе де, тұғырдан таймаған
саңлақ екен. Менi белдесуге шақырды.
Жарты сағаттай бiр-
бiрiмiздi ырғасып тұрдық. Ол айтты: “Әттең-ай, жас кезiңде
маған неге кездеспедiң? Мен сенi өзiмнен күштi балуан етер
едiм-ау”, — деп.
Екi күн бiрге болдық. Менiң тау-тас кезген сергелдең өмiрiмдi
есiтiп, құдды бiр туған әкемдей қатты торықты. “Мен өмiр бойы
өзiммен күшi теңдес келетiн қазақ жiгiтiн iздеп таппап едiм.
Сондай жiгiт — сен, тау-тас кезiп, башмашылармен айқасып
жүрiпсiң-ау. Әттең-ай, әттең, екiнiң бiрiне қона бермейтiн бұла
қара күш өзiңдi тапқан-ақ екен-ау. Бiрақ, қап, соны балуандыққа
жұмсағаныңда ғой”, — деп күрсiндi.
— Қанша рет ажалдан қалдыңыз?
— Ой, менi өлтiрем деушiлер көп болды. Мана сен айтқандай,
үнемi бiр әруақтың арқасында аман қалып жүрдiм.
Саған бiр
құпиямды айтайын. Бұрындары басыма аса қатерлi қауiп төнген
кезде көзiме көрiнетiн ақбоз атты, қара киiмдi шал бiр көрiнетiн.
Сол көрiнсе болды, ылғи жеңiске жететiнмiн. Көрiнбегенiне талай
жыл өтiп едi... Бағана осында келе жатқанымда, ол маған тағы
да көрiндi. Сонау Қазы-ғұрттың басынан ұшып шықты да, тура
қарсы алдыма келiп, бiраз тұрды. Сосын аспанға тiк көтерiлiп,
тым биiкке самғап кеттi. Соның кiм екенiн күнi бүгiнге дейiн
түсiне алмадым. Бүгiн көрiнгенде көңiлiм бiрден пәс тартты.
Содан әлi серпiле алмай отырмын.
Оның көңiлiн басқа нәрсеге аударайын деген оймен тағы сұрақ
қойдым:
— Тәшкендегi шайханада молданы сойғаныңызды айтып
берiңiзшi.
— Ол мақтаныш ететiн әңгiме емес. Менде бiр үлкен күнә
болса, сол iсiм маңдайыма аса үлкен күнә болып жазылып қалған