533
Сүлеймен қарақшы
Ойын там ішіне сөйлей кірген біреулер бұзды. Есік
жаққа қарап еді, бес-алты адам кіріп келе жатыр екен. Алдыда
– Қосыл. Оның артындағылардың арасында ұзын бойлы,
кесек денелі біреуі ерек көрінді. Онысының қолында мылтық.
Мылтық болғанда, Сүлеймен баяғыды таудағы басмашылырдың
қолынан талай көрген ағылшынның он патронды винчестері.
Басқаларының белдерінде бір-бір ұзын қанжар ілулі.
Біреуінің
екі қолында екі қап бар. Қосыл сөйлеп келеді:
–Бекабаны өлтіргенмен, мені өлтіре алмаған дәу жатыр,
міне, өлімші боп. Бірақ басымнан қатты ұрғаны соншалық, миым
әліге дейін шашылардай боп, мең-зеңмін. Жайран, енді бұған не
істейміз? Анау төбедегі үлкен қазыққа асып кетеміз бе, жоқ, атып
тастап, тырдай шешіндіріп тастап кетеміз бе? Қайсысы дұрыс?
Жалаңаштап кетсек, өлігі құрт-құмырсқаға оңай жем болады.
–Өлтіру қашпас, – деді ұзын бойлысы. –
Бұған қояр бірер
сауалым бар. Бұл баяғыда біздің жігіттерді құртар кезде «алдымен
бұлардан сауал алып алайын» деп оларды хайуанша қинап, бар
сырларын біліп алады екен. Сол тәсілін өзіне қолданайық та.
Ей, өгіз тектес хайуан, сенің атың Сүлеймен ғой-ә? Баяғыда
Қоқанға саған топырақ
жалатайын деп барғанымда, ол жақтан
кетіп қалғаның себепті аман қалып едің. Ақыры қолды қылдық-
ау, өзіңді.
–Сен кімсің өзің?
–Ажалыңмын! Ертеректе Қоқанда сені таппаған соң
қатының мен балаңды өлтіріп кеткем.
Өзіңнің де бір кезегің
келер деп ойлағам сонда, Сол сәт, міне, келді бүгін. Бірақ мен
сені өлтіруге қимай тұрмын. Ол үшін бір сауалыма нақты жауап
берсең болғаны.
Осы сәтте Сүлейменнің есіне Қоқандағы баяғы Жардақтың
«Сенің қатының мен балаңда бауыздаған Тәшкеннен келген –
Жайран» дегені сап етті. Сап етті де, бар ашуы көтеріліп шыға
келді:
–Ей, сен, қорғансыз, кінәсіз қатыным мен баламды өлтірген
Жайран залымбысың?! Оһ, сұрқия, қайылсыз жерде кездескеніңді
қарашы. Әйтпесе, Бекабадан бетер етер едім.