Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет253/259
Дата18.05.2022
өлшемі3 Mb.
#457080
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   259
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы
–Бекабамен қоса, анау жатқан Жайранға да зауал келді бүгін. 
Әй, Парманқұл, Пархад, енді бейбіт тұрмыс құрып, алаңсыз күн 
кешерміз бәлкім. 
Қуанған Сүлеймен риза кейіппен жігіттерге қарады. Олар да 
күлісіп, мұны құшақтады. Бұл –бір-бірлеріне үнемі демеу болып 
жүретін қаһармен жігіттердің өзара ризашылығы еді...


537
Сүлеймен қарақшы
ЭПИЛОГ ОРНЫНА
Кезең-кезеңге бөлiнiп, сынаптай сырғып өтетiн адам ғұмыры 
бiр орнында тұрмақ емес. Жастық қайрат та, жiгiттiк бұла 
дәурен де жылдар өткен сайын кемiп, қарттыққа жеткенде семерi 
ақиқат. Дегенмен жастығыңда кiм болдың, не атқардың, жақсы 
болдың ба, жаман болдың ба, мейлi, кiм болсаң да сол кезеңде 
сыншы елдiң өзiңе берген атақ-бағасы қария жасқа жеткенiңде 
де қалмайды екен. Мiне, бойына бiткен тасқын күш пен арыстан 
жүректiң, адуынды мiнез бен бетi қайтпайтын қайсарлықтың, 
өзгеге ұқсамайтын дара жаратылыстың арқасында жасында 
есiмiне «қарақшы» деген қоспа атауды iлiктiрiп алған Сүлеймендi 
жасы жетпiске таяса да, ел әлi күнге солай атайды. Бiреулер 
ол атауды сүйiнiшпен айтса, бiреулер күйiнiшпен айтады. 
Сүйiнiшi — ел кейде өзi жақсы көрген қаһарманды қарақшы 
деп ныспылайтындығы. Өйткенi қазақ ұғымында қарақшы деген 
атау бiр жағынан ел қараушысы, елдiң бетке ұстар азаматы деген 
мағынаға да сайған. Осы тұрғыдан алғанда, Сүлеймен қарақшы — 
биiк рухты адам. Бұл оны дәрiптеу емес. Себебi Сүлеймен әр жер-
әр жерде кездесетiн, iс-әрекетi майда-шүйде ұрлық пен тасадан 
оқ ататын, опасыз тiрлiк жасайтын ұсақ ұры-қары мен қанiшердiң 
қатарына жатпаған. Ол ылғи өзi секiлдi мықтылармен алысқан. 
Ал оның заманында ондай мықтылар, баскесерлер, момынға 
күн бермейтiн залымдар, әлсiздi мұқатқанына мәз жауыздар көп 
болған. Сүлеймен соларды тезге салып, орталарында әдiлдiк 
орнатам деп, көп тәлкектi бастан кешкен адам. Ол ғұмыр бойы 
бiр-ақ арманмен өткен — жуас жылап, кедей күңiренбесе, 
кембағал кемсеңдеп, жарлы зарламаса екен деген. Сондықтан 
да ол Тәшкен саудагерлерi мен байбатшаларынан түсiрген дүние 
мүлiктердiң барлығын кедей-жатақ пен кембағалдарға таратып 
берiп отырған. Ал өзiне өле өлгенiнше жалғыз аттан басқа мал 
жинамаған. 
Өткен ғасырдың елуiншi жылдарының аяғына таман өзi 
туылған ауылға келiп орныққанда жақын маңдағы бiр де 
бiр ауылға ұры түспейтiн болған. Бұған себеп — түн кезгiш 
сұғанақ қолды, арам пиғылды ұры-қарылар одан үрейлерi ұша 


538
Сүлеймен қарақшы
қорыққан. Әрi пiр тұтқан. Осыған байланысты олар харам 
ниеттерiмен Сүлеймен маңайына жолай алмаған. Осы үшiн де 
және мәрттiгi мен азаматтығын бағалап, жұрт оны “қарақшы” 
деп сүйiспеншiлiкпен атаған. Ал күйiнiшпен атайтындар...
Әмбе ел бiр адам туралы бiр пiкiрде ешуақытта болмаған. 
Әсiресе “жақсының артынан сөз ередi” дегендей, атағы шыққан 
адам төңiрегiнде қаңқу сөздер көп болады. Адамның шын 
болмыс-бiтiмiне көздерiн жеткiзуге өрелерi жетпейтiн надандар 
бiреудiң бойынан кемшiлiк iздеуге құмар болатыны бар емес пе. 
Сүлейменнiң даңқты iстерiнен гөрi пендешiлiгiн теруге құмбыл 
сондай жетесiздер ғой, тап өздерi одан зардап шеккендей, оны 
бiр құбыжыққа теңеп “күйiнетiндерi”. Бiрақ осы еңбекте баян 
етiлген Сүлейменнiң қам-қарекеттерi ондайлардың аузына құм 
құюға жетерлiк болар деп есептеймiз. 
...Сонымен, бiз осы кiтабымызда Сүлеймен атты 
қаһарманымыздың қырық жасына дейiнгi шым-шытырық 
оқиғалар мен сергелдең жүрiске толы өмiрiн паш еттiк. Ендi 
оның қалған өмiрi қалай өттi деңiз. Менiң көп жылдар басшылық 
қызметте болған Үмбетәлiұлы Дүйсенбек деген жақын туыс 
ағам болатын. Сүлеймен қайтыс болар алдында сол кiсiнiң 
үйiнде болыпты. Дүйсекең сонда Сүлейменмен не жайында 
әңгiмелескенiн маған ауызба-ауыз айтқан едi. Осы әңгiменi толық 
жазып, хикаямызға нүкте қойсақ па деймiн. Қайран, ешқашан 
қамығуды бiлмейтiн құрыш жүректi ер Сүлеймен, сонда қатты 
жасыпты...
— 1967 жылдың қазан айының басы болатын. Мен Ленин 
ауданындағы “Қызылтаң” колхозында бастық едiм. Бiр күнi 
жұмыстан кештетiп үйге келсем жеңгең:
— Сенi бағаналы берi үйде бiр дәу кiсi күтiп отыр. Түрi 
де сұмдық қорқынышты. Ойпырмай, мұндай дәу, әрi сұсты 
кiсiнi ешқашан көрген емеспiн. Өзiң танымасаң, ол маған тiптi 
бейтаныс, — дедi. 
Үйге кiрсем, төрде теңкиiп Сүкең жамбастап жатыр. Менi 
көрген соң қорбаңдап, екi қолымен жер тiрей орнынан тұрды. 
Оны көрмегенiме бiраз болып едi. Қартайып қалыпты. Бiрақ 
баяғы нән денесi со күйi. Мен сәлемiмдi аяқтап үлгергенше:


539


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет