Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет252/259
Дата18.05.2022
өлшемі3 Mb.
#457080
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   259
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы
–Енді өкінгеніңмен ештеңе тындармассың. Одан да, айт! 
Тірі қалғың келе ме?!
Жыны қатты қозғанда басына не түссе де, ештеңенің 
парқына бара бермейтін Сүлеймен осы сәт бойын сабырлыққа 
жеңдірді. Егер қырсыға берсе, мынадай күйде түк те тындыра 
алмайтынын, қайта әп-сәтте ажал құшатыны жайындағы қиял да 
бірдемде санасын шарпып өтті.
–Сонда не қыл дейсің маған?
–Маған Парманқұл мен Пархадты ұстап берсең, өзің 
амансың. 
Өліп кетсе де, досын сатпайтын Сүлейменге мына сауал 
ауыр тиді. 
–Өзімді қандай тәсілмен өлтірсең де, мұның іске аспайтын 
амал.
–Қалауың сол болса, өз обалың өзіңе. Әлгі екеуді сенсіз-
ақ тауып аламын. Айтпақшы, ана дүниге аттанар алдыңда біздің 
қолға қалай түскеніңді білгің келмей ме? – Жайран жауап күтпей, 
сөзін жалғады: – Бақырайған көзіңнен көріп тұрмын, сол жайын 
білгің келіп тұрғанын. Екі күн бұрын Бекабаның үңгіріне барсам, 
сен оны өлтіріп, бар қазынасын алып кетіпсің. Мұны сондағы 
жаралы жөйіттен есіттім. Қосылды алып, арбамен кеткеніңді де 
содан білдім. Сөйтіп, мына жігіттермен дереу соңыңнан түстік. 
Кеткен бағытыңды шамалап келе жатсақ, бір көшеде теңкиіп 
Қосыл жатыр. Әйтеуір өлтіріп кетпепсің. Су құйып есін жинатып 
алдық та, не болғанын сұрадық. Содан артыңнан куайын деп 
оқталып тұрғанымызда жол таппаған сен қайтып келе жатыр 
екенсің. Дереу қулыққа басып, Қосылды жолға жатқызып қойдық 
та, өзіміз тамдардың панасына тығылып тұрдық. Ойыңда ештеңе 
жоқ сен ақымақ Қосылды тұрғызып, сөйлесіп тұрғаныңда ту 
сыртыңнан ұрып, сілейтіп түсірдік. Жалпы, мен жолым болғыш 
адаммын. Біреуді іздесем, түбі таппай қоймаймын. Одан соң 
іздегенімді Құдай қолыма жүдә оңай түсіреді. 
–Тасадан бас алатын жаман әдетіңді жолы болғыштыққа 
санаймысың, кәззап. Әттең-ай, бір кегім сенде кетіп барады. Бірақ 
ақырың оңбас... ол кекті мен алмасам да, сені қалай жазалауды 
Құдайдың өзі-ақ ретін келтірер. 


535
Сүлеймен қарақшы
–Оттай бермеші-ей, әрдеңені! Тап қазір...
Жайран тағы бірдеңе деп аузын аша бергенде гурс еткен 
мылтық даусы шықты. Сүлейменнің қасында жүрелеп отырған 
Жайран жерге жабыса құлады. Мылтық екінші рет атылды. 
Бұ жолы Қосыл жер құшты. Не болғанын түсінбеген басқалар 
жан-жаққа алақтай бас бұрды. Сүлеймен де аң-таң боп, біресе 
құлағандарға, біресе дабырласып, шат-шәлекей болған жөйіттерге 
қарады. Сөйткенше болған жоқ, есіктен төрт-бес адам топырлай 
кірді. Топ алдында қолында мылтығы бар – Пархад, соңында – 
Парманқұл, Тағай және екі жігіт. Пархад кіре сала, мылтығының 
дүмімен сасып тұрған жөйіттерді пергілеп, теңкитіп тастады. 
Парманқұл мен Тағай Сүлейменге таяды:
–Уа, батырым, әйтеуір ажалдан амансың ба?
–Кешігіп қаламыз ба деп жанұшырдық қой, осы жаққа 
қарай. Қараймын, таяқ жегенің болмаса, оқ-шоқ ала қоймапты 
өзіңді, – десті екеуі. 
–Уай, сендер қайдан тап бола қалдыңдар?! – деді Сүлеймен 
таңданысын жасыра алмай. –Уай, Тағай, саған ылғи айтушы 
едім ғой, мені ажалдан әркез Құдайдың өзі қағады деп. Ой, 
айналайындар, қалай іздеп таптыңдар мені?! Сәл кешіккендеріңде 
менен айырылып қалар едіңдер. Уай, мына пәлекет жөйіттер 
мені қайда әкелген? Бұл қай жер өзі?
–Бестамдағы мола ғой, – деді Тағай. –Ал өзіңді қалай тапты 
дерің бар ма. Сенен адасып қалған күні кешке үйге Парманқұл 
мен Пархад келген. Өзің бір күн келмеген соң іздеуге шықтық. 
Көшеге шықсақ, бүкіл Тәшкен сені Бекабаны өлтіріп кеткеніңді 
жыр қып айтып жүр. Ал өзің ұшты-күйлі жоқсың. Бұдан қатты 
секемдендік те, іздеуге кірістік. Мына Парманқұл мен Пархад 
шындаса, таппайтын жоғы қала ма. Бір таныс жөйіттен сені 
Жайранның қолды қылғанын білдік. Сол арқылы ғой, екі күн 
салпаңдап, осында тап болғанымыз. Ай, құрысыншы бәрі. Ең 
тәуірі, аман екенсің. Одан да тәуірі, көксеп жүрген арманың –
Бекабаны жер жастандырыпсың. Енді шаһарда тыныштық 
орнайтын болар. 


536


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет