Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет29/259
Дата18.05.2022
өлшемі3 Mb.
#457080
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   259
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы
кере тартқызды. Белiне арқан байлап, етпеттей жатқызып, атқа 
сүйреттi. Әйтеуiр осы бiр айдың iшiнде iстемегенi жоқ. Тек 
алдынғы күнi ғана жаттығуын тоқтатты. “Дәл осылай тағы бiр 
ай жаттыққаныңда ғой. Амал не, тойға баратын уақыт болып 
қалды. Ендi күресте бағыңа сен”, — дедi Досалы. Ендi сол тойға 
аттанып кетуге қанша асығып тұрса да, би де, келген адамдар да 
асығар емес. 
Сәске мезгiлiнде күнбатыс жақтағы қыр үстiнен тағы бiр топ 
атты көрiндi. Бiр топ аттының алдында екi ат жегiлген тарантас 
зулап келедi. Би үйiнiң алдында тұрған адамдар: “Ордабек, 
Ордабек болыс келе жатыр”, — деп шу ете қалысты. Бiреулер 
биге хабарламақ болып үйге қарай жүгiрдi. Әп-сәтте үй iшiнен 
би бастаған топ сыртқа шықты. Бұлар тобымен есiк алдындағы 
алаңқайға жеткенде тарантас та келдi. Тарантас iшiнде екi адам 
отыр. Бiрi ақ шапан, айырқалпақ киген. Жас шамасы алпыстан 
асып қалғаны көрiнiп тұр. Екiншiсi жез түймелi ұзын күртеше, 
басына орыс тымағын киiп алыпты. Онысы жанындағысына 
қарағанда жастау сияқты. Екеуi де маңғаздана тарантастан түсiп, 
жиылғандарға қарай жүрдi. Көп iшiнен Досалы би бөлiнiп, оларға 
қарсы беттедi. 
Ассалаумағалейкум, болыс-еке! 
Досалыдан соң басқа кiсiлер де келiп екеуiмен жапырлай 
амандасты. Сүлеймен мен Көбек шеткi тамның алдында тұрған. 
— Бұл екеуiнiң Ордабегi қайсысы? Әне бiреуiнiң киiм киiсiнiң 
жөнi бөлек қой. 
— Анау ақ шапанды — Ордабек. Қасындағысы Шымқала оязы 
ұлығының оң қолы — Есенқұлдың Тәжiбайы. 
Би-болыстар сәлемдесiп болғасын әрдеңенi сөйлесiп, бiраз 
тұрды. Бiр кезде топ ортасындағы Досалы бұларға қарап, “берi 
келiңдер” дегендей, қолын бұлғады. Көбек пен Сүлеймен тез-тез 
басып соларға жақындады. 
— Баратындардың бәрi жиылып та қойды. Жүрiп кетуге тек 
сiздердi ғана күтiп отыр едiк, — деп Досалы Ордабекке қарап 
сөйлеп тұр. 
— Ұзын-ырғасы қанша адам болдық? Керiмбай болыстың 
босағасына байлайтын малдың есебi қанша? Бәйгеге қосатын 
аттар мен шабандоз жiгiттер де тегiс жиналды ма? 


63
Сүлеймен қарақшы
— Тойға Қазығұрт жаныстарының атынан екi үйiр жылқы, бес 
тоғыз қара, жүз елу қойды айдатып жiбердiк. Құнан бәйгеге төрт 
құнан, аламан бәйгеге бес сәйгүлiктi дайындадық. Ал көкпаршы 
жiгiттердiң Шаңбайдан басқасының бәрi түгел. Айтпақшы, бұл 
жолы балуанымызды да даярлап алдық. Ол, мiне, алдыңызда тұр.
— Әй, Досалы-ай. Сен қашанда өз қулығыңмен адамның 
алдын орап жүресiң-ау. Мен былтыр бұл балаға “жылқышы 
болсайшы” деп қолқа салып едiм. Жылқы баққысы келмедi 
ме, қайтiп келмедi. Ендi өз қанатыңның астына алыпсың. Жөн. 
Қалай, өзiнен балуан шығатындай ма? 
— Жас болса да күшi сiздiң Шаңбайыңыздан кем емес. Құдай 
қаласа, осы тойда әруағымызды аспанға бiр шығарса, осы 
шығарады деген ойдамын. Өзiн бiр ай бойы баптадық. 
— Жә, оны кейiн көрермiз. “Бап шаппайды, бақ шабады” деген 
бар. Ендi дайын отырсаңдар аттанайық, — дедi Ордабек болыс. 
— Билiкөлге дейiн үш қонып жетсек, тура той басталардан бiр 
күн бұрын, межелi жерде боламыз да. 
— Қонатын ауылдарымыздың бәрiне алдын-ала хабар 
жiберiлген. 
Бүгiн 
Түлкiбастың 
Кемербастауындағы 
шiлменбет Бекен бидiң үйiне түсемiз. Арғы күнi Шақпақтағы 
шаңышқылыларға қонақ боламыз. Одан Жуалыдағы қаңлыларға 
бiр түнесек, әрi қарай Билiкөл таяқ тастам жер.
— Тiгiлетiн үйлердi де жiберiп пе едiңдер?
— Олардың жiберiлгенiне екi күн болды. 
— Ал онда жолға шығайық. Сапарымызды Құдай қолдап
әруақ жар бола көрсiн, — деп Ордабек тарантасқа қарай жүрдi. 
Ордабектiң осыны айтуы мұң екен, лезде Досалы би 
ауылының үстi у-шуға толды. Жүздеген кiсiнiң бiр мезгiлде атқа 
қонуы у-шусыз бола ма? Би-болыстар қызметшiлерiне айқайлап, 
бiр-бiрiне жанаса қалған жылқылар тебiнiсiп, кiсiнесiп, ауыл 
үстi абыр-сабырға толды. Бұрын-соңды мұндайды көрмеген 
Сүлейменнiң кеудесi қызып, көңiлi алып-ұшып, атына секiрiп 
мiндi де, беталды шаба жөнелдi. Жолай атының тартпасын 
тартып тұрған бiр жiгiттi қағып та кеттi.
— Өй, мына бiр атын өңмеңдетiп, алқынып жүрген кiм өзi? 
Өзiн ат үстiнен аударып тастасам ба екен,— дедi қағылған жiгiт. 


64


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет