Диен көмірсутекутері (Aлкадиендер) Диен көмірсутектері − алкадиендер



бет11/12
Дата31.03.2022
өлшемі97.25 Kb.
#456551
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
komyrsutek 555

2. Формуласы С9Н12 сәйкес бензол гомологтары изомерлерінің құрылымдық формуласын жазу.


3. Келесі өзгерістің реакция теңдеулерін жаз:
С6Н12 → С6Н6 → С6Н5 –СН3 → С6Н5 –СООН
4. Ароматты көмірсутек С8Н10 формуласына сәйкес изомерлердің құрылымдық формуласын жаз
(жауабы: 4 изомер)
5. Ароматты көмірсутек С9Н12 формуласына сәйкес изомерлердің құрылымдық формуласын жаз
(жауабы: 8 изомер)
6. Реакция теңдеуін аяқта:
а) С6Н6 + Br2
б) C6H6 + HNO3
в) C6H6 + C2H5 –Cl →
г) C6H6 + H2


7. Реакция теңдеуін жаз:
а) толуолдың хлорлануы
б) толуолдың нитрленуі
в) толуолдың сульфирленуі
г) толуолдың алкилденуі
д) толуолдың гидрленуі
Жаңа сабақты игеру кезеңі:
Спирттер (алкогольдер) ─ құрамында бір немесе бірнеше ─ОН тобы көмірсутек радикалымен байланысқан, көмірсутектер туындылары.

Жалпы формуласы:


R(OH)m

R – көмірсутек радикалы; – ОH – функционалдық топ.


Спирттердің жіктелуі



  1. Көмірсутек радикалы бойынша:

Спирттер



↓ ↓ ↓
қаныққан ароматты қанықпаған
С2Н5ОН С6Н5-СН2ОН СН2═СН─СН2─ОН
этанол бензил спирті пропен-2-ол-1
П. Атомдығы бойынша:

біратомды екіатомды үшатомды


CH3-OH CH2 – CH2 CH2 – CH – CH2
метанол │ │ │ │ │
OH OH OH OH OH
этандиол пропантриол
(этиленгликоль) (глицерин)


Қаныққан біратомды спирттер

Жалпы формуласы: CnH2n+1OH




Гомологтық қатары

Спирт формуласы

халықаралық номенклатура

рационалдық номенклатура

СН3 – ОН

Метанол

Метил спирті

С2Н5 – ОН

Этанол

Этил спирті

С3Н7 – ОН

Пропанол

Пропил спирті

С4Н9 – ОН

Бутанол

Бутил спирті

С5Н11 – ОН

Пентанол

Амил спирті

С6Н13 – ОН

Гексанол

Гексил спирті

С7Н15 – ОН

Гептанол

Гептил спирті

С8Н17 – ОН

Октанол

Октил спирті

С9Н19 – ОН

Нонанол

Нонил спирті

С10Н21 – ОН

Деканол

Децил спирті

Изомериясы және номенклатурасы



  1. Көміртегі тізбегінің (қаңқасының) изомериясы:




C4H9OH

CH3─CH2─CH2─CH2─OH CH3─CH─CH2─OH


н – бутанол-1 │
CH3
2 – метилпропанол – 1


2. Функционалдық топтың орнына байланысты изомерия:



C4H9OH

CH3─CH2─CH2─CH2─OH CH3─CH─CH2─CH3


н – бутанол – 1 │
OH
бутанол – 2

  1. Классаралық изомерия:




C2H6O
CH3─CH2─OH CH3─O─CH3
этанол диметилэфир


Халықаралық номенклатура бойынша
спирттерді атау ережесі



  1. Функционалдық –ОН тобы бар ұзын көміртек тізбегін таңдау;

  2. Гидроксил тобымен байланысқан көміртек атомы жақын жақтан бастап нөмірлейді;

  3. Атау алдында орынбасарлардың орны мен атауын атайды, соңында функционалдық топтың орнын көрсетеді.

Мысалы.
Н3С─СН2─СН─CH3

CH─CH2─CH─CH3
│ │
CH3 OH
4,5 – диметилгептанол – 2 (екіншілей спирт)


Физикалық қасиеттері
СН3 – ОН ……. С11Н23–ОН – сұйық заттар
С12Н25–ОН – қатты заттар
Химиялық қасиеттері

  1. Орын басу реакциялары



1) Гидроксил тобының сутек атомының орнын басу: R – O[H
а) сілтілік металдармен металл алкоголяттарын түзе әрекеттесуі:

2C2H5 – OH + 2Na → 2C2H5 – ONa + H2


натрий этилаты
Сулы ерітінділерде алкоголяттар гидролизденеді:
C2H5ONa + H2O → C2H5OH + NaOH
б) спирттердің органикалық және бейорганикалық қышқылдармен әрекеттесіп, күрделі эфирлерді түзе әрекеттесуі (этерификация реакциясы):
C2H5OH + CH3 – COOH → C2H5 – O – CO – CH3 + H2O


2) Гидроксил тобының орнын басу : R – [OH
a) галогенсутектермен әрекеттесіп, галогеналкандардың түзілуі:
H+, to
C2H5OH + HCl → C2H5 – Cl + H2O
этанол хлорэтан
б) аминдердің түзілуі:
Al2O3
C2H5OH + NH3 → C2H5 ─ NH2 + H2O
t этиламин



  1. Айрылу реакциялары:




  1. Спирттердің дегидратациясы, жай эфирлердің түзілуі(молекулааралық): ROR:

H2SO4
C2H5 – OH + HO – C3H7 → C2H5 – O – C3H7 + H2O
140 этилпропил эфирі
Жоғары температурада су молекуласы спирттің бір молекуласынан айырылады (молекулаішілік):
H2SO4
CH3 – CH – CH3 → CH2═CH─CH3 + H2O
170
б) спиртттердің дегидрленуі :
альдегидтердің (біріншілей спирттердің)түзілуі:
Cu
СН3 – СН2 – СН2 – ОН → CH3 – CH2 – CHO + H2
пропанол – 1 t пропаналь
кетондардың (екіншілей спирттердің)түзілуі:
Cu
CH3 – CH – CH3 → CH3 – C – CH3
t
OH O
пропанол – 2 пропанон (ацетон)
Үшіншілей спирттер дегидрленбейді.


Ш. Тотығу реакциялары:


1. Жануы:
t
C2H5OH + 3O2 → 2CO2↑ + 3H2O + Q



  1. Толық емес тотығуы (KMnO4, K2Cr2O7):

Біріншілей спирттер альдегидтерге дейін тотығады.
Cu
C2H5OH + [O] → CH3 – CHO + H2O
t
Екіншілей спирттер кетондарға дейін тотығады.


Cu
CH3 – CH – CH3 + [O] → CH3 – C – CH3 + H2O
t
O
Үшіншілей спирттер тотықтырғыштарға тұрақты.


Спирттердің алынуы


1. Галогентуындылар гидролизі:
KOH
C4H9Br + H2O → C4H9OH + HBr
2. Алкендер гидратациясы:
H3PO4
H2C═CH2 + H2O → C2H5OH
t
3. Альдегидтер мен кетондардың гидрленуі немесе тотықсыздануы:
Ni
CH3─CH2─CH2─CHO + H2 → CH3─CH2─CH2─CH2─OH

  1. Көмірсулардың ферментті ашуы:

ферменттер
C6H12O6 → 2C2H5OH + 2CO2
глюкоза этанол
Өз бетімен жұмыстар:


1.
а) С ─ С ─ С ─С ─ С б) С ─ С
│ │ │
ОН С ─ С ─ С С─С─С─С─С─С

ОН
в) С г) С ─ С ─ С
│ │
С─С─С─С─С─С─ОН С─С─С─С─С─ОН
│ │ │
C C─C C



  1. Келесі спирттердің құрылымдық формулаларын көрсет:

а) 2–этилгексанол–2
б) 2,2,3,3–тетраметилоктанол–1
в) 3–изопропилпентанол–2
г) 3,3–диметилбутанол–2
д) 3–этилпентанол–3
е) 3,5,5–триметил–4–этилгексанол–3
Екіншілей спирттерді көрсет.



  1. Формуласы С6Н13ОН екіншілей спирттердің және формуласы С7Н15ОН үшіншілей спирттердің құрылымдық формулаларын жаз.




  1. Хлорпропанолдың С3Н6ClOH қанша изомерлі спирттері бар?

Изомерлердің құрылымдық формулаларын жаз. Халықаралық номенклатура бойынша ата.
Жауабы: 5 изомерлер.



  1. Құрамы С5Н11ОН изомерлі спирттердің құрылымдық формулаларын жаз, халықаралық номенклатура бойынша ата.

Жауабы: 8 изомер.



  1. Массасы 25 г пропанол – 1 массасы 6,9 г натрииймен әрекеттескенде қанша масса натрий пропилаты алынады?

Жауабы: 24,6 г.

  1. Зат мөлшері 1 моль пропанол – 2 дегидраттанғанда массасы 37,5 г пропилен алынды. Пропиленнің шығымын анықта.

Жауабы: 89,3%.



  1. Көлемі 4,5 м3 көміртек (П) оксиді көлемі 12,5 м3 сутекпен әрекеттескенде метанол алынады. Нәтижесінде массасы 5,1 кг метанол алынды. Өнімнің шығымын анықтаңдар.

Жауабы: 71,4%



  1. Массасы 30 г қаныққан біратомды спирт СхН2х+1ОН металл натрийдің артық мөлшерімен әрекеттесіп, көлемі 5,6 л (қ.ж.) сутек түзілді. Спирттің формуласын анықта.

Жауабы: С3Н7ОН.


Қаныққан көпатомды спирттер
Сабақтың мақсаты:


Білімділік:
Студенттердің спирттер бойынша білімдерін жүйелеу және
тереңдету. Меңгерген білім дәрежелерін тексеру.
Дамытушылық:
Ауызша сөйлеу дәрежесін, білімдерін өз бетінше дамыту,ғылы-
ми түсініктердің мағынасын түсіндіріп, қолдана білу және қо-
рытынды жасай білу.
Тәрбиелік:
Ғылымға қызығушылыққа,оқуда жетістіктерге ұмтылуына,
жүктелген жұмыстарды жауапкершілікпен атқаруына,
алкоголь ішімдіктерден аулақ жүруге, зиянын білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: сұрақ─жауап, өз бетімен жұмыс істеу,
топпен жұмыс.
Көрнекілігі: электрондық оқулық, тест сұрақтары,
карточкадағы сұрақтар,графопроектор, термопленкадағы
анықтамалар.
Сабақ жоспары:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын сұрау
3. Жаңа сабақты меңгерту
4. Жаңа тақырыпты бекіту
5. Үйге тапсырма



  1. Спирттерге қандай органикалық заттар жатады?

  2. Гидроксил топтарының санына қарай, көмірсутек радикалдарының табиғатына қарай, тізбектегі ОН-тобының орнына қарай спирттер қалай жіктеледі?

  3. Спирттердің халықаралық номенклатурадағы ерекшелігі қандай? Негізгі тізбекті қалай нөмірлеу қажет? Атауда гидроксил тобының орнын, санын қалай көрсету қажет?

  4. Құрамы С4Н10О спирттің изомерлерінің формуласын жаз, аттарын ата.

  5. Формулаларын жаз:

а) 3-метилпентанол-2
б) 3,3 – диметилбутанол – 2
в) 2,3 – диметилпентанол – 1
г) 2 – метилгексанол – 1
д) пропен – 2 – ол – 1


Жаңа сабақты игеру кезеңі:

Молекуласында бірнеше гидроксил тобы болады.


Өкілдері:
Н2С ─ СН2 Н2С ─ СН ─ СН2
│ │ │ │ │
ОН ОН ОН ОН ОН
этандиол – 1,2 пропантриол – 1,2,3
(этиленгликоль) (глицерин)
Екіатомды спирттер – диольдер немесе гликольдер деп аталады.
Үшатомды спирттер – триолдар деп аталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет