19.Ацетиленді зертханада және өнеркәсіпте қалай алады? Сәйкес
реакциялардың теңдеуін жаз.
20. Ацетилен қатарындағы көмірсутектердің физикалық қасиеттері
қалай өзгереді?
21. Алкиндер химиялық қасиеттері бойынша:
а) қаныққан көмірсутектерден;
б) алкендерден
қалай өзгереді?
22. Келесі өзгерістердің реакция теңдеуін жаз:
О
║
СаСО3 → СаС2 → НС≡СН → СН3─С ─ Н
23. Ацетиленді қайда қолданады? Сәйкес реакция теңдеулерін жаз.
Қанықпаған көмірсутектер АЛКЕНДЕР (этилен көмірсутектері немесе олефиндер)
Анықтамасы:
АЛКЕНДЕР – молекуласында бір көміртек-көміртек байланысы бар, және көміртек пен сутек атомдарынан тұратын органикалық ациклді қосылыстар (қанықпаған көмірсутектер).
Жалпы формуласы, номенклатурасы, негізгі өкілдері: CnH2n C2H4 – этен – Н2С═СН2 С3Н6 – пропен – Н2С═СН─СН3 С4Н8 – бутен – 1 Н2С═СН─СН2─СН3 С5Н10 – пентен – 1 Н2С═СН─СН2─СН2─СН3 С6Н12 – гексен – 1 Н2С═СН─СН2─СН2─СН2─СН3 С7Н14 – гептен – 1 Н2С═СН─СН2─СН2─СН2─СН2─СН3 Бір валентті этиленнің радикалы СН2═СН─ винил радикалы деп аталады.
Құрылыс ерекшеліктері: Берілген жағдайда көміртек атомында сыртқы деңгейдегі үш орбиталь – бір s- және екі p-орбитальдар қатысады. Жұптаспаған электроны бар үшінші р-орбиталь өзгермеген күйде қалады.
Гибридтену күйі – sp2-гибридтену Валенттік бұрышы – 120o Байланыс ұзындығы - 0,133 нм