Диен көмірсутекутері (Aлкадиендер) Диен көмірсутектері − алкадиендер



бет8/12
Дата31.03.2022
өлшемі97.25 Kb.
#456551
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
komyrsutek 555

Гибридтену – бір атом орбитальдарының пішіні мен энергиясының өзгеріп, бірдей (гибридтенген)орбитальдар түзуі.
________________________________________________________________
Гибридтенген орбитальдардың пішіні созылған «сегіздікті» еске түсіреді.


Гибридтенудің себебі және физикалық мәні:

  1. Электрондар, тебісу салдарынан, бір-бірінен алшақ орналасуға тырысады.

  2. Берік химиялық байланыс электрон бұлттарының максималды қаптасу мүмкіндігі нәтижесінде құралады және бұл максималды қаптасу гибридтену нәтижесінде жетіледі.



Көміртектің бірінші валенттік күйі
sp3гибридтену
___________________________________________________________
Гибридтенуге қатысатын орбитальдардың түрі мен саны, оның типін анықтайды. Бірінші валенттік күйде гибридтенуге көміртегінің бір s- және үш р- орбитальдары қатысады

  1. Орбитальдардың осьтері бір-бірінен максимал түрде алшақ орналасады. Араларындағы бұрышы валентті бұрыш деп аталады және 109о28' тең.

  2. Химиялық байланыс түзгенде орбитальдардың пішіні басқа атомдардың электрон бұлттарымен максималды қаптасуына мүмкіндік береді.



Мысалы.
Метан (СН4) молекуласындағы көміртек атомы sp3-гибридтенген күйде болады.
Көміртек атомының sp3-гибридтенген орбитальдары сутек атомдарының сфера пішіндес s-орбитальдарымен қаптасады.
Метан молекуласы тетраэдр пішіндес болады.
__________________________________________________________________
Электрон бұлттары атомдарының центрлері арасындағы максималды түрде қаптасу байланысын, сигма (σ)-байланыс деп аталады. Байланысқан атомдардың ядролары центрлерінің арасындағы қашықтығы байланыс ұзындығы деп аталады._____________________________________________
Қаныққан көмірсутектердің атомдарындағы С – Н және С – С-байланыстары σ- байланыстар болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет