9-сыныптар үшін диктант мәтіндері
Балалық шақ
Менің туған жанұям – кәдімгі жанұялардың бірі. Оның басқа жанұялардан ешқандай айырмашылығы жоқ. Әкем кедей шаруадан шыққан. Әкемнің аздаған білімі болатын. Қолы өнерлі еді.Сондықтан ол – ағаш ұстасы, шешем сауыншы болды. Колхозымыз жақсы болып, жұрт дәулетті тұрды. Біздің үйіміз ауылдың шетінде тұратын. Кішкене бақшамызда алма, шие, алша, қарақат өсетін. Үй сыртындағы алаңда балалар асыр салып ойнайтын. Өзімнің үш жасар кезім әлі есімде. Апам Зоя Мамыр мейрамы күні мені мектепке ала барды. Мен орындыққа шығып тұрып,тақпақ айттым. Оқушылар мені мақтап, қол шапалақтады. Содан былай мен мектепке баруды арман еттім. Ағам мен апамдай сабақ оқығым келеді. (96 сөз)
Азия
Көне «Азия» сөзі «шығыс» дегенді білдіреді. Бұл Еуразия материгінің құрамына кіретін дүние бөлігі. Азия мен Еуропаның құрлықтағы шекарасы Орал тауы, Жем мен Маныч өзендері арқылы өтеді.
Азияда халықтың көптігі соншалық Жер бетіндегі әрбір екінші адам сонда тұрады деуге болады.
Азия бүкіл құрлықтың үштен бір бөлігін қамтиды. Төрттен үш бөлігі таулар мен тау үстірттері.
Азияда кең байтақ жазықтар мен когалды ойпаттар да бар, дегенмен, бұл тұтас алғанда, дүниенің теңіз деңгейінен өте биік орналасқан бөлігі.
Азияның орталық бөлігінде Тибет таулы үстірті жатыр. Оның оңтүстігін Жер шарындағы ең биік Гималай тауы көмкерген.(90 сөз)
Тобыл
Тобыл – Қазақстанда Қостанай облысында және Ресейдің Қорған, Түмен облыстары жеріндегі өзен. Осымен аттас Түмен облысында қала, Қостанай облысында поселке және темір жол стансасы бар.
«Тобыл» сөзінің алғашқы мағынасын зерттеу жұмысы бұған дейін болған жоқ.
В.В.Радловтың айтуынша, телеуіт тілінде «Тобыл» сөзі – биік, айбынды мағыналарында көрінсе, қазақ тілінде «тазарту, жарып өту, бұзып өту» ұғымында қолданған.
Бұл өзенге құятын салалар да біршама баршылық. Тасыған кезде суы мол, сондықтан да жолындағы кедергіні бұзып өте береліктей күші бар. Міне, осындай қасиеті үшін «Тобыл» атауы берілген болса керек.
Тобыл өзенінің жағасында қазақтың біртуар ұлдары Ыбырай Алтынсарин мен Бейімбет Майлин туған.(95 сөз)
Бурабай
Бурабай – Көкшетаудағы әдемі көл. Суы тұщы және мөлдір, Көлдің ең терең жерінде мен балықтар айқын көрінеді. Көлдің айналасы – сыңсыған қарағайлы, қайыңды орман. Көкшенің әйгілі шоқылары – «Жұмбақтас», «Оқжетпес» - көлді ерекше көрікті етіп тұрады. Сол себепті де жұрт оны «Қазақстан Швейцариясы» деп те атайды.
Көлде әр түрлі балықтар бар. Бурабай көлінің айналасында көптеген демалыс орындары орналасқан. Ол – таза ауасымен, қымызбен емдейтін курорт. Бурабай табиғатының көркемдігі жөнінен әлем курорттарының ішінде ерекше орын алады.
Бурабай көлі туралы көптеген аңыздар бар. Көкшетаудың, Бурабайдың табиғаты туралы өлеңдер, эсселер, әңгімелер бар. Біз жанұямызбен жылда осы көлдің жағасында демаламыз.(95 сөз)
Орал
Орал – негізі 1613 жылы қаланған қала. Бұдан ерекше жыл бұрын Орал қаласының орны скиф, гот, хун, печент және қыпшақ көшпелі тайпаларының мекені болды. Орал қаласы Саратов-Елек темір жолындағы ірі темір жол стансасы Жайық бойындағы өзен порты және әуежолының торабы.
Орыстар Жайық бойына XV ғасырдың аяғы XVI ғасырдың бас кезінде келе бастады. Олар 1580 жылы Жайық бойымен жоғары көтеріліп, Ноғай хандығының астанасы Сарайышық қаласын талан-таражға салып, Жайық бойына біржола қоныс тепті.
Қазір Орал облыс орталығы. Оралдағы нарықтың басты салалары машина жасау, металл өндіру, құрылыс материалдарын өңдеу, т.б. толып жатқан өндіріс орындары бар. Оралдың мәдени-ағарту ошақтары да заманымызға сай.(96 сөз)
Достарыңызбен бөлісу: |