Диктанттар жинағы (5-9 сыныптарына арналған) Оқу орыс, өзбек, ұйғыр тілдерінде жүретін мектептердегі қазақ тілі Алматы қаласы, «Республикалық 45 minut kz»



бет20/23
Дата07.02.2024
өлшемі205 Kb.
#491085
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
диктант 5-9

Қыс хабаршысы

Қараша – қыстың хабаршысы. Бұл айда суық күшейеді. Су бетіне қабыршық мұз тұра бастайды. Күн қысқарады. Қою қараңғы түн ұзара бастайды. Тау басын қар басады. Қыстың ызғары күшеюге айналады. Қою бұлт қанатын жаяды. Ағаштардың жапырақтары солып, сарғайып жерге түседі. Тек қарағай ғана жап-жасыл. Гүлдер мен шөптер солып жатыр. Оқушылар алғашқы тоқсан қорытындысына әзірленеді. Олар сабақты жақсы үлгіріммен аяқтауға тырысады. Қылышын сүйретіп келе жатқан қыс сезіліп тұрады.


Қараша – алтын күздің соңғы айы. Адамдар енді қысқа дайындала бастады. Азық-түлік даярлап, жылы киімдерін киеді. Біз қыста да, күзді де жақсы көреміз.
Табиғаттың әр мезгілі өзінше көркем және қызық.(98 сөз)
Күз

Тамыз айының аяқ кезінде күн салқындайды. Оны, әсіресе, таңертең ерте сезуге болады. Қыркүйекте кейде жеңіл аяздар да болып қалады. Ертеңгісін шөптер мен үй шатырына қырау түседі.


Дала барған сайын жалаңаштана береді. Гүлдер қурап, шөптер сола бастайды. Ағаштардың жапырақтары түрлі-түсті. Тек қарағай, шыршалар ғана жап-жасыл.
Күздік бидай даланы көркейтіп, барқыттай жайқалтып тұр. Уақытында бәрі де солады. Бірақ күздік егін үсімейді. Ақша қардың астында қауіпсіз көктемге шейін жатады.
Жыл құстары жылы жаққа ұшып кетті.
Күз – жыл мезгілдерінің ең бірі тамаша уақыты. Күзгі табиғат адамның көңіл күйіне де көп әсер етеді.
(К.Д.Ушинскийден) (92 сөз)
Саяхат

Бір күні тауға достарымызбен бірге шықтық. Тау етегі жасыл желекке бөленген. Қызыл, сары гүлдері көзді қызықтырады. Менің көз алдыма әжемнің үйіндегі гүлдер елестегендей болды. Менің әжем гүлдерді жақсы өсіреді, ұнатады. Мен де әжем сияқты барлық гүлдерді ұнатамын. Дала гүлдерін құшағыма толтыра жиып алдым. Маған әлі аз көрінеді. Достарым да гүл терді. Бір кезде бәріміз де шаршадық. Күн ысыды, жел жоқ. Су ішкіміз келді. Кешке қарай қарағай түбіне жиылдық. Қарағайдың бұтақтары жуан. Қайындарға сүйсіне қараймыз.


Ал қызыл гүлдерді алып ауылға қайттық. Тау табиғатының көптеген тамаша, көркем өсімдіктерін көрдік. Келесі демалыста тоғайға барамыз. Демалысымыз көңілді өтетініне сенеміз .
(96 сөз)


Алатау

Алатау бүкіл Орта Азия мен Сібірді тұтас алып жатқан таулардан құралған. Оның шеті Тянь-Шань, екіншісі Алтай тауларына барып ұласады.


Таудың етегі жеміс ағаштары, төңірегі орман, жоталарына өрмелеп қарағай, шырша сияқты қылқанды ағаштар өседі. Алатаудың ең биік өркештерінде қысы – жазы қар жатады. Осы қардан арқыраған өзендер пайда болады. Таудың қойны арқар, таутеке, қарақұйрық, елік сияқты тағы аңдарға толы; барыс сияқты жыртқыш аңдар да кездеседі.
Бір сөзбен айтқанда, Алатаудың табиғаты аса көркем, ерекше. Бір ғана Медеу мұз айдыны қандай сұлу! Бүкіл жерлерді спортшылар мен артистер көріп, тамашалады. Алатаудың етегінде демалыс үйлері бар.
(97 сөз)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет