Тапсырма:
Алғашқы сөйлемдегі зат есім мен етістіктің астын сыз.
Мәтіннің екінші сөйлемінде барыс септігінде тұрған сөздің астын сыз
Бәйге сөзін табыс септігіне қойып, сөйлем құра.
Өзі кінәлі (тақырыптық )
Оспан сабақтан келді. Сөмкесін лақтырып тастады да, үстел үстіндегі тамақты апыл – ғұпыл ішті. Содан кейін ойнауға кетті. Бұл кезде інісі Мұрат тек отырмады. Әуелі Оспанның сөмкесін ала мысықтың мойнына байлап, біраз сүйретті. Сонан соң ішін ақтарды.
Қарындаштарын өзінің қобдиына салды. Кітаптардан үй жасады. Олардың беттерін жыртты. Сөйтіп жүріп сия төгіп алды. Осы сәтте ойына Оспан түсті де, дереу кітаптарын сөмкеге салды. Оспан сөмкесін ертеңгі сабақ үстінде бір-ақ ашты. Тапсырма сонда ғана есіне түсті. (70 сөз).
Тапсырма:
Мәтіннен өткен шақта тұрған етістіктерді теріп жаз.
Ашты сөзін келер шақта көрсет.
Кінәлі сөзіне фонетикалық талдау жаса.
Шекара (бақылау диктанты)
Түн. Біздің елдің шекарасы. Оны шекарашы қас қақпай күзетеді. Шекарашының жанында Арлан деген иті бар. Ол қыбыр етпейді, үрмейді. Тек қараңғыға тесіле қарап, құлағын ғана қозғап қояды. Кенет Арлан елең етіп құлақ түре қалды да, шекарашының шинелінің етегінен тістей тартты. Дұшпан жақындай түсті. Шекарашы Арланды қарғыбауымен бірге босатып жіберді. Ит зымырай жөнелді. Ит шекара бұзушыны бас салды. Шекарашылар да жүгіріп жетті. Арлан тағы алға ұмтылды. Екінші дұшпан қаншама айла жасағанымен, бәрібір құтыла алмады. (70 сөз).
Тапсырма:
Біздің сөзіне сұрақ қой.
Сан есімді тап.
Шекара сөзін септеп жаз.
Ақсақ торғай (тақырыптық )
Ақсақ торғай баланың сөзін түсінгендей аспандай ұшып барып, бір топ торғайларға қосылды да, көзден ғайып болды. Бірақ күнде түс мезгілінде торғайларынан бөлініп, терезенің алдына ұшып келіп, өзіне арнап шашқан жемдерін жеп кетіп жүрді.
Күз болып, суық түсті. Қыс ызғары байқалды. Қара торғайлар жылдағы әдетінше жылы жаққа кетіп жатты. Бір күні таңертең ақсақ торғай күндегі дағдысынша терезе алдына ұщып келді де, тамағын жеді. Айналсоқтап кетпей, көп отырды. Терезені тұмсығымен тырсылдатып, мұңайғандай болып, ұша жөнелді. (71 сөз)
Тапсырма:
Торғай сөзіне фонетикалық талдау жаса.
Екінші сөйлемнен есімдіктің астын сыз.
Соңғы сөйлемдегі күрделі етістіктің астын сыз.
Көкпар (тақырыптық )
Біздің ауылдың жайлауы таудың үстінде. Тау жоталары түйе көшіне ұқсайды. Мұнда биік шатқалдар мен жартастар көп. Малшылар бір-біріне таяу орналасады. Ауылда той да болып тұрады. Сондай тойлардың бірінде көкпар тартылды.
Атқа мінген жігіттер лезде дайын болды. Көкпар қызығын көру үшін ел түгел жиналды.
Жайлау жазық емес, сондықтан аттап басқан сайын өрге шығу керек. Көкпаршылар ат үстінде күш сынасып, көкпарға берілген серкені тартысып жүр. Серкені біреуі жұлып алып, өңгере қашты. Басқалары оны қуып, қайтадан тартыс басталды.
Тапсырма:
Шылауларды теріп жаз.
Үстеулердің астын сыз.
Соңғы сөйлемдегі сөздерді сөз табына талда.
Достарыңызбен бөлісу: |